Тақырыбы: «Ақбас үйрек»
Мақсаты: Ақбас үйрек туралы мәлімет беру, дала құстары мен үй құстарын ажыратуға,қамқорлық жасауға үйрету,халық болжамдары мен мақал- мәтелдер арқылы құстарға деген сүйіспеншілікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Шаттық шеңбер:
Табиғатым тамаша
Көз тоймайды қараса
Табиғатты аялап
Жүрейікші жараса,
Сәлем саған Жер-Ана!
Сәлем саған Нұрлы –Күн!
Аман-есен болайық,
Бейбітшілік қалайық!
Жүргізуші: Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Көктем мезгілі
Жүргізуші:Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Балалар: Қар еріп, жылғалардан су ағады, жасыл шөп шығады, күн ұзарып, түн қысқарады, күннің жылуы артады, бәйшешек гүлдер шығады,ағаштар бүршік атады.т.б.
Жүргізуші:Дұрыс айтасыңдар,біздің көктемге арналған тақпақтарымызда бар
Әлихан: Жерді басты көк кілем
Ондай кілем жоқ білем
Көктем келді күлімдеп
«Міне, саған гүлім»-деп.
Алимдар: Көктем келді бүгін
Күнім төкті нұрын,
Сайрап барлық құстар
Ән салуға құштар
Түрлі-түсті әйбат,
Гүлдер шықты жайнап
Қызыл-жасыл аймақ,
Қырға шықты ойнап.
Айым: Қар еріді, су ақты
Күндер келді шуақты
Байтақ дала келбеті
Түкті кілем сияқты
Көкке бояп өңірді
Бау-бақшада, орманда
Құстар әні төгілді.
Жұлдызай: Көктем келді құлпыртып бай даланы
Сал-самалы сергітіп аймалады
Түлеп түскен тіршілік мың түрленіп
Жаулап алды сұлулық айналаны.
Жүргізуші:Көктемге арналған әнімізде бар, қабыл алыңыздар!
Ән «Көктем»
Жүргізуші:Балалар, біздің айналамызды не қоршап тұр?
Балалар: Табиғат Жер-Ана
Жүргізуші: Сүйейік табиғатты аялайық
Бізде одан жақсылықты аямайық
Анадай табиғаттың аясында
Жадырап жас балаша дем алайық
-Қане, барлығымыз көзімізді жұмып, дем алайық «Табиғат әуені»
Жүргізуші:Ал, барлығымыз көзімізді ашайық, ненің дауысын естідіңдер?
Балалар: Құстардың дауысын
Жүргізуші:Балалар, біз құстар туралы тақпақтар білеміз емес пе? Қане, тақпақтарымызды айтып берейік
Саят: Шыр-шыр еткен торғайды
Қорғамасаң болмайды
Кіп-кішкене торғайлар
Ағаштарды қорғайды
Таспен атып торғайды
Ұя бұзған оңбайды
Құс өкпелеп кетеді
Бақшамызға қонбайды
Балым: Құс ұясын бұзбайық
Жұмыртқасын алмайық
Обалына қалмайық
Тақия тұзақ салмайық
Қарғысына қалмайық
Әдейі көздеп атпайық
Көп күнәға батпайық!
Әлижан: Алды тоғай мекендеп
Ұя жасап беріп ем
Теріп жеді секеңдеп
Тары сеуіп көріп ем
Айзат: Ұя жасап тақтайдан
Талға апарып байладым
Жыл құсының шаттанған
Күттім қашан сайрауын
Сол ұяны талдағы
Қараторғай мекендеп
Күні бойы сайрады
Жайлы пәтер екен деп
Дильназ: Балалық қып қызбайық
Құс ұясын бұзбайық
Құстар біздің досымыз
Құстарда да ана бар
Құстарда да бала бар
Орманға бара жатқандар
Аңшылық дәмін татқандар
Өтінем түгел бәріңе
Көктегі құсты атпаңдар!
Жүргізуші:Балалар, құстар неше түрге бөлінеді?
Балалар: Екіге: дала, үй құстары
Жүргізуші:Үй құстарын атап беріңдерші?
Балалар:Әтеш, тауық, үйрек, қаз, күркетауық.
Жүргізуші:Үй құстарына қандай қамқорлық көрсетеміз?
Балалар: Жем, су береміз.Балапандарын үлкен құстардан қорғаймыз.
Жүргізуші:Олардың тигізетін пайдасы бар ма?
Балалар: Жұмыртқасын аламыз, жүнінен жастық жасаймыз, етін жейміз.
Жүргізуші:Дала құстарын атайықшы?
Балалар:Қарға, сауысқан, көкек, торғай, қара торғай, тоқылдақ т.б.
Жүргізуші:Дала құстарына қандай қамқорлық жасай аламыз?
Балалар: Ұя жасаймыз, нан қоқымын шашамыз.
Жүргізуші:Олардың табиғатқа тигізетін пайдасы бар ма?
Балалар: Құрттардан жойып,ағаштарды қорғайды т.б.
Жүргізуші:Қазір олай болса ойын ойнап жіберейік. Біз дала және үй құстарын ажырата аламыз ғой.Ойынның аты «Дала және үй құстарын ажырат» .
Шарты: Мына суреттегі құстарды қарап ,атап алайық.Үй құстарын үй маңына, дала құстарын ағаш қасына апарып қоямыз.
Жүргізуші:Балалар, бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті дала құсы ақбас үйрекке арналған. Ол биылғы жылдың жыл құсы. Осы үйректің жойылып кету қаупі төнгеннен Қызыл кітабына тіркелген.Үйрек қалың қамыс өскен өзен,көлдерде кездеседі. Ақбас үйректің басындағы қауырсындары ақ түсті болып келетіндіктен оны ақбас үйрек деп атаған.
-Бізде үйректерге арнаған тақпақтарымыз бар
Алина: Үйрегім-ау, үйрегім Кінәлапта не керек?
Келіп жүр ме билегің Жүзгіштігің керемет
Үйге кірмек боласың Суда жарыс болса егер
Бар дегендей үйде кім? Бас бәйгені берер ек
Алтынай: Үйректі жүзуді кім үйретті?
Аулада жүруді ол сиретті
Күн шыққан кезеңде, қашады өзенге
Тереңге сүңгиді, лайсанда жүгіріп, кір болу- мін дейді.
Жүргізуші:Көңілді өскен баламыз
Биде билеп аламыз
Тойымызға сән берер
Үйректер биін қабыл алыңыз-ұлдардың орындауында «Үйректер»биі
Жүргізуші:Ал, балалар қазір өз білімдерімізді тексеру үшін викториналық сұрақтарға жауап берелік
1.Тал басында бір үй бар? (ұя)
2.Хат тасушы құс (көгершін)
3.Ағаш дәрігері (тоқылдақ)
4.Қай құста мүлдем ұя болмайды (көкек)
5.Аң аулайтын құс (бүркіт)
6.Түнде ұшатын құс (үкі)
7.Құста неше тұмсығы бар? (1)
8. Қарғаның түсі қандай? (қара)
9.Қай құс өз атын өзі шақырады? (көкек)
Жүргізуші:Біздің балаларымыз құстар туралы халық болжамдарын және мақал-мәтелдер біледі.
Жанарыс: 1. Шағала келсе сең бұзылады.
2. Жаңбыр жауар кезде, қарғалар у-шу болып топталып ұшады.
Е.Әнел: Жыл құстары қаптап келсе күн жылы болады.
Әнел: 1. Аққу –құстың патшасы.
2. Құстың ұясын бұзба
Дариға: 1. Аққуды атпа, досыңды сатпа
2. Қарға ,қарғаның көзін шұқымас.
Әминә: Тас атқылап торғайды
Қуалауға болмайды
Қамқор болып торғайға
Барлық адам қорғайды
Айман: Көктем келді құстары
Бау-бақшада ән салды
Олардың жас достары
Ұя салып қарсы алды
Жүргізуші:Кезекті ойынға берейік. Ойын «Құстарды дауысынан таны»
Шарты: Үнтаспадан құстардың дауысын естиміз. Оның үй құсы ма, әлде дала құсы ма дауысынан ажыратып, атын атау.
Ерсін: Сәуірде келді құрметті
Дүбірлі думан қырда бір
Қарсы алуға дүрмекті
Қызыл гүлдер де қырда жүр
Би «Көктем гүлдері»