Павлодар облысы Екібастұз қаласы Шиқылдақ ауылы Комсомол жалпы орта білім беретін мектебінің даярлық тобы мұғалімі Адилхан Жанаргул
Білім беру саласы:Таным
Бөлімі:Логика
Сабақтың тақырыбы: Шамаларды салыстыру
Мақсаты: Жуан-жіңішке,кең-тар,кішкентай-үлкен, т.б түсініктерімен таныстыру.
Міндеті: Осы шамалардың айрмашылығын көрсету.Есептерді өздері шығара білуге үйрету.
Білімділігі:Биік-аласа,алыс-жақын түсініктерін бекіту.
Дамытушылығы:Логикалық ойлау зейінін дамыту.
Тәрбиелігі:Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Қ/құралдар:Суретті көрнекіліктер,үлестірмелі материалдар,жолақша, қалам, түрлі-түсті қарындаштар
Билингвальдық компонент:Салыстыру – сравнивание
Өткендерді бекіту
Балалар топқа қараңдаршы айналамыздағы заттар бірдей ме?
-Топтың есігі мен ұйықтайтын бөлме есігін қараңдаршы,бірдей?
-Шкафтар ше?
-Тіпті сендердің бойларыңа қараңдаршы, бәрің бірдейсіңдер ме?
Салыстыру
1.Керіктің бойы қандай, ал есектің ше?
2.Мына жол алыс,екінші жол ше?
3.Мына кітап қалың,екінші кітап ше?
4.Емен жуан,қайың ше? т.б
Жылдам-баяу Кәрі-жас
[pic] [pic]
Себет толы-бос Жиі-сирек
[pic] [pic]
«Не артық?»
[pic]
Сергіту сәті:
Ал, балалар, тұрайық.
Алақанды ұрайық
Оңға қарай иiлiп
Солға қарай иiлiп
Бiр отырып, бiр тұрып,
Бойымызды созайық
Белiмiздi жазайық.
Ойын: «Кім алғыр»
Шарты: 1-20 саны көлемінде +,-,= таңбалары бойынша есептер беріледі балалар ауызша жылдам есептеп, жауабын айту керек.
Құрамын тап
Карточкамен жұмыс
4+10= 7+4= 8+2= 13+3=
15-5= 9-4= 10-5 = 8-2 = 7-5=
Балалар бүгін біз қандай санмен таныстық?
Қандай тапсырмалар орындадық?.Балаларды мақтау