Білім беру саласы: «Таным»
Кіші сала: «ҚМҰҚ»
Тақырыбы: «Күзгі орманға саяхат»
Білімділік мақсаты: 5 көлемінде сандық есептеуге үйрету. Сандарды тура және кері санау, ойлауға, ауызша қосуға және геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын тиянақтап, түстерді ажыратуға қалыптастыру.
Дамытушылық: Балалардың тілін дамыту жұмыстарын жалғастыру.
Тәрбиелік мақсаты: Балаларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа , көмек көрсету, сыйластыққа тәрбиелеу.
Әдіс тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, сергіту сәті, дидактикалық ойындар.
Көрнекі құралдар: жапырақтар, Киюзенер таяқшалары, игравизор, қанқыздары, кірпі
Тәсілдер кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушы
- Балалар, бүгін бізге қонақтар келіпті, қане амандасайық!
-Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын. Ал сендер жұмбақты мұқият тыңдандар.
Бұлттар төніп, жерге төгіліп,
Дымқыл тұман басады.
Шөп сарғайып, өңі тайып,
Дала нұры қашады.
Ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады.
Айтыңдаршы бұл қай жыл мезгілінде болады?
- Дұрыс айтасындар . Ал Сендер, күзгі орманға саяхатқа барғыларын келе ме?
Кане баріміз көлікке мініп күзгі орманға саяхатқа шығайық.
/ көліктің дыбысы. ... Балалар саяхатқа шығады/
Балалар келген қонақтармен амандасады.
Балалар қуана келіседі.
Іздену-ұйымдастырушы
-Балалар, міне біз күзгі орманға келдік. Біз көлікпен орман ішіне кіре алмаймыз. Сондықтан көліктерді орманның бергі шетіндегі көліктер тұрағына енгізейік. Ол үшін сендер 2 баладан бірігіп қолдарындағы көліктін сандарын ауызша қосып гараждың төбесіндегі санмен тенестіріп қоюларын қажет. Тапсырма түсінікті ме?
Ал балалар қане орманның ішіне кірелік. / орманда жапырақтар шашылып жатады. /
-Балалар жерде нелер шашылып жатыр. ?
- Жапырақтар неден түскен, түстері бірдей ме?
-Қандай түсті жапырақ үлкен?
- Ал сары, қана сары түсті жапырақтар?/
Жәндіктердің дыбысы естіледі.
Балалар бұл ненің дыбысы.?
-Балалар, байқадындар ма, қанқыздарының арқасында нүктелері жоқ екен. Қанқыздарының арқасындағы нүктелерін қолымыздағы жапырақтардың санына сәйкес жапсырайық. /Тапсырманы орындаған соң балалар қанқыздарын жылыту үшін қолдарындағы жапырақтармен жабады./
- Балалар, қанқыздары сияқты ұшып қонайық.
Балалар, кірпі өзіне қысқы азыққа себетіне әртүрлі алмалар жинапты Қане алманы түстеріне қарай қанша екенін санап, белгілейік.
Игравизормен жұмыс
/ көк түсті алмалар, сары түсті алма, қызыл түсті алмалардын санын төмендегі сандарға сызып қосады./ /Алманың түстеріне тоқталады. 1-5
аралығындағы сандарды тура және кері санайды./
Үнтаспадан кірпінін дыбысы тыңдалып, балалар кірпінің жүрісін салады.
Балалар, күз ханшайымы жылы жаққа әлі кеткен жоқ. Ол ормандағы жапырақтарды жамылып жылынып жүр. Күз ханшайымына тонып қалмас үшін үй құрастырып кетейік.
/Пішіндерге тоқталу/
- Балалар, біздің топқа қайтатын уақытымыз болды. Күз ханшайымы күзгі жапырақтардың астында ұйықтап жатқан болар. Біз оны күтпей тобымызға барайық. Сендердің құрастырған үйлеріне оянған соң кіріп жылынады
/
/
Күзгі желдің дыбысы/ Балалар ,. желмен
ұшқан күзгі жапырақтарды бейнелеп орман шетіндегі көліктер тұрағына барады. Көлікке отырып топқа оралады./
Балалар тапсырманы қызыға орындайды.
-Жерде шашылып жақан жапырақтар.
-Жапырақтар ағаштьан түскен.Түстері әртүрлі
- Жапырақтың түстері
қана сары, қызыл, сары.-Қызыл түсті жапырақ үлкен.
–Сары, қана сары түсті жапырақтар бірдей.
түсті жапырақтардың көлемі бірдей
- Бұл қанқыздарының дыбысы.
Балалар, тапсырманы қызыға, қуанып орындайды. /Тапсырманы орындаған соң балалар қанқыздарын жылыту үшін қолдарындағы жапырақтармен жабады./
Балалар қанқызы сияқы ұшып, қонады.
Игравизормен жұмыс
/ көк түсті алмалар, сары түсті алма, қызыл түсті алмалардын санын төмендегі сандарға сызып қосады./
Алманың түстеріне тоқталады. 1-5 аралығындағы сандарды
тура және кері санайды./
Үнтаспадан кірпінін дыбысы тыңдалып, балалар кірпінің жүрісін салады.
Балалар қуана келіседі.
/ Киюзенер таяқшаларынан үй құрастырады./
Үйдің есігі, терезесі, шатыры қай пішінге ұқсайтының айтады.
Күзгі желдің дыбысы
Балалар ,. желмен ұшқан
күзгі жапырақтарды бейнелеп орман шетіндегі көліктер тұрағына барады. Көлікке отырып топқа оралады./
Рефлексивті – коррекциялаушы
Ұйымдасқан ашық оқу қызметіне атсалысқан балаларды мадақтау.
-Бүгінгі оқу қызметінде орманға бардық.
-Орманда әртүрлі жапырақтарды, қанқызын, кірпіні көрдік.
Ұйымдасқан ашық оқу қызметіне атсалысқан балалар мадақталады.
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: 5 көлемінде сандық есептеуді.
Түсінеді: Сандарды тура және кері санауды. Түстерді ажыратуды түсінеді.
Қолданады: Қойылған сұрақтарға толық жауап беруді.