Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: В дыбысы және әрпі.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты:
1) Білімділік: В дыбысының айтылу ерекшелігін байқату, в дыбысы бар сөздердің орыс тілінен енгендігін аңғарту, в әріпі бар сөздердің мағынасын түсіндіріп, оларды дұрыс жазуға үйрету, в дыбысы туралы алған білімдерін кеңейту.
2) Дамытушылығы: Балалардың ойлау, есте сақтау, қиялдау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын арттыру
3) Дағдылық: Балаларды в әріпі бар сөздерді дұрыс айтуға және қатесіз жазуға машықтандыру
4) Тәрбиелік: Оқушыларды тапқырлыққа, өзара сыйластыққа, саналылыққа баулу, ұйымшылдық пен еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Сюжетті суреттер,әліппе дәптер, аквариум суреті, интерактивті тақта, электронды оқулық, үлестірмелі қағаздар.
Әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгіме, ойын, топтық жұмыс
Типі: Білім бекіту
Түрі: Саяхат сабақ
Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту, денешынықтыру, бейнелеу өнері,айнала қоршаған орта.
Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Қызығушылығын ояту.
Шынықтырып денені,
Тісін жуып, тазалап.
Мектебіне барады,
Міне,нағыз азамат
ІІ. Өткен сабақты сұрау.
- Балалар ,қазір жылдың қай мезгілі?
- Аптаның қай күні?
- Балалар, біз сауат ашу сабағында қандай дыбыстармен таныстық?
- Дыбыс дегеніміз не?
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Дауысты дыбыстар қалай айтылады?
- Дауыссыз дыбыстар ше?
- Дауыссыз дыбыстарды дауысты дыбыстар сияқты емін-еркін айта аламыз ба?
- Дауысты дыбыстар қандай текшелермен белгіленеді?
Өткен «Һ» әріпін қайталау
ІІІ. Жаңа сабақ кезеңі:
-Балалар естеріңде ме біз сендермен «Ғажайыпстанға саяхат »атты мультфильмді тамашалап едік қой.Сол мультфильмде Елдос пен Аяжан саяхатқа немен шығады ?
-Пойзбен
-Дұрыс
-Ал пойздың бір бірін тіркеп тұрған нелері болады?
-Вагондар болады
- Өте жақсы балалар. Сендер, білесіңдер ме, балалар, біз бүгін «Ғажайып В дыбысы» әлеміне саяхатқа шығамыз.. Бүгін біз В әрпін әлемдегі сиқырлы вагондардың көмегімен жолда кездесетін тапсырмаларды орындайтын боламыз.
Ол үшін біз өз вагондарымызды таңдап алу керекпіз
- Ал кәне, саяхатты бастайық , жолға шығуға дайындалыңдар?
Кәне, вагондарға жайғасайық.(вагондар арқылы балаларды топқа бөлу)
Ал, балалар жүрелік
Асықпай ғана мінелік
Ғажайып В - ның сырларын,
Бүгінде оқып білелік.
Ал, ендеше, балалар,
Жылдамырақ жүрелік.
- Ал, балалар, сиқырлы вагонға жайғастық.
Саяхаттаған адамның алдынан небір қызық, жұмбағы көп әлемдер шығады. Ендеше бізді де жолымызда « Жұмбақтар әлемі» күтіп тұр екен. Бұл жерде бізге бірнеше жұмбақтарды шешуге тура келеді, кәне, дайынбыз ба? Шешуін тапсақ қана бұл елге кіре алады екенбіз.
3) слайд Жұмбақтар
1 вагонға.
Балаларға ұнайтын
Ең әдемі көлікпін
Ал, балақай, айта ғой,
Мініп көрді мені кім?
( велосипед)
2 вагонға.
Ауырғанда күш беретін,
Ақыл қосар менің сана - бойыма.
Дәрігерлер оны жазып береді,
Ішкен сайын, ішкім келе береді. ( витамин)
3 вагонға.
Поездардың тұрағы,
Үп - үлкен боп ғимарат
Жол бойында тұрады. ( Вокзал)
- Өте жақсы балалар, ендеше оқулығымызды ашалық. В әлеміндегі кезекті тапсырмамыз жұмбақты шешу керек.
Жұмбақты оқу, шешуін табу.
Үй ішінде - бөлме,
Бөлме іші - көлде.
Түрлі ұсақ - балық,
Жүзді сайран салып.
- Шешуі не екен? - Аквариум
- Аквариум дегеніміз не, білеміз бе? Көргенбіз бе?
4) Аквариумді бейнетаспадан көрсету.
Аквариум сөзі де орыс тілінен енген екен. Бұл сөздің қазақшасы қандай мағына береді деп ойлайсыңдар? ( оқушыларды сөйлету)
- Дұрыс. Аквариум - қолда балық өсіруге арналған су құйылған шыны ыдыс.
- Өте жақсы балалар, ал енді осы жұмбақтың шешуін қатыстырып сөйлем құрап көрейікші.
Аквариум сөзін буынға бөлдіре отырып, в дыбысының орнын анықтату.
- Өте жақсы балалар, аквариумнен басқа тағы қай жерлерде балықтар болады?
- Өзен, көл, су тоғандарында.
- Балықтардың қандай пайдасы бар? 1. Еті пайдалы, адамның ми қызметін жақсартады.
2. Жүйкең шаршағанда балыққа қарасаң, бар теріс энергияңды жояды екен.
3. Сатсаң қып - қызыл ақшаның көзі.
- Заңсыз аулап сатқан адамдар жауапқа тартылады және де көп ауласа таусылып та қалуы мүмкін.
- Балалар жұмбақтар еліндегі тапсырманы жақсы орындадық, енді ары қарай жүріп, в дыбысы әлемінің ғажаптарының сырын ұғуға асығайық.
Ал, балалар жүрелік
Вагонға тез - тез мінелік
Айналып өтіп бұл жерден
Келесі елге жетелік.
7) Электронды оқулықпен жұмыс.
1.Мынау вагон. Ва-гон
Осы сөздің басындағы дыбысты бірге айтайық.В- в -в.
В дыбысы дауыссыз дыбыс.Есіңе сақта в дыбысы орыс тілінен енген сөздерге ғана қолданылады.
В дыбысынан келетін сөздерді бірге айтайық.
-велосипед
-вокзал
-трамвай
-автобус
-конверт
2.В- әріпі неге ұқсайды.
Көзілдірікті шешіп мен,
ұстап едім тігінен.
В ға ұқсап кеткені.
Таң қалдым өз- өзімнен
1 вагонға-тапсырма
В-дыбысы сөздің қай бөлігінде тұр,соған қарап әр сөзді қажет сандыққа сал. Витамин,вазилин,автобус,телевизор,вагон.
2 вагонға-тапсырма
Вагондардағы әріптерге атауы солдыбыстардан бастаталатын құстарды апар. Аққу,көгершін,торғай,шағала,қарлығаш.
1 вагонға-тапсырма
Суреттерге назар аударып,атауында В дыдысы бар суреттерді көрсет.
В қандай дыбыс деп ойлайсың ,дауысты ма, әлде дауыссыз ба .дыбысты айтып,тиісті киіз үйге апар.
Дәптермен жұмыс.
Вагон, ваза, аквариум сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы в дыбысының орнын ажыратқызады. Балалардың өздеріне в дыбысының сөздің ортасында келетін сөздер ойлатады. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқытады. Барлығы хормен қайталап оқиды.
Жазу жұмысы. Педагог в әрпін ауада жазып көрсетеді, осыдан соң балаларға жаздырады. Дәптердегі үлгі бойынша в дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады.
В дыбысын қатыстырып, сөйлем ойластырады.
4) Қорытынды
- Балалар, саяхатымыз сәтті болды деп ойлаймын. Көп нәрсені білдік, В әрпі бар сөздерді дұрыс жазуды үйрендік. Енді біз саяхатқа шыққан вагондарымызды сиқырлап, әдемі түстермен бояп шығайық.
Бүгінгі сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды алтын жұлдызбен марапаттаймыз.
.