Білім беру саласы: Қатынас. Таным. Шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Қорытынды сабақ
Тақырыбы: Қысқы серуен
Бөлімі: Тіл дамыту. Жапсыру. Сүрет салу
Мақсаты: Сурет бойынша әңлмелетуді жалғастыру. Қыс мезгілін сипаттай білуге , сөздік қорын дамыту, сөз тіркестерін дұрыс айтуға жаттықтыру, бекіту. Бірнеше дайын бөлшектерден құрастыру тәсілімен бейне жасауды бекіту. Бөлшектерді желімдей білу және оларды кеңістікте бір-біріне қатысты, тұтас бейне қарайтындай етіп, дұрыс орналастыра алуды қорытындылау. Жапсырған бейнені жапалақтап жауып тұрған қар ұшқынымен толықтыра отырып, қысқы табиғаттың әдемілігін көрсете алуды бекіту
Билингвальды компонент: қар – снег
Шана – сани
Аққала – снеговик
Көрнекіліктер: «Бала мен аққала» картинасы, ойыншық аққала. Әр балаға түсті парақ, аққаланың бөлшектері. Клейстер, қылқамамдар бар тұғыр, мата, сулық клеенка, ақ түсті гуашь, су құйырған құт
Сабақтың барысы:
Балалар көңіл-күйлеріңіз қандай?
Олай болса «тамаша» ойынын ойнап жіберейік.
Ойнның шарты:Мен сендерге жақсы сөз айтсам,сендер тамаша деп жұдырықты түйіп,бас бармақтарынды көтересіңдер.
1 «Дәншік» балабақшасы қандай?
2 «Ботақан» тобының балалары қандай?
3 «Қыс» мезгілі қандай?
4 «Қар» жауған қандай?
5 Фаризаның күлкісі қандай?
6 Менің айтып тұрған сөздерім қандай?
Жақсы балалар бүгінгі күнімізде осындай тамаша өтсің.
Тәрбиеші баларға жұмбақ жасырады
Тәрбиеші: Шанамен зырлап желетін
Шаңғы коньки тебетін
Аққала жасап ойнайсың
Қай мезгіл деп ойлайсың? (қыс)
- Балалар, Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыста айнала қандай?
- Қар қандай? Қар жылы ма?
- Далаға шыққанда біз қалай киінеміз?
- Қыс туралы кім өлең-тақпақтар біледі? (Балалардың тақпақтары)
Қонаққа Аққала келеді.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар, сендер мені таныдыңдар ма? Мен көңілді Аққаламын. Мен сендерге өзімнің және Нұрлан досымның суретін көрсетуге алып келдім.
- Қандай қызық, балалар, Аққаланың суретін көргілерің келе ме?. (тәрбиеші суретті іледі)
Картинамен жұмыс
- Картинада қай жыл мезгілі суреттелген? Сендер неге олай ойлайсыңдар? Ұлдың аты кім? Нұрлан қалай киінген? Оның қолдарында не бар? Бала ненің мүсінін жасады? Аққаланы неден жасады? Аққалаға қарап, ол қандай екенін айтып беріңдерші. (Аққала үлкен, қарлы, басында шелек, көзі – көмір, мұрны - сәбіз). Ағашта қандай құстар отыр?
Содан соң тәрбиеші жалпылайды:
-Қыста көп қар жауды. Нұрлан жылы киініп далаға шықты. Ол өзімен бірге күрек пен шананы алып шықты. Қар жабысқақ болғадықтан ол аққала мүсінін жасады. Көзіне көмір, мұрнына сәбіз, басына шелек кигізді. Нұрланың аққаласы әп-әдемі болып шықты.
Тәрбиеші 2-3 баладан әңгімелеп беруді сұрайды.
Сергіту сәті
Аппақ қылып өңірді,
Қар жауды! Қар жауды!
Көңілді балалар,
Қызығып секірді, секірді.
- Балалар, біз де Аққаланы қағаздан жасайық.
- Аққаланы неше бөліктен құрастырамыз?
-Дұрыс, үш бөліктен тұрады. Алдымен төменгі бөлігін, содан соң денесін, үшінші басын ораластырамыз. (Желімді қалай дұрыстап жағу керегін, сулық қалай пайдаланатынын естеріне түсіреді)
- Алдымен бөлшектерді орналастырамыз, сосын бір-бірден алып, желімдейміз. (балалардың өз бетімен жұмысы)
Балалар желімдеп болған соң, тәрбиеші жапалақтап жауып тұрған қар ұшқындарын салуға ұсынады.
- Балалар, сурет салу үшін бізге қылқаламдарымызды жуып алу керек, суы бал тұғырына салып жуып алайық майлықпен сүртіп, ақ гуашьты қылқаламмен іліп аламызда, парақтың кез – келген жеріне ұшымен нүктелер жасыймыз .
-Біздің аққаламызды көруге торғай ұшып келіпті. Күн суық болған соң, торғай жүнін үрпитіп жерден жем іздеп, көңілсіз бұтаққа барып қонды. Торғайға арнап өлең айтып берейік.
Тыныс алу арқылы тілді дамыту жаттығуы
- Қараңдаршы, менің алақаныма әдемі, әрі үлкен қардың ұшқыны қоныпты. Сендердің алақандарыңда да бар екен. Қане, оларды үрлейікші. Ерінді алға созып, дөңгелектеп жай, міне былай ұзақ үрлеңдер!
Менің қолым тоңды. Ал сендердің қолдарың тоңды ма?
Тәрбиеші қолдарын қайықша жасап, аузына апарып дем шығарады.
Аққала балалардың жұмыстарын қарап, қуанып мадақтайды Көрме ұйымдастырылады. Аққала балаларға тәттілерді сыйға тартады, қоштасып кетеді.