Білім Беру саласы: Қатынас.
Білім беру бөлімі: Тіл дамыту, көркем әдебиет.
Тақырыбы: Үй жануарлары.
Мақсаты: Балаларға үй жануарлары жайлы түсінік бере отырып балалардың есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамыту. Балаларға үй жануарлары тұралы тақпақтар жаттау. Сөзді анық айтуға үйрету. Балалардың үй жанурларға деген сүйіспеншілігін ояту.
Көрнекіліктер: Үй жануарлары, оның төлдерінің суреттері.
Іс-әрекет кезеңі
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың
Іс-әрекеті
Ұйымдасты-
рушылық
оятушылық.
Ұйымдасты-
рушылық-
ізденушілік.
Шаттық шеңбері:
Үлкенгеде сіз,
Кішігеде сіз.
Үлкендерді құрметтеп,
Бас иеміз біз.
Балалар бүгін біз үй жануарлары мен танысамыз. Олар түйе, жылқы, сиыр, қой, қозы.
Слайд көрсетіледі.
Ғажайып сәт:
Есік қағылып ішке рұқсатпен әжеміз кіреді.
Әже.
Бар болыңдар балаларым !
Балаларым, балаларым. Мен үй жануарларымды қораға кіргізейін десем олар қашып кетті.
Келіңдер, менің малдарымды қораға кіргізуге, олардың шөбін, жемін, суын беруге және төлдерін табуға көмектесіп жіберіңдерші.
Тәрбиеші:
Олай болса балалар әжемізге көмектесейік.
Әже төрден орын алыңыз, балаларымыздың тапқырлығына құлақ салыңыз.
Ал енді балалар біз әжеміздің үй жануарларын: «Ойға қарай емес, Бойға қарай түзетейік».
Балалар енді үй жануарларын қалай шақырымыз ?
-Түйені
-Жылқыны
-Қойды
Жарайсыңдар балалар, сендер үй жануарларын қораға байлай білдіңдер.
Енді балалар үй жануарлардың шөбін, суын, жемін берейік.
Жарайсыңдар балалар!
Сергіту сәті:
Жылқы баласы---құлыншақ,
Құйрығын ұстап жұлыншақ.
Қой баласы---қошақан,
Өзі сондай момақан.
Ешкінікі---лақ,
Анасынан қалып кетер жылап.
Түйе баласы---ботақан,
Досы оның қошақан.
Сиыр баласы---бұзау,
Оны қиып тұсау.
Балалар, біз үй жануарларына шөбін,жемін, суын бердік. Енді олардың төлдерін табуымыз керек.
Дидактикалық ойын:
«Орнын тап».
Жарайсыңдар, балалар! Енді осы төлдерді еркелетіп тақпақтар айтайықшы.
Гулшан: «Бота».
Жүрсің тек монтиып,
Қош өркешің селтиіп.
Қарап жүріп қорқамын
Қалама деп жел тиіп.
Нигина: «Құлыншақ».
Құлыншақ,құлыншақ,
Шапқылайсың даламен.
Дос болсайшы құлыншақ,
Мен сияқты баламен.
Нафосат: «Бұзау».
Тентек болма ақ бұзау,
Еріншек болма ақ бұзау.
Кең далада сенімен
Жарысып мен жүгірем.
Робия: «Қошақан».
Қошақаны қойдың,
Қайда қалып қойдың.
Бұлтиып тұр бүйірің,
Қай өрістен тойдың.
Оқила: «Лақ».
Шөре-шөре лағым,
Тентек болма шырағым.
Секендемей, деміңді ал,
Селтеңдетпей құлағың.
Әжеміздің бізге арнайы жайылған дастарханнан дәм татып «Дәм тату» ойынын ойнайық.
Әже: Балар, мен сендерге сиырымның айранынан алынған сүзбесін алып келген едім.Сүзбеден құрт жасауға көмектесіңдерші.
Әже:
Рахмет сендерге балаларым! Менің жануарларымды қораға кіргізіп шөбін, жемін беріп, олардың төлдерін табуға көмектесіп жібердіңдер. Мен сендерге өзімнің ақ батамды берейін.
Еліңнің қамын ойла деп,
Жеріңді жаудан қорға деп,
Бассын ісің оңға деп,
Өрісің толсын малға деп,
Бабаң берген ақ бата
Басыңа қонсын бақ бата!
Қыдыр кеп қатар қонсын деп,
Ғұмырың ұзақ болсын деп,
Өрісің малға толсын деп,
Апаң берген ақ бата,
Басыңа қонсын бақ бата!
Қызығың сенің алда деп,
Қатарыңнан қалма деп,
Бетінен жанның алма деп,
Анаң берген ақ бата,
Басыңа қонсын бақ бата!
Балалар, бүгін біз қандай жануарлармен таныстық?
Неге олар үй жануарлары деп
аталады?
Балалар, үй жануарлары бізге не береді?
Жарайсыңдар балалар, сендер үй жануарлары туралы көп нәрсе үйреніпсіңдер.
Балаларды мадақтап сыйлықтар тарату.
Балалар қонақтармен
сәлемдеседі.
Балалар әжесімен
амандасады:
«Армысыз әже !»
Балалар бой- бойына қарап үй жануарларын қораға байлайды.
Көс-көс
Құрау-құрау.
Һау-һау
Шөре-шөре.
Ұл балалар шөп орады, қыздар оны жинап үй жануарларына апарып салады.
Балалар апаймен бірге тақпақты қайталайды.
Балалар үй жануарлардың қасына төлдерін апарып байлайды.
Балалар төлдер туралы тақпақтарын айтады.
Балалар дастарханнан дәм татып,өз жауаптарын айтады.Балалар әженің айранынан әдемілеп құрт жасайды.
Біз әдепті баламыз,
Әжемізге көмектесіп, ақ батасын аламыз.
Құртын салып қалтамызға,
Үйімізге барамыз.
Үй жануарлары
және оның төл-
дері.
Өйткені олар
адамдардың кө-
мегімен өсіріледі.
Сүт, ет, жүн.
Күтілген нәтиже:
Не білдік:
Үй жануарларын олардың төлдерінің атауын.
Үй жануарлар туралы тақпақтар айтуды білді.
Меңгерді:
«Дәм тату» ойынын ойнауды.
Сүзбеден құрт жасауды.