Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің айы: 20- қазан
технологиялық картасы аптасы: 3
Ортаңғы топ «Жұлдыз» Тәрбиеші: Санай А.
Білім саласы: «Әлеуметтік орта»
Бөлігі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: «Менің отбасым»
Мақсаты: Отбасы бейнеленген суреттерді қарастырып, отбасы мүшелерін, қызметтері мен қарым- қатынастарын /немен айналасады, бір- біріне қандай қамқорлық жасайды, т.б./ атауға ынталандыру.
Билингвалдық компонент: Отбасы-семья, іні-братишка, қарындас-сестренка.
Сөздік жұмыс: Отбасы
Сәнденіп даламыз, Сәулетті қаламыз.
Сәулеңмен құлпырдың
Сәлем,күн анамыз.
Таңғы шеңберді айтып , сабаққа дайындалады.
Балалар бір-біріне қарап, мәз-мәйрам болады.
Сабаққа дейін екендерін айтады.
Ұйымдастырушылық ізденіс
1.Тәрбиеші тақырыпқа байланысты суреттер көрсете отырып «отбасы» туралы түсінік береді.
2.Балаларға өзі және өз отбасы жайлы айтып беруді ұсыну (дұрыс сұрақ қоя отырып, балаларды сөйлете білу).
3.Сергіту сәті: «Бес саусақ»
4.Мақал-мәтелдерге тоқталып, мәнін ашып,
Бір мақалды балаларға жаттату.
Мақал-мәтел: «Тәрбие – отбасынан басталады», «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны көреді».
5.Дидактикалық ойын: «Менің отбасым»
Суреттерге көңіл аударып, сұрақтарға жауап бере білу.
Сөйлем құрап әңгімелей білу.
Қызығушылық танытып ойнайды.
Рөлдерге бөлініп, көрініс қою.
Рефлексивті-коррекциялау
Сабақты сұрақ-жауап әдісі арқылы қорытындылап , балаларды өз отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Мақтап, бағалау.
Қойған көріністеріне риза.
Күтілетін нәтиже:
«Отбасы» сөзінің мағынасын Білу.
Отбасы және өзі жайлы түсініктері Болу.
Сөйлем құрау Қолдану.