«Шыршамен қоштасу»
Жүргізуші:-Сәлеметсіңдер ме, құрметті, балалар! Бүгін біз шыршамен қоштасуға келдік.
Жасыл шырша келіп еді,
Мереке бізге әкелген еді,
Шыршаны әсем безендірдік
Ойнап, көңіл көтердік,
Шырша енді қоштасады,
Орманымен қауышады.
Жүргізуші: -Шыршаға арнап өлең айтамыз, ойындар ойнаймыз, би билейміз.
(ақшақар болып киінген Мыстан кемпір келеді)
Жүргізуші: -Балалар, бұл кім?
Мыстан кемпір: -Бұл кімі несі? Бұл мен ғой, Ақшақар, Аяз атаның немересі!
Жүргізуші: -Бұған сену өте қиын болып тұр. Қане, тексеріп көрейік, Ақшақар, сенің қолыңнан не келеді?
Мыстан кемпір: -Бәрі келеді, билеп те бере аламын. Менің кішкентай сіңілілерім бар, қазір, солармен бірге билеп беремін. Міне жаңа өсіп келе жатқан Мыстан кемпірлер.
Би: «Ұлпақарлар»
Жүргізуші: -Тағы не істей аласың?
Мыстан кемпір: -Ән айта аламын, міне домбырамен ән айтамын. Діңгір-діңгір, кім ән айта алады, ортаға шығыңдар.
Ән: «Ән қанатымен»
Жүргізуші:-Қызық Ақшақар екен, балалар, бәрін істей аламын дейді, бірақ барлығын басқа біреулер жасайды.
Мыстан кемпір:-Неге өзім еңбектенемін, мен үшін барлығын балалар жасайды....(ақырын) -Ой, мен не деп тұрмын естіп қалмасын, ақшақар емес екенімді біліп қалса, қуып жібереді ғой. (Дауыстап) –Мен олармен бірге оймен барлығын жасаймын, егер үрлесем боран жасаймын.
(Шеңбер бойымен үрлеп жүреді)
Жүргізуші: -Сонда да бір түрлі Ақшақар.
Мыстан кемпір: -Балалар, кім маған тақпақ айтып береді?
Тақпақтар:
Жүргізуші: -Ал, енді балалармен бірге ойын ойнап берші.
Мыстан кемпір: -Мен жаңа ойын ойлап таптым, біз балаларды шырша етіп безендіреміз Балалар, шыршаны нелермен безендіреді? Ендеше, солай ортаға екі ұл бала шырша болады, екі қыз бала безендіреді.
-Енді осы шыршаларды айналып ән орындап берейік.
Ән: «Бәріміз бір жасқа үлкейеміз» Ересек «Ә» тобы орындайды
Жүргізуші: -Не істеп жүрсің, қандай қызық Ақшақарсың өзің түсінбедік қой?
Мыстан кемпір: -Тыныш болып қалды, маған айғай шу керек. (Секіріп жүргенде Ақшақар киімі шешіліп қалады)
Жүргізуші: -А-а,Мыстан сен екенсің ғой, тағы алдадың ба бізді, неге сенбедім десем?!
Мыстан кемпір: -Білдіріп алдым –ау, күліңдер, күліңдер. Мен жай ғана көңіл көтергім келді.
Жүргізуші: -Көңіл көтергің келсе, балалармен бірге көңілді ойын ойна, бәріміздің де көңіліміз көтерілсін.
Мыстан кемпір: -Жарайды, «Мыстанның құйрығы»-деген ойын ойнағыларың келе ме? Мен әуенмен ұшып жүремін, қай баладан «құйрығым боласың ба»-деп сұрасам, сол бала «иә»-деп жауап беріп, менің көйлегімнен ұстап алып бірге ұшады. Осылай бірнеше баланы жалғап алады.
[link]
Дед Мороз:
- До свиданья, ребята, до следующего Нового года!