Эссе Басты ұстаным – Мәңгілік ел

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Басты ұстаным – «Мәңгілік ел»

эссе



Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан жолы -2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауында: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекттің қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті... Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенімде « Мәңгілік ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр» деп «Мәңгілік ел» идеясының маңыздылығын айрықша атап өткен еді. Осы жолдауы арқылы қазақ халқын бір мақсатқа, бір мүддеге, бір болашаққа үндеген Елбасы ел тізгінін ұстаған азаматтарға ғана емес, өскелең ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруді мақсат тұтқан біз секілді педагог тәрбиешілерге де үлкен жауапкершілік жүктеді.

Дана Мұхтар Әуезов «Ел болам десең бесігіңді түзе» деген қанатты сөз қалдырды. Ұғына білген адамға бұл нақылдың астарында терең мағына жатыр. Мәні «Мәңгілік ел» идеясымен бір арнаға тоғысады. Бесігі түзу елдің ғана ғұмыры мәңгілік. Мұхтар ағаның айтып отырған бесігі – тәлім- тәрбие бесігі. Бұл ретте елдің осы алтын бесігін тербетіп отырған балабақша тәрбиешілері екендігінде сөз жоқ. Ал адам баласының өмірінде бес жасқа дейінгі алған тәрбиесінің барша ғұмырына ғибрат сыйлар іргетас секілді екендігін ескерсек, онда мектепке дейінгі мекемелердегі педагогтарға жүктелер жауапкершілік жоғары болмақ. Өйткені біз тәрбиелеп отырған бүлдіршін халықтың басты мұратына айналған Мәңгілік ел ертеңінің азаматы. Сондықтан да әр тәрбиеші өз міндетін мінсіз атқаруға күш салып, Елбасы Жолдауыда көрсетілген нақты тапсырмаларды ойдағыдай жүзеге асырғаны абзал.

Бүгінгі таңда өмірге келіп жатқан жас ұрпақ- ертеңгі Қазақ елінің мәңгілік перзенті. Олардың санасына «Мәңгілік ел» идеясын сіңіріп, мән-маңызын ұғындыру басты ұстанымыз. Ол үшін балабақшадан басталатын тәлім-тәрбиенің негізін осынау басты ұлттық мұраттың бағытына қарай батыл бетбұрыс жасатуымыз керек. Сонда ғана өсіп келе жатқан жас ұрпақ тәуелсіздің таңымен арайлап атқан азаттықтың қадір-қасиетін жете сезініп, өзін Мәңгілік елдің , Мәңгілік патриоты ретінде таныта алады.

Қазақстан халқының мәңгілік мұратына айналған бұл ұлттық идея бір сәтке де санамыздан өшпеуі керек. Әсіресе ұрпаққа ұлағатты тәрбие беретін педагогтардың басты ұстанымы бола бермек. Егер бүгінгі бүлдіршінді халқымыздың жарқын болашағы мен еліміздің кемел келешегі үшін еселі еңбек ететін, адалдықтың ала жібін аттамайтын атпал азамат ретінде қалыптастырсақ, онда мақсатымыздың толық жүзеге асқаны.

Гүлжан Атаушиева Ідіриса қызы.

«Айгөлек» балабақшасының тәрбиешісі.









Мен Атаушиева Гүлжан Ідірисақызы 1968 жылдың 25 мамырында өмірге келдім. Кіндік қаным өзімнің қасиетті Кең Жылой топырағында тамған , туған жердің төл перзентінің бірімін.

Осы өндірісті өңірде өсіп-өнген мен орта мектепті тамамдаған соң өзге түлектер тәріздес арман қанатында тербеліп білімімді жалғастыруға бел будым. Сөйтіп 1985 жылы Маңғыстау облысындағы Медициналық колледждің студенті атанып , оны 1987 жылы ойдағыдай бітіріп шықтым. Мамандығым бойынша бірнеше жылдар еңбек еттім. Кейін денсаулығыма байланысты үйде болдым.

Бірақ бері келе өмір арнасы басқа педагогика саласына қарай ауысты.

2010 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің сырттай бөліміне оқуға түстім. Сол уақыттан бастап қаладағы «Айгөлек» балабақшасында тәрбиеші болып еңбек етіп келемін.

Алғашқыда «Балапан» тобының бүлдіршіндеріне тәлім-тәрбие беру бақыты бұйырды. Бір жылдан кейін 2 сәбилер тобының тәрбиешісі ретінде өз міндетімді мінсіз атқаруға тырыстым. Осы жылдар аралығында жоғары оқу орнында алған білімім мен мектепке дейінгі мекемедегі тәжірибем толысып , 2013 жылы «Жауқазын» атты естиярлар тобына ауыстырылдым. Унивеситетті бітірген 2013 жылдан бастап орта топтарда қызмет атқарып келемін.