Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Қоршаған ортамен таныстыру» Тақырыбы: «Қыстық киімдер»

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


«Ақ шағала балабақшасы»МКҚК







«Армысың , Алтын күз!»

«Жауқазын» тобы











Тәрбиеші: Сейткалиева Р













2016 оқу жылы

Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызады.

Балдырған баламыз

Досты көпті табамыз

                         Қашан да, қайда да,

                         дос болып бәріміз

                      Сенімді боламыз!аталады?

 

 

Балалар шаттық шеңберіне тұрып,өлең жолдарын қайталайды.

 

 

Іздену-құрастыру

 

Тәрбиеші балалардың қыс мезгілінің ерекшеліктері туралы,ауа-райы туралы сурайды?

Балалар мына суретке қарандаршы, суреттен не көріп турсыңдар?

-суретші суретте қандай қателік жіберген?

-әрине бұл жерде суретші қателесіпті. Егерде қыстыгүні адамдар осылай жеңіл киініп  жүрсе не болар еді?

-адамдар өздерін жақсы сезініп жүру үшін өздеріне ыңғайлы ,әдемі киініп жүру керек. Қалай ойлайсыңдар адамға киім не үшін керек?

 

Ежелгі адамдар үстерін киім кимеген,киім тігуді білмеген. Келе-келе олар суықтан қорғану  үшін аңдардың терісін  киімнің орнына пайдаланған. Кейіннен адамдар киім тігуді үйреніп,өздеріне матаның түр-түрінен  киімдер тігіп алатын болған. Олар күз,көктем айларына бөлек,жаз,қыс мезгілдеріне басқа киімдер тігіп  киюді үйреніді. Сөйтіп, жылдан жылға  киімдер одан сайын әдемілене түсті. Мына суретке қарандаршы қандай киімдер (слайд көрсету)

 

-Мына киімдерді кімге арнап тігілген киімдер деп ойлайсыңдар?

 

-неліктен олай ойлайсыңдар?

 

-ал мына пальто кімдерге арналып тігілген

 

-оны қайдан білесіңдер?

 

Тәрбиеші ер адамдар,қыздарға,балаларға арналған тігілген ,үлкен,кіші мөлшердегі тон,қыстық киімдерді көрсетіп, қандай? «Кімдерге арналған?» «неден жасалған?» деген сұрақтар қоя отырып, қыстық киімдердің де сырт киімдер,бас киім,аяқ киім болып бөлінетіндігін түсіндіреді. Қолғаптыңда түрлері әртүрлі болатындығына тоқталады. Жұқа қолғап,қалың қолғап ,бес саусақты қолғап болатындығын айтып түсіндіреді.

-балалар мына суреттен не көріп турсыңдар?

-олардың үстерінде қандай киім?

Спорттық киімдер туралы түсінік береді.

 Ойын «Тігінші»  ойынның шарты  бойынша бірнеше мата түрлерінің қиындыларын алып,қайсысынан қандай киім тігуге болатынын тауып,суретте бейнеленген киімдердің тұсына қояды.

Балалар  қыс мезгілі екендігін, далада күнсуйқ екендігін айтады.

Суретке қарап,суретшінің жіберген қателігін айтады.

Балалар тәрбиешінің сұрақтарын жауап береді.

Балалар қыстық киімдердің түрерін ұстап көріп,жасаған материалдарының жұқа,қалың өрнектеріне назар аударады. Олар бір-бірімен салыстырып,ұқсастықтарымен ерекшеліктерін айтады.

Балалар сұрақтарға толық жауап беруге тырысады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексивті- түзетушілік

Тәрбиеші бүгінгі сабақтан алған әсерлерін көңіл-күйлерін,немен айналысқандарын сұрайды.

Балалар алған әсерлерімен бөліседі.