Конспект занятии в средней группе на тему Ғарышқа сапар

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы


Тобы: №5 «Нұршуақ» ортаңғы Күні: 04.04.16ж. Тәрбиеші: Кинжебаева А.Г.

Білім беру саласы: «Таным» Бөлімі: қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: «Ғарышқа сапар»

Мақсаты: Ғарыш туралы білім беру.

  • Ғарыш аясы, ондағы Жер мен Күн планетасы, тұңғыш ғарышкерлер туралы түсінік беру.

  • Атауларды дұрыс атау дағдыларын жетілдіріп, есте сақтау қабілетін дамыту.

  • Ғарышкерлерге деген құрмет пен мақтаныш сезімін тәрбиелеу.

Керекті құралдар: тақырыптық сурет, Ю.Гагарин, Т.Әубәкіров суреті, Жер, Күн суреті.


Мотивациялық

Қозғаушы

  1. Достық шеңберін ұйымдастырады: 12- сәуір Ғарышкерлер күні туралы әңгімелеседі.

Балалар шеңберге отырып, тәрбиеші әңгімесін тыңдайды.

Ұйымдастыру – іздену

  1. Ғарыш аясы, Күн мен Жер планеталары туралы түсінік беру. Суреттерін көрсетеді.

  2. Ойын «Күн, түн»

  3. Тұңғыш ғарышкерлермен таныстырады, суреттерін көрсетеді.

  4. Сергіту сәті.


Ғарыш аясы мен планеталар туралы әңгімелеседі.

Суреттерді бақылайды.

Жүргізуші «Күн» дегенде ойыншылар қимылдап қозғалады, «Түн» дегенде қатып қалады. Қозғалып қойған ойыншы ойыннан шығады.

Ғарышкерлермен танысады, суреттерін қарайды.

Сергіту сәтін орындайды.

Рефлексивті түзету

  1. Мадақтайды. Сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды.

Сұрақтарға жауап береді.


Күтетін нәтиже:

Білу: ғарыш аясы, планеталар түрлері жайында білу, тұңғыш ғарышкерлерді тану.

Игеру: ғарыш аясындағы планеталардың орналасу реті, Күннің маңызы туралы түсінік игеру.

Меңгеру: ғарышкерді тану, планеталар атауларын дұрыс айта білу, Жер мен Күнді ажырату дағдыларын меңгеру.