Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Аралас «Қарлығаш» ортаңғы тобы
Күні:
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: «Адам-тіршілік иесі»
Мақсаты: Өзінің адам әлемінің өкілі ретіндегі алғашқы түсініктерін қалыптастыру. Адамдардың бір-біріне ұқсастығы мен айырмашылығын сыртқы белгілеріне (басы, қолы мен аяқтары, тері және шаш қабаты, көздері мен шаштарының әр түрлілігі) қарап ажырата білуге үйрету.
Адамдардың бірдей ішкі құрылыстары (жүрек, асқазан, өкпе), сезімдері туралы, адамдардың өсуі үшін қажетті шарттар (су, жарық, ауа, тамақ, жылу, қозғалыс пен демалыс, күтім ) туралы түсінік беру.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар:
Әдіс-тәсілдер:Түсіндіру, көрсету, сұрақ – жауап, әңгімелеу.
Көрнекіліктер: Суреттер, адам бейнесі.
Билингвизм: Адам – человек – реоlе, жүрек – сердце – hefrt.
Балалардың іс-әрекеті
Әрекет кезеңдері
Шаттық шеңберіне тұрып, төмендегі өлеңді айтқызу.
Сары,ақпыз, қарамыз
Бәрімізде баламыз
Бір қалада тұрамыз
Бір бақшаға барамыз
Ақ,қара деп бөлмейміз
Бір жыл туған төлдейміз
Туысқанбыз,татумыз
Биіктерге өрлейміз
Балалар бізге Айгүл келді.
Балалар ол өзі және адам тіршілік иесі дегеннің мағынасыбілгісі келеді.
Балалар шаттық шеңберіне тұрып, өлең жолдарын айтады.
Ынталандыру
сезімін ояту
Тәрбиеші балаларға әлемдегі адамдар туралы суреттер көрсете отырып, олардың өмір сүру, еңбек ету ерекшелігіне тоқталады. Адамдардың ұлтына, жынысына, жас шамасына қарай бөлінетіндігін айта отырып, адамдардың сәбилік шағынан бастап қартайғанға дейінгі кезеңдерді айтады.
Балалар адамдардың жастары есейген сайын, бет әлпеттері , даусы мен жүріс-тұрыстарында көптеген өзгерістер болады.
Сонымен қатар адамдардың сырт келбеттері мен әдеттеріне тоқталып, олардың ұқсастығы мен айырмашылығын сыртқы белгілеріне қарап ажыратуға болады.
Кәне, балалар , оң қолдарыңмен сол жақ кеуделеріңді ұстап көріңдерші.
Не байқадыңдар?
Балаларғ ол соғып тұрған сендердің жүректерің , барлық адамдарда жүрек болады, және де адамдардың барлығында өкпе,бүйрек, бауыр сияқты ішкі құрылыстар болады.
Билингвальды компонент:
Адам – человек – реоlе, жүрек – сердце – hefrt
Сергіту сәті
Қолдарымды созамын
Суға сүңгіп аламын
Суда жүріп жүземін
Оң қолымды бір сермеп
Сол қолымды бір сермеп
Шынықтырып денемді
Спортсмен боламын.
Оларды күтіп ұстау үшін сендер спортпен шұғылданып, дұрыс тамақтанып, таза ауада көп серуендеулерің керек.
Гүлдер өсіп жетілу үшін не керек деп ойлайсыңдар?
Ал адамдардың да өсіп жетілуі үшін не керек?
Дұрыс айтасыңдар, сонымен қатар, күтім әрі демалыс керек екен.
Ал егер адам демалмаса, серуенге шықпаса, уақытылы тамақтанбаса не болар еді?
Ондай адамдар аурушаң әрі тез, ашуланғыш, үнемі көңіл-күйі болмай жүретін еді. Сол себептен кез-келген адам өзін-өзі күту керек.
Ойын: «Мұрын,құлақ,көз»
Шарты:Тәрбиеші дене мүшелері бойынша балалар өз мүелерін табу керек.
Назарлары тәрбиешіде болады.
Бүлкілдейді,тарсылдайды.
Өкпе, бүйрек, бауыр
Балалар қимыл-қозғалыспен жасайды.
Ауа,топырақ, су, жарық
Ауа, жарық, жылу,тамақ
Ауырып қалар еді.
Ойынды қызығушылықпен ойнайды
Рефлексивті коорекциялаушы
Балалар не туралы әңгімелестік?
Адамға дене мүшелері не үшін қажет?
Балалар Айгүл көп нәрсе үйренген екен.
Ол адам олда тіршілік иесі.
Балалар менің кетуім керек сауболыңыздар.
Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл-күйлерін қалай екендерін сұрайды.
Балалар көңілді күймен қойылған сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Өзінің адам әлемінің өкілі екендігі, адамдар ұқсастықтары мен айырмашылығы дене мүшелерін білуі
Меңгеру: Сыртқы белгілеріне қарап ажырату, өзінің өсуі, дамуы үшін қажет екенін меңгеру.
Дағдылану: Күнделікті күн тәртібін сақтауға тәрбиелеу.
Тәрбиеші: Исмагулова Ш.Б