Ауылда. Үй жануарлары мен үй құстары.

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Бөлімі: Сауат ашу және жазу

Тақырыбы: Ауылда. Үй жануарлары мен үй құстары. 8 – бет

Мақсаты : әңгімені балаларға түсіндіру барысында сөздік қорларын толықтыру, сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу, ойлау қабілетін дамыту. Ауыл туралы түсінік беру. Үй құстары (балапандары) мен жануарларына (төлдеріне) қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Сөздік жұмысы: қармақ, күбі.

Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: суреттер.

Қостілділік компонент: үй – дом, жануарлары – животные, құстары – птицы.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

І. Ұйымдастыру кезеңі. 1.Балалар шаттық шеңберінде дөңгелене тұрып, төмендегі әнді бірге қосылып айтады: Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік! Қабақ түйген не керек! Көңілді боп жүрейік!

Шаттық

шеңберін

жасайды.


Ұйымдастыру-іздестіру


















2.Педагог балаларға сұрақ қояды: – Бүгін ауа райы қандай? – Айналада қандай өзгерістер бар? – Жылдың қай мезгілі? – Жазғы демалысты қайда өткіздіңдер? – Ауыл сендерге ұнайды ма?

ІІ. Негізгі бөлім.

1. Н. Қадырбаевтың «Ауыл» әңгімесін немесе басқа ауыл туралы әңгімені оқып беру. Әңгіменің мазмұнын ашу қойылатын сұрақтар:

Бейбарыс пен Шолпан жазғы демалыстарын қайда өткізді?

Бейбарыс кімнің қасында болды? – Атасымен бірге не істеді?

Шолпан кімнің қасында болды? – Әжесі екеуі не істеді?

Бейбарыс көрші балалармен қайда барды? – Шолпан әжесі екеуі қайда барды? – Шолпанның әжесі тамақты қалай пісіреді екен? – Шолпан қайда кетті? – Бейбарыс ше?

2. Сергіту сәті: Атамның алып күрегін, Ауланың қарын күредім.

Әжеме құдықтан су әкеліп беремін, Еденді де жуамын, шаң-тозаңын сүртемін.

3. Дәптермен жұмыс.8-9 беттердегі суреттер бойынша «Үй жануарлары мен үй құстары» деген тақырыпта әңгіме құрастыру. Тірек сөздер: күркетауық, тауық, қаз, үйрек, балапан, қой, қозы, ешкі, лақ, жылқы, құлын, сиыр, бұзау, түйе, бота.

4. Үзік сызықтарды қосып, әтеш пен есектің суреттерін салу, бояу. Тауықтың балапаны мен үйректің балапанын штрихтау, қойдың жолын қосып сызу (8-9 беттер).

5. «Айырмашылығын тап» дидактикалық ойыны. Ойын шарты: үй жануарларының суреттері және жабайы аңдардың суреттері берілген. Балалар суреттерге қарап үй жануарлары мен жабайы аңдардың айырмашылығын табу керек.

Балалардың жауаптары тыңдалады.


Әңгімені тыңдайды.







Қимылмен көрсету.


8-9 беттегі суреттерді әңгімелейді.


Үзік сызықтарды қосады.


Ойынды ойнайды.


Рефлексивті-түзетушілік

ІІІ. Оқу іс-әрекетін қорыту. Сұрақ-жауап, көрнекі және түсіндіру әдістері арқылы сабақта алған білімдерін пысықтау.



Күтілетін нәтиже:


Нені біледі:ауыл туралы түсінік беру. Үй құстары (балапандары) мен жануарларына (төлдеріне) қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Қандай түсініктерді игерді:әңгімені балаларға түсіндіру барысында сөздік қорларын толықтыру,

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу, ойлау қабілетін дамыту. Жазуға қолдарын жаттықтыру