Сабақ : Менің Отаным
Мектеп: Еңбекшіқазақ ауданы. Қызылжар ауылы.
О.Жандосов атындағы орта мектеп
Күні:
Мұғалімнің аты-жөні : Сулейменова Шамсия Ержанқызы
Сынып:4 В
Қатысқандар :
Қатыспағандар :
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
Оқушылар Отан туралы өлеңмен танысып, мазмұнын біледі , сұрақтарға дұрыс жауап беріп, негізгі тұстарын анықтайды . Берілген өлеңнің басталуы бойынша жалғастырып сөйлейді. Каллиграфиялық нормаларды сақтап, үзбей жазу арқылы жазу техникасын жетілдіреді.
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар орындай алады : Өлеңді тыңдап , мазмұны бойынша сұрақтарға дұрыс жауап береді.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады :Берілген тақырып бойынша сөйлейді , мазмұндайды ,сұхбат құрай алады .
Кейбір оқушылар орындай алады: Берілген өлеңнің басталуы бойынша жалғастырып сөйлейді, жазады, түрлі дереккөздерді қолдана алады
Тілдік мақсат :
Оқушылар орындай алады : Грамматикалық және орфографиялық нормаларды сақтай алады .Грамматикалық тапсырмаларды өздігінен орындай алады.
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер : туған жер, туған ел, атамекен, елорда, тәуелсіз
Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер :
Отан деген не?
Сенің Отаның қай ел?
Сенің Отаның қандай?
Қазақстан қандай мемлекет?
Талқылауға арналған сұрақтар :
І- топқа Сен өз Отаныңды қандай сөздермен сипаттайсың?
ІІ- топқа Отан үшін не істейсің?
ІІІ-топқа Өз Отаныңа ризашылығыңды қалай білдіресің?
Не себепті ........деп ойлайсыз ?
«Отан-атам, Отан-әкем, Отан-анам, Отан-әжем » деп не себепті айтылған деп ойлайсыңдар?
Ишара: ата, әже, ана ,әке туралы ишарамен айтып , оқушылар не сөз екенін анықтайды , табады.
Алдыңғы оқу :
Отан туралы мақал-мәтелдер, өлеңдер, сурет салу .
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жаттығу түрлері
Ресурстар
Басы
3 мин
5 мин
1)Психологиялық жағымды ахуал туғызу
«Шаттық шеңбері» тренингі
Қане, достар, тұрайық!
Шеңберімізді құрайық!
Дөңгеленіп тұрайық!
Керегені құрайық!
Уықтар боп иіліп,
Киіз үйді құрайық!
Жақсы-жақсы тілектер
Бір-бірімізге арнайық!
Оқушылар бір-біріне тілектерін айтады.
2)Топқа бөлу : «Туған ел» , «туған жер» «атамекен» сөздері жазылған қима қағаздар бойынша үш топқа бөлінеді .
1-топ : «Туған ел» тобы
2-топ : «Туған жер» тобы
3-топ : «Атамекен» тобы
Әр топтан оқушылар алдыңғы оқу бойынша жаттап келген өлеңдері мен мақал- мәтелдерін айтып шығады.
Ақ парақтар тарату.
-Біз бүгін белсендіміз!
-Біздің қолымыздан барлығы да келеді.
Тапсырма: Екі қолдарыңа екі қарындаш алып оң қолдарыңмен де, сол қолдарыңмен де күннің суретін салып, қасына «Отан» деген сөзді жаздыру.
(Сабақтың тақырыбын ашады, сабақ Отан туралы болатындығын болжайды)
бейнебаян
қима қағаздар
А4 парақтар
Ортасы
25 мин
«Ассоцация» әдісі
Ортаға «Қазақстан» сөзін жазып ассоцация құру.
Қазақстан
2- тапсырма мен 3- тапсырмаларды орындау
«Ойлан.Жұптас .Бөліс» әдісі
Әр топ өздеріне берілген топ атауына байланысты оқулықта берілген сызба бойынша сөйлемдер құрайды, жалғастырып сөйлейді. (Құрастырған сөйлемдерін каллиграфиялық нормаларды сақтап, үзбей жазу арқылы жазу техникасын жетілдіреді.)
Отан
туған ел атамекен
туған жер
1-топ : Менің туған елім-Қазақстан
2-топ : Менің туған жерім-Қазақстан
3-топ : Менің атамекенім-Қазақстан
4-тапсырма Тыңда. Оқы
«Отан» өлеңімен жұмыс
1-топ : «Отан» өлеңін мәнерлеп оқу
2-топ : өлеңнің мазмұнын ауызша баяндау
3-топ : өлең жайында өз ойларын айту
«Ойды жалғастыр» әдісі
«Отан-атам, Отан-әкем, Отан-анам, Отан-әжем » деп не себепті айтылған деп ойлайсыңдар?
Берілген өлеңнің басталуы бойынша жалғастырып сөйлейді.
1- топқа Сен өз Отаныңды қандай сөздермен сипаттар едің?
2- топқа Сен өз Отаның үшін не істейсің?
3-топқа Өз Отаныңа ризашылығыңды қалай білдіресің?
бейнебаян
оқулық
тірек-сызба
сызба
аудио
Соңғы
10 мин
«Синквейн» әдісі
Бес жолды өлең құрастыру
Зат есім: Қазақстан
Сын есім: бай, тәуелсіз, үлкен
Етістік: өркендейді, дамиды.
Сөз тіркесі: тәуелсіз Қазақстан
Сөйлем: Біздің тәуелсіз Қазақтан болашақта дамып өркендейді.
Рефлексия Көздерін жұмып «Менің Отаным болашақта қандай болады?» деп көз алдарына елестетіп, өз ойларын айтып шығады.
постер
Қосымша ақпарат «Атамекен» әні