«Тексерген»
Оқу ісінің меңгерушісі _____________ Рамазанова Г.С.
Технологиялық карта
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті «Балапан »тобында
Тәрбиеші: Жуманова А.Б.
Күні,айы,жылы: 29.03.2016 ж.
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»
Оқу іс-әрекет түрі: Көркем әдебиет.
Тақырыбы: Қазақстан-Республикам менің.
Мақсаты: а) Қазақстан Республикасы туралы әңгімелеу;
ә) Балалардың ой-өрісін дамыту;
б) Еліне,жеріне, Отанына деген сүйәспеншіліктерін арттыру.
Алдын-ала жасалатын жұмыс: рәміздердің сүреттерін дайындап қою.
Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар : сүреттер,Қазақстан Республикасының картасы,рәміздердің сүреттері,хрестоматия,мазмұнды сүреттер.
Билингвальді компонент: Отан-Родина, рәміздер-символики.
Қызығушылығын ояту кезеңі
Балаларды бір қатарға тұрғызып,қолдарын жүрек тұсыга қойғызып,Қазақстан Республикасының Гимнін Тұға қарап тұрып орындатамын.
Кіріспе әңгіме:
-Балалар,біз қай республикада тұрамыз?
-Рәміздерге не жатады?
-Бас қаламыз қай қала?
Бүгінгі оқу іс-әрекетінің тақырыбы:
«Қазақстан-Республикам менің!»
Балалар үлкен сезіммен орындайды.
Қазақстан Республикасында
Ту,герб,гимн
Астана
Іздену
ұйымдастыру
-Отан деген не?
Отан деген-біздің еліміз,жеріміз,әке-шеше,баурымыз,тұған жеріміз.Отан туралы жырламаған ақын,жазбаған жазушы жоқ.Қазір мен сендерге ақын Бүркіт Ысқақовтың «Отан» өлеңін оқып беремін.
Отан
Отан сенің- ата- анаң,
Отан -досың,бауырың,
Отан -өлкең,астанаң,
Отан -аудан,ауылың.
Отан -тарих,Отан -тіл
Жасаған елің,өз халқың.
Отан- өлкең,Отан -жыр,
Көтерген көкке ел даңқын.
Отан -осы,достарым,
Көңілге оны түйе біл!
«Отан»деп өсіп жас жаның,
Оны ардақтап сүйе біл.
Қазақстан Республикасының картасымен таныстырамын.
-Біздің Отанымыз- Қазақстан Республикасы.Кең- байтақ,ұлан ғайыр жерді алып жатыр.Осы Қазақстанның картасында көрсетілген қалалардың байлығын атап,қандай шикізат алатындарын көрсетемін. Мысалы,біздің бас қаламыз
-Астана (картадан көрсетемін).
-Тағы да басқа қандай қалаларды білесіңдер? Қазақстан Республикасының рәміздерімен таныстырамын. Герб,Ту,гимн.Гербтің авторларына жалпы сипаттама беремін.Тудың авторларына жалпы сипаттама беремін.
Гимннің авторларымен таныстырамын. Рәміздерге толық жауап беруге үйретемін.Толық жауаптың берілуін талап етемін.
Сергіту сәті
Көтеріліп шаңырақ
Уақтары шаншылар,
Керегелері керіліп,
Өрімдей боп өріліер.
Бәріміз жүрсек айналып
Киіз үй болып керілер.
Балалардың жауабы.
[pic]
Өлең жолдарын қайталап айтады.
[pic]
[pic]
Астана
Қызылорда
Қарағанды
Шымкент
Алматы
Балалар еліміздің рәміздерін айтады.
Қимылдар жасап, бойларын сергітеді.
Рефлексивті-қорытындылау
Қорытындылау. Оқу іс-әрікетін «Күншуақ» ойыны арқылы қорытамын. Ойын шарты: Ортада шуақсыз күн тұрады.Күннің әр шуағында сұрақтар мен тапсырмалар берілген.Күн шуағындағы сұрақтарға жауап беру арқылы күнді күлімдету.Балалардың жауптарына ризашылық білдіріп,мақтаймын,мадақтаймын.
Жауап бере отырып,күнді күлімдетеді.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Қазақстан Республикасының рәміздерін.
Игереді: өлең арқылы еліне,жеріне деген сүйіспеншіліктері артады.
Меңгереді: ойын арқылы сұрақтарға жауап беру барысында,берілген тапсырманы меңгереді.