Ойын сауық Батырлар сайысы

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тақырыбы: «Батырлар сайысы» ойын сауық

Мақсаты:Ұлттық ойындармен,ата-бабалармыздың салт дәстүрімен таныстыру.

Міндеттері : Ептілік,күштілік,төзімділік дағдыларын дамыту;

балаларға қуаныш пен жақсы көніл- күй сыйлау;

үлкенге ізет, кішіні сыйлауға ,ұлттық ойындарымызды насихаттап,

құрметтеуге тәрбиелеу

Құралдар:аттар, арқан, қапшықтар,асықтар

Өткізілетін орын: спорт . залы

Екі топтың балалары қарама- қарсы сап түзеп тұрады.

Жүргізуші:Сәлеметсіндерме, балалар! Біздің ауылға батырларымыз келді.

Бөгенбай батыр бастаған «Барыс тобы»,

Жантай батыр бастаған «Сұңқар» тобы келіп отыр

Ағасы бардың, жағасы бар,

Інісі бардың тынысы бар дегендей ,намысты қолдан бермейік

Ортада «Сұнқар тобы»

Ортада «Барыс тобы»

Жанкүйелер қошеметтеп қарсы алады

Екі топ бір-біріне жалынды сәлем жолдайды

Әділ қазыларын ортаға шақырайық

«Болашақ» балабақшасының әдіскері : Блялова А.Қ.

Дене тәрбиесінің нұсқаушысы : Сыздыкова Л.А.

Логопед : Асаинова Г.Х.

Сайысымызды бастайық.

«Сұнқар» тобы cәлемдеседі

Топтың аты:Сұнқар

Ұранымыз: Біз сұңқармыз, сұңқармыз.

Қалықтаған еркін құс.

Жарысуға сендермен.

Епті және құштармыз.

«Барыс» тобы :

Ұранымыз: Арыстандай айбарлы.

Барыстай біз шыңдалған.

Намысты қолдан бермейтін.

Ержүрек біз батырлар.

Жүргізуші: Жарайсыңдар батырлар,бойларында қуат күштерің тасып тұр екен. Намысты қолдан бермейтін ержүрек батыр екендіктеріңді көрсететін уақыт келді,денемізді қыздырып алайық.

Дене қыздыру жаттығуы: «Батырлар биі»

Сайысымызды бастайық:

1.Бәйге

2.Мергендер(асықпен ойын)

3.Тұтқынға алу.

4.Кедергіден секіру.

5.Арқан тарту.

Үзіліс:Би

Сөз қазылар алқасына беріледі

Жүргізуші:Батырлар сайысы өз мәресіне жетті,жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар батырларымыздың сайысын тамашаладық.Сайыс тартымды өтті.Балалар өздерінің ұлтжандық мінездеріңді көрсеттіңдер,жарайсыңдар.

Сендерді жеңістеріңмен қүттықтаймын.

Халқымыздың ұлттық ойындарын ойнап, насихаттаңдар.

Жеңімпаздар мадақтама қағаздарымен марапатталады.