Күні:
Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы\
Пәні:Өзін-өзі тану.
Тақырыбы:Табиғат –денсаулық мекені!
Ашық сабақ .Мад тобы тәрбиешісі:А.Кушкинбаева Атырау облысы.
Мақсаты:
«Табиғат», «Денсаулық» ұғымының құндылық ретінде мәнін ашу.
Сабақтың міндеттері:
- табиғаттың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
- денсаулығын нығайтуға ұмтылысын арттыру, табиғатқа аялы қарым-қатынасын дамыту;
- денсаулығын бағалауға, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Табиғаттың суреттері, плакат, қоржын, қима суреттер, доп, пайдалы және зиянды тағамдардың суреттері, мәтіннің мазмұнына сай суреттер, үнтаспа.
Шаттық шеңбері:
Қайырлы күн балалар! Мен бүгін сіздерді көргеніме өте қуаныштымын. Балалар, шаттық шеңберін ққрайық.
Балалар, енді қолымыздан ұстап, алақан жылуын сезінейік. Бірге болган қандай тамаша! Табиғат та бірлікті, татулықты қалайды.
Балалар, қолымызды жүрек тұсына бір сәт қойып, дүрсілін тыңдап көрейікші. Біздің жүрегіміз мейірімге, қайырымға, махаббатқа, жылы сезімге толы. Адам бойындағы бар жылу мен мейірім жүректен шығады. Енді осы жүректен алған жылуымызды түсіріп алмай, бір-біріміздің қолымызды қысып, жүрек жылуымен бір-бірімізбен бөлісейік.
Балалар, біз өткен сабақта «Табиғат - әсемдік әлемі» екенін білдік.
Үйге қандай тапсырма берілді?
- «Табиғатта неге ұқсағыларың келеді?» деген тақырыпта сурет салу.
- Енді кезекпен салған суретіміз жайлы айтайықшы.
(Балалар кезекпен өздерінің салған суреттері жайлы айтады).
- Мен бұлбұл құстың суретін салдым. Бұлбұл құс сияқты ән салғым келеді.
- Бұғы - суыққа төзімді жануар. Мен бұғы сияқты сабырлы да, шыдамды болғым келеді.
-Мен орманды алқапты салдым. Ағаштар адамдарға таза ауа сыйлайды. Мен де достарыма риясыз жақсылық жасағым келеді.
- Қарлығаштың суретін салдым. Өйткені мен қарлығаштан қайырылымдықты, мейірімділікті,айналама қамқор болуды үйрендім.
- Күннің суретін салдым. Күн бізге жылуын береді. Мен де күн сияқты айналамдағыларға жылуымды таратқым келеді. Мейірімді болғым келеді....
Жарайсыздар, балалар! Салған суреттеріңіз сондай әдемі екен. Суреттеріңізге қарап-ақ сіздердің жүректеріңіз махаббатқа, сүйіспеншілікке толы екені көрініп тұр. Рахмет сіздерге.
Ал біз бүгінгі сабақта «Табиғат - денсаулық мекені» екенін білетін боламыз. Әңгімелесу.
• Табиғи тағамдарға нелер жатады?
• Таза ауа, су, топырақтың адам денсаулығына қандай пайдасы бар?
•Денсаулық үшін қандай тағамдар пайдалы, қандай тағамдар зиян деп ойлайсыздар? (Балалардың жауаптары тыңдалады.)
«Ас-адамның арқауы» деген нақыл сөз бекерден бекер айтылмаған. Балалар ыстық тамақ жемей «фастфудты» азық етуге құмар. Әрине, бұндай тағамдар тез арада семіру, іштің қатуы және асқазан ауруларына әкеп соқтырады. Бүкіл әлем балаларының құмарлана жейтін гамбургер, чизбургер, «картофелъ фри» деген тамақтардың денсаулыққа деген зияны осындай.
Дәрігерлер «Чипсы», «Кериешки» сияқты тағамдарды, газды сусындарды көп пайдалану түрлі ауруларға шалдықтырады дейді. Себебі, олардың құрамында газ бен тұз аса көп. Қазақстандағы барлық мектептердің тамақтану орындарында әлгі «қътырлақтар мен газды суларды» сатуға тыйым салынған.
Дұрыс тамақтанудың денсаулық үшін маңызы зор. Біз тамақтану үшін өмір сүрмейміз, өмір сүру үшін тамақтанамыз. Денсаулық-адамға Табиғаттың берген ең ұлы кұндылыгы екенін ұмытпайық, балалар!
Мәтінмен жұмыс.
Мәтінді мәнерлеп оқып беремін, тақырып мазмұнына сай суреттерді слайдпен көрсетемін.
Өсиет әңгіме
Ертеде бір қарияның үш ұлы болыпты. Өздері әкесін қаты жақсы көретіні соншалық, қарттың ұзақ та сау өмір сүруін армандап, оның жолын қайдан табамыз деп, ұзақ кеңесіпті.
Әрі ойланып, бері ойланып, ақырында ел арасынан денсаулықтың мекенін іздемекші болыпты. Ұлдарына дән риза болған қария, үш ұлының да еліне кезек-кезек барып тұрыпы.
Қария бақытты да баянды, ұзақ ғұмыр кешіпті.
· Қарияның ұлдары денсаулықтың мекенін қайдан тауыпты?
· «Саялы орман», «Таза көл», «Көрікті жер» неліктен денсаулық мекені бола алады?
· Өсиет әңгіме сіздерге қандай ой салды? Кейіпкерлерге айтар алғыстарыңыз бар ма?
1. Мен қарияның ұлдарына алғысымды білдіремін. Денсаулықтың мекенін дұрыс таңдады. «Жарайсыңдар, балалар!» дегім келеді.
2. Мен де осы балалар сияқты ақылды да, мейірімді болғым келеді.
3. Ал мен қарияға алғыс айтар едім. Ата өз ұлдарына жақсы тәрбие берген. Мен де өскенде өз ата-анама қараймын.
4. Мен қарияның ұлдарына үлкен рахмет айтқым келеді. Табиғаттың денсаулыққа пайдалы екеніне көзімізді жеткізді.
5. Табиғаты көркем, ауасы таза жерде адамдардың ауырмайтындығын білдім....
Жаңа ақпарат.
Таза ауа, таза су, пайдалы тағам, көтеріңкі көңіл күй, спорт адам денсаулығын сақтауға көмектеседі.
Бейне роликті тамашалау.
Осындай ауасы таза, табиғаты аса көркем, жұпар иісті, көгілдір таулы, суы мөлдір жерлерде демалыс орындары, сауықтыру орталықтары орналасқан. «Балдәурен» РОСО еліміздің ең көрікті жерлерінің бірі Бурабай курорты аймағында Щучъе көлінің жағасында орналасқан.
Денсаулықты нығайту мен сақтаудың негізгі тәсілдерінің бірі - салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады.
Әйгілі ғалым Н.М.Амосов былай деген: «Ден сау болу үшін қозғалу керек. Денсаулыққа дене шынықтыру арқылы ғана жетуге болады!»
Өз денсаулығымызға ерекше мән беріп, салауатты өмір салтын сақтайық!
Алған әсерімізбен бөлісейік. Көңіл күйлеріңіз қандай?
· Мен өзімді әсем табиғат аясында жүргендей сезіндім. Рахаттанадемалдым!
· Мен достарыма «Табиғат-емші»,табиғатты таза ұстайық дегім келеді.
·Таза ауада серуендесек деніміз сау болады....
· Денсаулықтан асқан байлық жоқ. Денсаулығымыз жақсы болсын десек, табиғаттың тазалығын сақтайық!
Дәйексөз
Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,
Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.
Р. Сәтімбекұлы
Табиғат жаратылысы, құбылыстары, тіршілігі - оның тынысы деп аталады. Олардың барлыгы адам жанына саулық береді. Жан саулығы - денсаулығының негізі. «Табиғат тынысы-жан ырысы» дегеніміз осы.
Балалар, Ақбота қоржынын беріп жіберіпті. Сиқырлы қоржын бізге не ұсынар екен? Сурет қиындылары. «Табиғатпен біргеміз» деген тақырыпта шығармашылық жұмыс жасайтын болдық.
Шығармашылық жұмыс «Табиғатпен біргеміз!»
Сурет қиындыларын құрастыру. Әр суреттің артында тапсырма, сұрақтар берілген. Оқушы суретті таңдайды да, сұрақтарға жауап берген соң үлгі бойынша плакатқа жапсырады. (Суреттер: күн, бұлт, тау, өзен, ағаштар, гүлдер, шөптер, малдар, құстар, доп ойнап жүрген адамдар.)
Күн
Егер де күн болмаса, не болар еді?
Бұлт
Егер де ауа болмаса, не болар еді?
Доп ойнап жүрген адамдар
Ойын: «Жер, су, ауа, от»
Балалар, доп ойнап серігіп демалайықшы.
Ойынның барысы: Балалар дөңгелене тұрады.
Кез келген ойыншыга «Жер!», «Су!», «Ауа!», «От!» деген сөздердің біреуін айтып қымдагы допты лақтырамын. Допты тосып алған бала «Жер!» десем кез келген жер бетндегі тіршілік иелерін, жан-жануарларды, «Ауа!» десем құстардың атауын, «Су!» десем балықтардың атауын (жайын, сазан, шортан, бекіре, табан, алабұгы, жылан балық...т.б) айтып допты қайта лақтыруы тиіс. Ал енді «От!» сөзді естігенде дотпы ұстап алып, үндемей, арқасымен бұрылуы тиіс.
Өзен
Егер де су болмаса, не болар еді?
Күн
Егер де күн болмаса, не болар еді?
Бұлт
Егер де ауа болмаса, не болар еді?
Малдар Табиғаттан нені үйрендік?
Өзен
Егер де су болмаса, не болар еді?
Малдар
Табиғаттан нені үйрендік?
Тау
Табиғатты кімдер қорғау керек?
Ағаштар
Табиғатқа қандай қамқорлық көрсетіп жүрсіңдер?
Шөптер
Табиғаттың тазалығын қалай сақтайсыңдар?
Құстар
Өзіммен-өзім
Үнтаспадан табиғаттың сырлы дауыстары естіледі.
Балалар, ыңғайланып отырыңыздар. Көздеріңізді жұмсаңыздар да болады. Біз табиғатты тамашалап жүрміз. Жайқалған жасыл әлем. ...Таза ауамен терең тыныс алайық. Біздің көңіл күйіміз көтерілді. Жүрегіміз қуанышқа, шаттыққа толды. Қолымызды жүрегімізге қойып: «Сүйкімді жүрегім менің, мен сені жақсы көремін. Сен жақсы жұмыс істе. Әрқа- шан қайырымды, мейірімді бол» дейміз. Жүрегіміздің соққанын сезіп тұрмыз. Іштей жүрегімізге алғысымызды білдіреміз....
Тамаша табиғатта серуендеп келеміз. Айнала жап - жасыл. Алдымыздан мөп-мөлдір, тап-таза бұлақ шықты. Бұлақтың суын ішеміз. Біздің ойымыз да, бойымыз да бұлақгай тазарып, жақсы ойларға бейімделіп, денсаулығымыз жақсара түсті. Өзімізді жеңіл, сер- гек сезіндік. Іштей бұлаққа алғысымызды білдірейік....
Сәл ғана жүріп, аққайыңның көлеңкесін саялап отырып демаламыз. Біздің жан дүниеміз тынышталды, рахатқа бөленді. Енді денсаулығымыз жақсы, көңіл күйіміз көтеріңкі. Осы сезіммен бұрынғы қалпымызға келеміз. Көздеріңізді ашыңыздар.
«Өзіммен-өзім» сәтінде көз алдыңа елестеген көріністердің суретін салыңдар. Алған әсерімізбен бөлісеміз.
· Мен жүрегіме алғыс айттым. Сол себепті жүректің суретін салдым.
· Мен өзімнің бұлақтан су ішкенімді елестеттім де, мөлдір бұлақты салдым.
· Мен аққайыңды саялап демалып отырған адамның суретін салдым. Өйткені мен де осылай демалдым.
· Маған табиғат аясында серуендеген ұнады. Мен жақсы демалдым.
· Өзім серуендеген табиғаттың суретін салдым.
Қорытынды:
Табиғаттың тазалығын сақтасақ, өз денсаулығымызды сақтағанымыз екен,
балалар.
Жүректен жүрекке:
Қане балалар, бір-бірімізге күлімсірей қарап гүл сыйлайықшы.
(қимылмен көрсетеді.)
Балалар, Табиғат - Анаға ризашылығымызды білдіріп, рахмет айтайық,
жүректен шыққан тілектерімізді арнайық.
· Мен гүлдеріміздің жайқалып өскенін тілеймін.
· Ата-анамыз аман болсын!
· Күн, жылу бергенің үшін рахмет!
· Табиғат, денсаулық сыйлағаның үшін рахмет!
· Күн, сәуле шашып, жарқырағаның үшін рақмет!
· Жер, дем беріп, күш қосқаның үшін рахмет!
· Су, өмірдің нәрі болғаның үшін рахмет!
· Көк туымыз биікте желбірей берсін!
· Күніміз жарқын болсын!
· Аспанымыз ашық болсын!
· Ауамыз таза болсын!
· Бәріміз аман-сау болайық!
· Еліміз бай болсын!
· Тыныштығымыз баянды болсын!
· Мал-жан аман болсын!
· Деніміз сау болсын!
· Ағаштар жайқалып өссін!
· Нанымыз көп болсын!
· Мен саялы ағаштар жайқалып өссін деймін! Мен табиғат - Ана
жап-жасыл болып тұрсын деймін! Ал енді бәріміз бірге «Көктем»
әнін шырқайық!