Тақырыбы: «Көлік түрлері» №6 Балапан Балабақша

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


[pic]

Рабиға Көшкінбайқызы, №6 «Балапан» балабақшасының тәрбиешісі

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы



Оқу іс – әрекеті: Айналамен таныстыру

Тақырыбы: «Көлік түрлері»



Мақсаты: Көлік түрлері туралы білім беру.

Білімділік: Су, ауа жер көліктер түрлерімен таныстыру, жолда жүру ережесі туралы білімдерін кеңейту.

Дамытушылық: Ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Әдептілікке, мейірімділікке, жолда жүру тәртібін сақтауға тәрбиелеу.

Әдіс – тәсіл: түсіндіру, әңгімелесу, жұмбақ жасыру, көрсету, сұрақ-жауап.

Қолданылатын құрал: Техникалық құрал-жабдықтар, көлік түрлері, бағдаршам, әр бір көліктер слайдпен көрсетіледі.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Балалар, бүгін бізге көптеген қонақтар келіп отыр. Көтеріңкі көңіл күймен қонақтармен «Шаттық шеңберге» тұрып амандасып алайық

Күннің көзі ашылсын,

Көкке шуақ шашылсын.

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті.

Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің басы ғой.

Ал қанекей бәріміз,

Сәлем дейік үлкенге

Сәлеметсіздер ме, апайлар!



  • Жарайсыңдар балалар, орындарымызға отырамыз!

  • Айтыңыздаршы балалар, бүгін аптаның 4-ші күні. Ол қалай аталады?

  • Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Күз мезгілінде қанша ай бар? Олар қандай айлар?

  • Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?

  • Күзді «Жомарт күз» деп неге атаймыз?

  • Өте жақсы, жарайсыңдар! Балалар күз мезгілін суреттейтін қандай тақпақтарды білеміз?

Ақтілек: Миуа мол-ақ,

Алма мен жүзім.

Атымтай жомарт,

Секілді күзің.

Нұрай: Түсті алтын жапырақ,

Ағаштан үзіліп.

Ұшты ұзақ сапарға,

Тырналар тізіліп.



Азамат: Қуандырып біздерді,

Мерекелі күз келді.

Кел жемісті алтын күз,

Кемелденсін алтын күз.



  • Өте жақсы жарайсыңдар.



ІІ. Өткенді қайталау.

  • Балалар өткен оқу іс-әрекетімізде «Туған өлке» деген тақырыпта түсінік алдық. Ал, енді балалар айтыңыздаршы біз қай Республикада тұрамыз?

  • Қазақстан Республикасының президенті кім?

  • Ұлтымыз қандай?

  • Ана тіліміз қай тіл?

  • Біз қай қалада тұрамыз?

  • Жаңаөзен қаласын және қалай атауға болады?

  • Балалар, Жаңаөзен қаласы күн күннен көркейіп, әсем қалаға айналып келеді. Онда әдемі сәулетті үйлер, балабақшалар, мектептер, ойын алаңдары көбеюде.

  • Енді балалар бүгінгі жаңа тақырыбымызға назар аударайық!

ІІІ. Жаңа тақырып: «Көлік түрлері»

Ғажайып сәт:

[pic]

Балалармен амандасып топқа жол полиция қызметкері кіріп келеді. Балалармен көңілді амандасып, өзін таныстырады

  • Балалар, сендердің бүгінгі тақырыптарың көлік түрлері болғандықтан мен сендерге жолда жүру ережелері жайында түсінік беруге келдім.

Бағдаршам туралы, бағдаршамның көздерін түсіндіреді, жолда жүру тәртібін үйретеді.

  • Балалар, сендерге бағдаршам ұнады ма және түсіндіңдер ме? Олай болса маған кім түсіндіріп береді?

Жандос: өз бағытымыздағы қызыл түсте тоқтаймыз, сары түсте жүруге дайындалып тұрамыз, ал жасыл түсте жүреміз.

  • Өте жақсы балалар, сендердің бағдаршам туралы түсінгендеріңізге өте қуаныштымын. Қош сау болыңдар, жолда аман – есен жүріңдер

  • Сау болыңыз, жолыңыз болсын!

  • Балалар, жол полициясының бағдаршам жайлы айтқан әңгімесінен кейін бүгінгі жаңа тақырыбымызды жалғастырамыз.

Ертеде адамдар көлік ретінде жануарларды пайдаланған. Егер біздің қазақ халқын алса ат, түйе мінген, үндістер пілді, кейбір шығыс халықтары есек, бұқа – сиырларды көлік қылған. Суық аймақтарда иттерді шанаға жеккен, бұғыларды көлік қылған (жануарлар дыбысы)

Қазіргі танда бұл көліктердің маңызы төмендеді. Қазір көліктің түрлері өте көп, оларды бірнеше топқа бөлуге болады: жерде жүретін, ауада ұшатын, суда жүзетін көліктер.

Әуе көліктеріне ұшақ, тік ұшақ, зымыран, ал су көліктеріне кеме, қайық, жер көліктеріне машина, автобус, велосипед, мотоцикл т.б жатады. Жер көліктерінің өзі бірнеше түрге бөлінеді. Олар жүк тасымалдаушы, жолаушы тасымалдаушы, ауыр және жеңіл машиналар. Бұл көліктердің бәрін арнайы маман иелері жүргізеді. Ұшақты – ұшқыш, машинаны – жүргізуші, кемелерді – кеме капитаны басқарады.

Бұл көліктердің пайдасы – адамның еңбегін жеңілдетеді, алысты жақындатады.

  • Балалар, бүгінгі жаңа тақырыпқа сендер түсіндіндер ма?

  • Балалардың жауабы.

  • Олай болса мен сендерге жұмбақ жасырайын:

  1. Арқасында ауыл жур,

Ала тайым шауып жүр.

(автобус)

  1. Екі аяқты «шайтан»

Маймаңдар қайқаң – қайқаң.

(велосипед)

  1. Қыл кеңірдек батыр,

Тау көтеріп жатыр.

(көтергіш кран)

  1. Оңға да бұрады,

Солға да бұрады.

Тәртіп сақтап әрқашан,

Жолды нұсқап тұрады.

(бағдаршам)



ІV. Сергіту сәтті «Көлік»



  1. Көлік кетіп барады,

Жан – жағына қарады.

Бағдаршамда қызыл жанғанда,

Көлік тоқтап қалады.



  1. Пойыз кетіп барады,

Жан – жағына қарады.

Бағдаршамда қызыл жанғанда,

Пойыз тоқтап қалады.



V. Дидактикалық ойыны «Бұл қандай көліктер»



[pic]



Мақсаты: ойыншық көліктердің ішінен суда, әуеде және жерде жүретін көліктерді ажырату. Балалар көліктерді үшке бөліп көрсетеді.

  • Балалар, көліктердің қандай пайдасы бар?

  • Балалар өз пікірлерін айтады.

  • Ал зиянды жағын кім айтады?

  • Балалар пікірі.

  • Қоршаған ортаны қорғау үшін көшелерге не отырғызылады?

  • Балалар жауабы.

  • Көліктерде мәдениеттілікті, әдептілікті қалай жасаймыз?

  • Балалар жауабы.



VІ. Қорытынды

  • Балалар біз бүгін не үйрендік?

  • Балалардың жауабы.

  • Үйде аға – әкеміз көлікпен жол жүруші болса не дейміз?

  • «Жолың болсын» дейміз

  • Балалар бүгінгі оқу іс-әрекеті сендерге ұнады ма?

  • Балалардың жауабы.

  • Бізге қонаққа кім келді?

  • Балалардың жауабы.

  • Балалар сендер бүгінгі оқу іс-әрекетіне өте жақсы қатыстыңыздар.

  • Жарайсыңдар, балалар. Барлығыңыз жол ережесін сақтап, көліктермен аман – есен жүрейік. Осымен бүгінгі оқу іс-әрекетіміз аяқталды. Келген қонақтармен қоштасамыз. Қош сау болыңыздар!



[pic]





Күтілетін нәтиже

Нені үйренеді: машина түрлерінің айырмашылығын айтады. Жолда жүру ережесін үйренеді.

Қандай түсініктері игерді: көліктердің қолданылуы және адам өміріндегі тигізетін пайдасы жайлы түсінік болуы керек.

Менгерген дағдылары мен іскерліктері: жұмбақ шешіп, тақпақ айтады, сұраққа жауап беріп, көліктерді топтастыра алады.