Ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекеті
Тақырыбы:Ұшақ
Тәрбиеші: А.Б.Казанова
«Балбөбек» балалар бақшасы
Үлкен Нарын ауылы
Білім беру салсы:Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті :Жапсыру
Тақырыбы:Ұшақ
Мақсаты: көлік және олардың түрлері туралы түсініктерін бекіту;өз беттерінше жапсыру жеке жолдарын ойлап табу дағдыларын қалыптастыру. Ұшақты жапсырып құрастыруда материалды оның бөліктеріне сәйкес таңдап,жасалу ретіне,қарай дұрыс жапсыра білуге үйрету.
Қажетті құрал:Әртүрлі суреттер үлестірмелі материалдары
Билигвальный компонент: ұшқыш-летчик, ұшақ-самолет, аспан-небо.
Мотивациялық-қозғаушылық
Жылулық шеңбері:
Біз бақытты баламыз
Айтқан тілді аламыз
Достарымды көргенде
Амандасып қаламыз
Сәлем, сәлем, сәлем.......
Тәрбиеші:
-Балалар, мен сендерге бір нәрсе көрсетемін.
-Бұл не деп ойлайсыңдар?
Балалар жылулық шеңберін орындайды.
Қызығушылық көрсетеді, тақпақты тыңдайды.
Ұйымдастырушылық-ізденістік: Үнтаспада ұшақтың дыбысы естіледі: топқа Дымбілмес кіріп келеді:
-Сәлеметсіңдер ме, балалар?
-Сен бізге қай жақтан келе жатырсың? Дымбілмес сен біздің сабағымызға қатыс, отыр жайғас.
- Ұшақ деген не, балалар, маған айтып беріңдерші?
-Балалар ұшақты кім ұшырады?
-Балалар,ұшақ қандай көлік ?
-Әуеде ұшатын көлік.
-Балалар,аспанда не бар?
- Аспанда ұшақ, бұлт, Күн бейнеленген
-Балалар сендер дұрыс айтасыңдар.
-Рахмет балалар!Алдағы уақытта ұшақтар туралы біліп жүретін болдым.
-Мен сендерге жұмбақ жасырайын:
Құстан аумайды,
Көкте зулайды /ұшақ/
Күміс қанат сұңқары,
Көкке еркін сүңгиді.
Бұлттан да тым әрі,
Кеткен жанды кім дейді? (Ұшқыш)
Балалар тәрбиешінің жасырған жұмбақтарын шешеді: Ұшақ,Ұшқыш.
-Балалар ұшақтар қайда ұшады? (аспанда)
-Ал сендердің ұшқыш болғыларың келе ме?
-Иә, мен өскенде ұшқыш болғым келеді.
-Ұшқыш болу үшін не істеу керек? (Ұшақ жасау керекпіз.)
-Ендеше, біз нағыз ұшқыш болу үшін өзімізге ұшақ жасайық. Ұшақ жасау үшін мына суретке назар аударайық.
-Суретте нелер бейнеленген? Ендеше, фонға ұшақтың қанатын жапсырамыз, одан соң, ұшақтың қанатын сәл төменірінек ұшақтың құйрығын жапсырайық, қанаты мен құйрығының үстіне ұшақтың негізгі бөлігін жапсырамыз.Ұшақтың негізгі бөлігінің ішінде адамдар отырады, ал олар қайда ұшып бара жатқанын білу үшін оларға терезе керек.
-Олай болса терезесін жапсырайық.Ұшағымыз ұшу ұшін оның алдыңғы жағына қалағын (пропеллер) және оны ұшаққа бекітіп тұратын дөңгелекті жапсырамыз. Ұшағымыз дайын болды.
Балалар үлестірмелі материалдағы суретке қарайды.
Сөздік жұмыс: қалақ.
Қайталайды: қалақ.
Суретте аспан, ұшақ, бұлт, Күн бейнеленген.
Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдап, оның айтуы бойынша орындайды.
Тәрбиеші оқу іс- әрекеті барысында көмек сұраған балалармен жеке жұмыс өткізеді. Балалар берілген нұсқау бойынша жапсыруды орындайды..
Билингвальді компонент: ұшақ- самолет,аспан- небо.
-Дымбілмес, енді біздің балалармен бірге сергіту сәтін жасайық!
Сергіту сәті:
Аспан,аспан,арайлым.
Саған жиі қараймын,
Сені көзбен шаламын,
Мен ғарышкер боламын.
Балалар сергіту сәтін тәрбиешімен бірге қайталап айтады, қимыл қозғалыстар жасайды.
Балалардың жасаған жұмыстары тақтаға ілініп, талданады.
Өздері дайындаған ұшаққа қызыға қарайды.
Іс-әрекеттің бағалау кезеңі
Қорытынды.
Балалар, бүгін ұйымдастырылған оқу іс әрекетінде не үйрендіңдер?
Ұшақ жапсыру қызық па екен?
Тәрбиеші балаларды марапаттайды, дайындаған жұлдыздарды балаларға таратады.
Ұшақ жасауды үйрендік. Иә, өте қызық. Балалар жұлдызша алғандарына қуанады.
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: ұшақтың бөліктерін, оларды рет ретімен жапсыруды;
Түсінеді: ұшақтың әуе көлігі екенін, аспанда ұшатынын; беріген тапсырманы тыңғылықты орындауды;
Қолданады: жапсыру барысында ұшақ бөліктерін ретімен орналастыруды.