Жасы бойынша топ: Мектепалды даярлық тобы.Күні
Тәрбиеші :Есенгазина Лиза
Ұйымдастырылған оқу- әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас.
Бөлімі:Тіл дамыту.
Тақырыбы:Тілдің дыбысталу мәдениеті Р дыбысы.
Мақсаты:Өткен әріптерді еске түсіре отырып, ойлау қабілетін дамыту. Р дыбысымен таныстыру, р дыбысы кездесетін сөздерге мысалдар келтірту. Дыбыстық талдау жасауға, сауатты жазуға үйрету.
Көрнекіліктері: шар, ара суреттері, кеспе әріптер, буындар, текшелер, әріп элементі жазылған плакат, иттің суреті.
Қостілді құрам: ит-собака, қасқыр-волк, шар-шарик.
Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық
Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.
Асық арқылы бір-біріне тілектер айтады.
Асықтар
Жылы лебіздерін білдіреді.
Ұйымдастыру іздену
Тіл ұстарту.
Дәптермен жұмыс.
Төмендегі мысалды оқимын:
Райыс иті Ақтөспен тоғайға келді. Тоғайда шөп қалың екен. Ақтөс шөп арасынан кірпіні көрді. Ол оған ырылдай жөнелді.
Иттің ырылдаған дыбысын салдыру.
Райыс, кірпі, ырылдау деген сөздерін буынға бөлдіру.
Осы сөздерге дыбыстық талдау жасату.
Р дыбысымен таныстыру.
Р дыбысы бар буындарды хормен оқыту: -ра, -ре, -ру, -ро.
Бірнеше сөздерді оқимын, балаларр дыбысы кездесетін сөздерді айтады. Р дыбысының сөздің қай жерінде кездесіп тұрғанын және сол сөздерді буынға бөліп айтады.
Қала, қар, қамыс, қарға, қатық, рақат.
Ра-ра-ра
Раушан, шашыңды тара.
Әліппе-дәптердегі радио, торсық, қасқыр сөздеріне дыбыстық талдау жасату. Р дыбысының сөздің басында, ортасында және соңында кездесетіндігін түсіндіру. Өткен дыбыстармен р дыбысын қосып, буын, сөз құрастыртып оқыту.
Әліппе-дәптердегі буындар мен сөздерді оқыту.
Р әрпін үлгі бойынша үзік сызықтарды қосу арқылы жаздыру.
Әліппе-дәптердегі соңғы тапсырманы балаға өздік жұмысы ретінде беруге болады. Бос торкөздерге сөз құрастырып жазады. Мысалы: ара, қара, тара, қар, жар деген сияқты сөздерді жазулары тиіс.
Сергіту сәтін орындау:
Отырып-ақ орнымда,
Айдын көлді кешемін.
Сен білмесең егерде,
Былай ескек есейін.
Шар, араның суреттерін көрсетіп, аттарын атату, «р» дыбысын тапқызу, әріп текшелермен осы сөздерді құрастыртып жазғызу.
Шар, ара сөздерін қатыстырып, сөйлем құрастыру. Буынға бөлгізу.
Өз ойларынан р дыбысын қатыстырып, сөз құрастыру.
-ра –ре –ро –ру буындарын бірнеше рет хормен және жеке-жеке айтқызу.
Ит суреті
Кеспе әріптер, Р әрпі, текшелер, суреттер.
Әліппе дәптер
Шар, ара суреттері
Мысалды тыңдайды.
Ырылдауды салады.
Рай-ыс, кір-пі, ы-рыл-дау.
Р дыбысымен танысады.
Сөздерді қайталайды.
Тапсырмалар- ды орындайды
Жаттығуды қимылмен орындайды.
Суреттерге сөйлем құрайды.
Р дыбысына сөздер айтады.
Буындарды айтады.
Рефлексивті түзету
Балалар бүгін қандай дыбыспен таныстық?
Р дауысты ма әлде дауыссыз дыбыспа?
Балаларды мадақтау.
Р дыбысымен таныстық.
Р дауыссыз дыбыс.
Күтілетін нәтиже:
Жүйелейді: Р дыбысы дауыссыз дыбыс екенін білді.
Қолданады: Р дыбысына сөздер құрайды , сөздер арасында қолданады
Түсінеді: дыбыс,буын туралы түсінеді