Достық қарым-қатынасты қалыптастыру
Мақсаты:Балаларының арасында достық қарым-қатынасты нығайту, ұйымшылдыққа тәрбиелеу,бірін бірі тыңдауға үйрету, қырағылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Ойлау, есте сақтау, есту қабілеттерін дамыту.
Сәлемдесу: Көтеріңкі көңіл күй сыйлай мақсатында дененің әтрүрлі мүшелерімен амандасу ( қолмен, баспен, иықпен, құшақтасып, өкшемен т.б.)
«Молекула» Шапшаң саналуға топтасуға үйрету.
Шарты: Қандай сан атасам, сонша баладан тұратын шеңбер құруы керек. м: 3 десе 3 адамнан тұратын.
«Бүлінген телефон»
Шарты: тізбектеле отырады, жүргізуші бір сөзді тізбек басында отырған баланың құлағына сыбырлап айтады. Ол келесінің құлағына сыбырлап айтады, ең соңғы тұрған адам не естігенін дауыстап айту керек.
«Тірі шеңбер» ұжымдыққа бірлесуге арналған
Шарты: Қол ұстаса шеңберге тұрып, тұтас бір жануар ретінде елестетіп, жануардың демалғанын бейнелеу, Шеңбер ритммен кішірейіп, үлкеюі керек. Бірдей жасамаса жануардын тыныс алуы қиындайды.
Сергіту сәті «Көңілді музыка»
Шеңберге тұрып, қолдарын иықтарына салып билейді.
«Не өзгерді» қырағылыққа арналған
Шарты: Екі бала ортаға шығады, біреуінің көзін жұмып, екінші баланың киімін өзгертеміз, көзін жұмған бала қарап табуы керек не өзгергенін.
Рефлекцация: Бүгінгі ойынымыз ұнадыма? Балалар бір бірімізбен дос болсақ қандай көңілді. Бірлесіп қаншама ойындар ойнауға болады. Досы көпті жау алмайды деген ендеше бізде бәріміз жақсы дос болайық.
Балақай, балақай
Ерте жас тобына арналған
Мақсаты: Бейімделу кезеңін оңай өтуге көмектесу, балалар бір біріне жақындастырып, таныстыру, Би қимылдары арқылы өзін өзі еркін ұстауға сенімділікке тәрбиелеу
1. Шеңбер бойына тұрғызыу.Амандасу
2. 1.«Балақай, балақай
Ата қалай жүреді?
Ата былай, ата былай
Дәл осылай жүреді.
2.Балақай, балақай
Апа қалай жүреді?
Апа былай, апа былай
Дәл осылай жүреді.
(Осы сияқты торғайды, қыздарды, аюды, солдатты қимылдарын көрсетіп қайталату)
Қортынды: Сонымен балалар апа қалай жүреді екен? Ата қалай жүреді екен? Торғай қалай ұшады? Жарайсындар !!!
Доппен ойнау
Ерте жасқа арналған
Мақсаты: Балабақшаға жаңадан келген балаларды топтағы балаларға бейімдеу, ойын арқылы жатырқауды қойғызып, жақынрақ танысу. Доппен ойнауды үйрету, қағып ау, лақтыру, тебуге үйрету. Шапшаңдылыққа, ептілікке, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Шеңберге тұрғызып амандасу жылылық сыйлау
-Балалар мынау не? (Доп)
-Қане, ендеше доппен ойнайық.
(допты шеңбер бойында тұрған балаларға лақтыру. Бала допты өзіме кері қайтарады.
Доппен теуіп ойнау шағын фудбол ойынындай доп қуаласып, теуіп ойнату.
Қортынды: Балалар жаңа біз не істедік? Доппен ойнадық.