Біз мектепке барамыз.
Мақсаты: Балалардың жыл бойы алған білімдерінің, үйренген жұмыстарының нәтижесін көрсетіп,балалардың сөздік қорын, тілін, ой-өрісін кеңейту. Ойын дамыту мен оларды ұйымшылдыққа ,отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Шарлар, гүлдер, қанатты сөздер, сандар, әріптер.
Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Бүгін бізде қуанышты да, ерекше күн.Кішкентай ғана бүлдіршендерімізтәлім-тәрбие алып, өнер үйреніп, жыл бойы білімге жол ашқан мектепалды даярлық тобымен қоштасып, 1- сыныпқа қадам басқалы тұр. Осы бүлдіршіндеріміздің «Біз мектепке барамыз.» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер.
Айналайын балалар,
Алдыңда мектеп-ана бар.
Өсті, міне,бойларың,
Өсті міне ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!
Хор: Әнұран.
Бақдәулет Балнұр бізде қандай той болады?
Балнұр Бақдәулет сен білмейсің бе? Біз тобымызбен қоштасамыз.
Бақдәулет Иә, жасымыз 6-ға толды.
Балнұр Бақдәулет мен біртүрлі жүрексініп тұрмын.
Бақдәулет Неге қорқасың?
Балнұр Қарасаңшы қонақтар өте көп, сөздерімді ұмытып қалатын сияқтымын.
Бақдәулет Келген қонақтар өзіміздің ата-аналар мен ұстаздар ғой. Қорықпа, мен тұрған жоқпын ба? Бастай бер.
Балнұр Ардақты аталар мен әжелер!
Бақдәулет Құрметті аналар мен әкелер!
Балнұр бізге қызыға қарап отырған іні-сіңілілер!
Бірге Баршамызға мереке құтты болсын!
Хор «Біз мектепке барамыз»
Несібелі
Қуанамыз, сыйлаймыз,
Қуаныштың мың гүлін.
Тобымызды қимаймыз,
Қоштасатын күн бүгін.
Муслима
Біз мектепке барамыз,
Қолға қалам аламыз.
Кітапты да оқимыз,
Суретті де саламыз.
Мадияр
Үлкендердей тап-таза,
Жазамыз бормен тақтаға.
Үлгілі бала боламыз,
Жүретіндей мақтана.
Тәрбиеші –Балалар біз даярлық топта қандай оқу іс-әрекетімен таныстық? Айтып көрейікші.
Балалар –Сауат ашу, математика, тіл дамыту, көркем әдебиет, айналамен таныстыру, сурет, мүсіндеу, жапсыру, музыка, дене шынықтыру, құрастыру.
Асылжан
Алфавитті білдіңіздер,
Онда жүйе, қалып бар.
Біздің қазақ тілінде ,
Қырық екі әріп бар.
Фатима «Алфавит сыры»
Алфавиттің «А» тұрады басында
Әрқашанда «Ә» тұрады қасында.
Байқадың ба «Б» тұрады үшінші,
Ал осының сыры неде түсінші.
Нұрбек
А деген ол аналар ғой ардақты,
Ә деген ол әкелер ғой салмақты.
Б дегенің балалар ғой әдемі,
Біздің елде үшеуі де әдемі.
Екеуі бірге
Алшақ кетпей
Сондықтан да расында,
Тұрады ол
Алфавиттің басында.
Ән «Тілашар» Ханшайым мен Жанель
Азиз
Өсік ой мен санамыз,
Өмірге жол саламыз.
Білім қуған баламыз,
Біз оқушы боламыз.
Әсел
Іші толған әріпке,
Жақсы кітап әліппе.
Әіппені аламыз,
Біріншіге барамыз.
Гүлден
Мектеп қамқор анамыз,
Оқып білім аламыз.
Өнерпаз боп өсетін,
Біріншіге барамыз.
Айсұлу
Биыл күзде мектепке
Біріншіге барамын.
Мақтанбаймын мен текке,
Дайын дәптер қаламым.
Елдос
Адамдықтың бастауын
Өзіңнен алып барамыз,
Даярлық сынып енді біз
Қоштасамыз сізбенен
Сабырхан
Ашып мектеп есігін,
Мінеміз білім кемеге.
Даярлықпен қоштасып,
Біріншіге барамыз.
Аңсат
Өсті міне бойымыз,
Өсті ақыл ойымыз.
Жиналған бүгін бар қауым,
Құтты болсын тойымыз.
Көрініс «Қожанасыр мен бай»
Ән «Мама» Бексұлтан
Тәрбиеші Енді, балалар, мына сұраққа жауап берейікші.Осы біздер қандаймыз?
Әсет Талабы биік таудаймыз.
Нұрай Мың бұралған бишіміз.
Темірлан Біз қызықпыз, қызықпыз, сәл еркелеу , бұзықпыз.
Тоғжан Үлкенге ізеттіміз, кішіге қамқормыз.
Мақсат Біз ақылдымыз.
Елнұр Күмбірлеген күйшіміз.
Барлығы Біз- қазақ елінің болашағымыз.
Тәрбиеші Олай болса ,балалар, өз бойымыздағы бар өнерімізді көрсетейік.
«Қыз бен жігіт» айтысы. Балнұр мен Бақдәулет.
Би «Түрік биі» Перизат
Ән «Әжеммен қаламын»
Әйгерім
Ал балақай,санайық,
Қосып және алайық.
Дұрыс санап көрейік,
Математик болайық.
Хормен Тура және кері санау.
Тәрбиеші Санамақ айту баланың сан үйренуіне ғана емес, жақсы мен жаманды ажырата білуіне де көмектеседі.Тәрбиелік маңызы зор.
«Не жақсы? Не жаман?» Эльмира мен Темірлан
Ән «Апорт деген тәтті алма.»
Көрініс «Әже мен немере.»
Дилназ
Балаларды балғынды,
Мектеп ана шақырды.
Оқу керек екен ғой,
Болу үшін ақылды.
Руслан
Біз мектепке барамыз,
Қолға қалам аламыз.
Кітапты да оқимыз,
Суретті де саламыз.
Анель
Сәлем, гүлдей балғындар,
Даярлықпен тәлім алдыңдар.
Ержеткен достар ақылды,
Енді мектепке шақырды.
Ерасыл
Біз бүлдіршін баламыз,
Өсіп ой мен санамыз.
Өмірге жол саламыз,
Біріншіге барамыз.
Көрініс «Бауырсақ мектепке барады.»
Ән«Жау жаңбыр.»
Тәрбиеші Балалар енді мынадай сұрақтарға жауап беріңдерші.
-Біздің президентіміз кім?
-Біздің Отанымыз қалай аталады?
-Еліміздің рәміздері атаңдар.
-Ең алғашқы ұстаз кім?
-Қазақ алфавитінде қанша әріп бар?
-Қандай ақын- жазушыларды білесіңдер?
-Қандай ертегілер білесіңдер?
Тәрбиеші Сендерге көп рахмет.Өздерің көп білетіндеріңді көрсеттіңдер.Енді барлығымыз бірге ән шырқайық.
Хор «Еңбекшіл осындай.»
Би»Шығыс биі.»
Тәрбиеші Білім ошағы мектеп.
Білім теңіз,мектеп кеме.
Мұғалім- мектептің жүрегі.
Олай болса, балаларымыздың ұстаздарға арнаған тақпақтарын қабыл алыңыздар.
Асылзат
Ұстаз біздің анамыздай ардақты,
Тақпақ, өлең, ертегіні жаттатты.
Жақсыларға ұқсатуды армандап,
Келешекті бойымыздан тастатты.
Перизат
Өткізіп ең алдыңнан талай бала,
Бойына құйдың ақыл,ой мен сана.
Сарп етіп сан жылдық еңбегіңді,
Ақылшы, тәрбиеші болдың сен ғана.
Балнұр ендігі орындалатын әнді мектебіміздің барлық ұстаздарына арнаймыз.
Хор «Білімнің бұлағы.»
Көрініс «Не тәтті?»
Хор «Біз өмірдің гүліміз.»
Тәрбиеші Міне, бүгін кешегі сәби бүлдіршіндеріміз оқушы атанбақ. Сіздердің сенімдеріңізден шығатын ұлдар мен қыздар. Еліміздің саналы да, білімді азаматтары болады деп сенім білдіреміз.
Ата-аналарға, ұстаздарға сөз беру.