Күз ханшайымы тәрбие сағаты

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тақырыбы: Күз ханшайым

Жүргізуші:

Алып келді мереке

Астық жеміс береке

Батырлыққа жараса

Көбейді той тамаша,

Ән салды өзен, тал құрақ

Шашу болды жапырақ.

Жүргізуші: Қайырлы күн ! Армысыздар құрметті ата-аналар,балалар, Ел байлығын арттырған берекелі күз айыда келді. Балабақшамыздағы Көгершін тобының бүлдіршін қыздары қатысуымен «Күз ханшайым» сайысын өткізгелі отырмыз.

Күзді құрметтеп қуанышпен қарсы алайық,

Көңілді күйді көтеріп ,әсем әнмен бастайық.

Баршаңыз мерекеге қош келдіңіздер.

Сөз кезегін : мектеп директоры Сұлтан Мықтыбекұлына береміз

Әділетпен бұл сайысты байқайтын,

Туралықтан ешуақытта қашпайтын.

Сайысқа төрелік етіп, оң бағасын беретін.

Әділқазылар алқасын сайлайық.(Қазылар алқасын таныстырады.)

Жүргізуші: Біздерде ойын сауық басталды,

Тамаша би билейді ән салады.

Қошеметтеп, қол соғып отыралық ,

Ұмытарсыз күні бойғы шаршағанды дей отырып, «Күз ханшайымы» атты сайысымызды бастаймыз.

Қатысушы сайыскерлерімізді ортаға шақырайық

1.ару Сөзі салмақты , ісі тиянақты, Төленді Мереке.

2ару: Баппен сөйлеп, биязы күліп жүзі жылы, өзі ұяң қыз Айдана

3.ару: Көз жанары өткір,

бет әлпеті бал- бұл жанған,

өзі шымыр Ақзере қызымызды ортаға шақырамыз.

4.ару; Сөзі өткір, өзі пысық,келбетті өрескелдік сүймейтін қыз Айзере .


Мен сіздерді байқау шартымен таныстырып өтейін. Байқау шарты 4 бөлімнен тұрады.

Өзін өзі таныстыру

  1. «Кім жылдам ?»Сұрақтарға жауап беру.

3.Өнерін өрге жүзеді. Өз өнерлерін көрсету.

4.Күзгі сән үлгісі.

Жүргізуші: Әділ қазы береді,

Өздеріңе сыйлықты

Бізге айтып береді

Кім өнерлі кім мықты.

1.Өнер қуып әрбірі өтер дейміз

Бір басына өнері жетер дейміз

Сайысқа келген сайыскерлер кезектесіп,

Өздерін таныстырып өтер дейміз.

Сайыскерімыздың бірінші шарты бойынша сайысқа қатысушылар өздерін таныстырып өтеді.Сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз,

2.Балалар аман болсын әр үйдегі,

Таусылмасын ананың әлдилері.

Би билейді томпаң қағып,

Ару қыздар сызылтып ән салады,

Ән айтып биде билеп жан салады.

Бұл мерекеде ән салғанда,

Барлық достар шапалақтап қарсы алады

Айдана: Би « Мадагаскар»


Мереке: Ән «Бақытты балалық»

Ақзере. Жаңбыр биі.


Айзере: Өзбекше би.


3.Шартымыз жапырақты ақ параққа жапсыру.

.

Бек: Таза жездей жайнаған.

Сары бояумен,

Күз суретін салам мен.

Бекарыс: Тоңазып атырап.

Қай жеміс піседі.

Сарғайып жапырақ

Саудырап түседі.

Нүрдәулет: Жаздай күткен бәріміз.

Сары алтындай сары күз.

Алтын ұя мектепте

Сабақ бастар шағымымыз.

Мәулен: Сары алтындай сары күз.

Қамбадағы дәніміз.

Шелек-шелек балымыз.

Ағыл тегіл ағамыз.

Сейілхан: Жерде жаңбыр жалтырайды.

Жапырақтар қалтырайды,

Көкте Ай, Күн бақылайды.

Көлде аққу қалқымайды.

Нүржас: Жел тұрудан жалықпайды.

Күн жылытып жарытпайды,

Жапырақтар жерге қарай.

Қалықтайды қалықтайды.

. Жүргізуші:

Хор ән: Бау бақша белдер.

Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,

Әр сұлу әсем болар өз сәнімен.

Күз сәні өнерімен ортаға шығып

Сән көрсетер сайыскерлер сәнімен – деп сайысымыздың 4. шарты

бойынша сайыскерлерімізді сән үлгісіне шақырамыз.

Күніндегі гүл көктемнің нұрын шашып,

Жасқанбай әр қадамын нық-нық басып.

Биімен көрерменді тәнті ететін

Бишілер келді міне толқып тасып.

Сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.

Марапаттаулар.

Құрметті қонақтар осымен «Күз ханшайымы» атты сайысымыз аяқталды.Көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.

Сау-саламатта болыңыздар.