«№26 мектеп-балабақша» КММ
[pic]
[pic]
Орындаған: қазақ тілі мұғалімі Д.М.Суфиянова
Петропавл 2016 жыл
Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы
Тақырыбы: Жайлауға саяхат
Мақсаты:
Білімділік: Жайлауға саяхатқа барып, халық ауыз әдебиетін қолдана отырып, балаларды атқа мінгізу салтымен таныстыру.
Дамытушылық: Өлең, тақпақ, айтқыза отырып, дұрыс сөйлей білу дағдыларын қалыптастыру, ойлау қабілеттерін, тілдерін одан әрі дамыту.
Тәрбиелік: Балалардың бойына имандылық пен салт – дәстүрді сіңірумен қатар, өздерін дұрыс ұстауға, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Әдістері: шаттық шеңбер, ойын, сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету.
Көрнекілігі: Жайлау көрінісі,қазақтың салт-дәстүрі , жайлау туралы видео,интерактивті тақта, слайды, киіз үй, ұлттық бұйымдар, әуен.
Моти
вация
лық
-таным
Дылық
«№26 мектеп- балабақшаның»
Әдепті балаларымыз
Алдымен қонақпенен
Амандасып аламыз
Күннің көзі ашылсын,
Көкке шуақ шашылсын
Құтты қонақтар келіпті,
Төремізге еніпті,
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой
Ал, канекей бәріміз
«Сәлем»дейік үлкенге
Ұйым
дас
тыру
шылық- іздену
шілік
Тамылжыған табиғат
Ұйқысынан оянып,
Алтын нұрмен әр үй, бақ
Шыға келді боянып.
Тербетеді тоғайды,
Жыршы құстар жырымен.
Белдер белбеу орайды,
Кең даланың гүлімен.
Бұл қай мезгілде болады?
Көктемде; 2) Құстар; 3) Ағаштар; 4) Қар; 5) Жаңбыр; 6) Адамдар;
7) Гүлдер; 8) Аюлар; 9) Малдар;
10) Көктемнің мерекелері.
- Ал сендер көктем туралы тақпақ білесіңдер ме?
1бала: Дильназ
Қары еріп даланың,
Арықтардан су ақты
Ақ жүзіндей ананың,
Күндер келді шуақты.
Гүлге толып төскейлер,
Сылқ-сылқ күлді бал бұлақ
Асыр салды жас төлдер,-
Бұзау, бота, қозы, лақ.
2 бала: Алмат
Жаздың күні жайлауда,
Қандай жақсы ойнауға.
Жүйрік желмен жарысып,
Қозы, лақпен табысып,
Жүресің сен жайраңдап,
Кең даланы сайрандап,
Жайлау, жайлау-жасыл бақ
Мәз боламыз асыр сап.
Саяхатқа барғыларын келе ме?
Біз сендермен бүгін жайлауға барамыз.
Ал, жайлауға немен баруға болады?
Дұрыс айтасыңдар балалар.
(Осы кезде топқа сиқырлы Хаттап ата кіріп келеді).
Балалар бізге қонақ келе жатқан сияқты. Ол кім екен?
Хатап ата біз сізді балаларға көмек беретін сиқыршы ретінде білеміз. Сіз бізге көмектесесіз бе?
Әрина көмектесемін.
Біз жайлауға баруымыз керек. Сіз бізді жайлауға жеткізіп саласыз ба?
Жақсы, менің сиқырлы кілемшем бар ол керек жерге ұшырып апарады. Қанекей барлығымыз кілемшеге жайғасып отырайық.
(Бірақ кілемше ұшпайды)
Хаттап: Балалар біз сиқырлы сөз айтуға ұмытып кеттік.
Хаттап ата: «ой-лам-лам, ой-лам-лам» деп сиқырлайды. (кілемше ұшып кетеді осы жерде әуен ойналады)(құстар, аттар, адамның күлкі той туралы әуен)
Релаксация: Балалар айналаға қарайықшы керемет.Алыстан жайлау, киіз үй, адамдар көрінетін сияқты.
Осы кезде әуен ойналады. Алыстан киіз үйдің қасында ойнап жүрген бала қонақ келе жатқанын көріп қалып, киіз үйдегі атасы мен әжесіне жүгіріп барып сүйінші сұрайды.
Немересі: Ата, әже сүйінші біздің үйге қонақтар келе жатыр алыстан көріп қалдым.
Әжесі: Ендеше қонақтарды қарсы алайық.
Хаттап ата: Балалар, міне сендерді қалаған жерлеріңе әкеліп тастадым. Ал енді менің басқа балаларға да көмектесуім керек. Мен кетейін деп балалармен қоштасады.
Балалар тәрбиешімен бірге Хаттап атамен қоштасады.
Әжесі мен атасы қонақтарды қарсы алуға шығады.
Әжесі: Сәлеметсіңдер ме, балалар.Әжесі қонақтарға шашу шашады.
Атасы: Қош келіп қалдыңдар балалар, үйге кіріп, дастарханға төрлетіңдер.
Атасы: Иә, балалар, сендер бүгін жайлауға қонаққа келіп қалыпсыңдар. Бүгін бізде үлкен той болып жатыр.Балалар, сендер білесіңдер ғой қазақ халқы әр түрлі салт-дәстүрлерге өте бай. Соның ішінде «Атқа мінгізу дәстірі» туралы сендер естігендерің бар шығар. Бүгін мен немеремді атқа мінгізіп, үйретейін деп едім. Сендердің келіп қалғандарын қандай жақсы болды қазір көріп тамашалайық.
Атасы немересін атқа мінгізеді. Атқа мінгізу дәстүрін көрсетіп, түсіндіреді:
Баланы атқа мінгізу салты – баланың буыны бекіп, 4-6 жасқа келгенде ат үстінде өзін-өзі ұстап отыра алатын жағдайға жеткенде, атқа мінгізу салтын жасап, ат құлағында ойнайтын денсаулығы зор, мықты, шымыр жауынгер, еңбекқор, қиыншылыққа төзімді ұрпақ тәрбиелеудің бір түрі.
Балаға ер-тұрмандарын сыйлап (ашамай, жандарба, тоқым, жүген, ноқта), атқа мінгізіп той жасайды.
Бұл әрекет ер баланың ендігі азамат болуға дайындалғанының белгісі болып саналады.
Әжесі: Балалар, сендер көріп тұрғандай, осы атқа мінгізу рәсімі балалардың тойымен жалғасауда.Балалар әр түрлі өнерлерін көрсетуде. Сендердің де өнерлерің бар шығар?
Атасы: Керемет, балалар осы халық ауыз әдебиетінің бір түрі - айтыс өнері қазақ даласында кеңінен тараған. Біржан ағалары мен Сара әпкелерін киелі қазақтың домбырасын ұстап, бүкіл қазақ даласына айтысып өз өнерлерін паш еткен.
Балалар, айтысар алдында домбыра туралы кім толықырақ айтам дейді.
Жақсы енді өнерлеріңді көрсетіңдерші.
Қыз бала мен ұл бала шығып бір-бірімен айтысады.
Қыз: Уа, халайық, халайық!
Әсем әнге салайық
Айтыс тойын көңілді
Бірге қарсы алайық.
Ұл: Меніменен айтысар
Қыз құрбылар қайсың бар
Қолдан келсе әзілдеп,
Маған сынды айтыңдар.
Қыз: Айтысуға өзіңмен
Шығып тұрмын алдыңа
Күн аттарын білмеуші ең,
Жаттап оны алдың ба?
Ұл : Құрбың кімге күлесің
Өзің нені білесің
Онға дейін қиналып,
Санай да алмай жүресің.
Қыз: Бәтеңкенің бауында
Байлай алмай білмеуші ең,
Үйрендің бе жейдеңді
Теріс қарай киюші едің
Ұл : Ұлы Наурыз бәріңді
Татулыққа шақырған
Тоқтатпасақ айтысты
Сөз қалғанба ақыннан.
Атасы мен әжесі балаларды мақтайды.
Тәрбиеші: Балалар, бір сергіп бой жазып алайықшы. Ортаға шығып «Киіз үй» ойыныны ойнайды.
Немересі: Ата , мен атқа енді міне аламын ғой. Мен қонақтармен бір ұлттық ойын ойнасам бол ма?
Атасы: әрине болады.
Немересі: Балалар, сендер қандай ұлттық ойындар білесіңдер?
Ойын «Қыз қуу».
Балалар дастарханға қайтадан отырады.
Атасы: Жақсы балалар, керемет сендердің де өнерлерің өте көп екен. Өнерлерің өрге жүзсің. Тек қана биік шыңдарда көріне беріңдер.
Әже: Ал, енді балалар, дәм қайырмаймыз ба?
Атасы: Балалар, қазақ халқы әрқашанда дастарханға дәм қайырады. Бұл да біздің салт-дәстүрімізге жатады. Ал балалар, сендер бата оқу білесіңдер ме?
Бір бала бата оқиды.
Әже: Жақсы балалар, сендер өз балабақшаларыңа ораласыңдар. Мен сендерге кішкентай сыйлығымды тарту етейін. Ұлдарға тақия , ал қыздарға орамал ұсынады.
Тәрбиеші: Балалар біздің уақытымыз келді Енді өз балабақшамызға оралайық. Қанеки ата мен әжемен және кішкентай Айдоспен қоштасайық.
Балалар, біз балабақшаға немен ораламыз?Біздің Хаттап атамыз кетіп қалды ғой.
Осы кезде хатап ата ұшып келеді.
Ой Хаттап ата біз сізді ойлап тұрғанбыз?
Хаттап ата: Сендердің алыстан дауыстарыңды естіп мен келіп қалдым.
Осы кезде әуен ойналады (той, адам күлкісі, аттар, құстар).
Кілемшемен топқа ұшып келеді.
Хаттап ата: Балалар сендерге жайлау ұнады ма?
Хаттап ата кетеді.
Балалардың жауаптары:
1) Көктемде күн жылынады; 2) Құстар жылы жақтан оралады; 3) Ағаштар бүршік жарады; 4) Қар ериді; 5) Жаңбыр жиі жауады; 6) Адамдар жеңіл киінеді; 7) Гүлдер өседі; 8) Аюлар ұйқыдан тұрады; 9) Малдар төлдейді; 10) Көктемде 8 наурыз Халық аралық әйелдер күні, 22-наурыз, 9- мамыр Жеңіс күні, 7 мамыр ұлдар мерекесі болады.
Автобуспен, машинамен баруға болады.
Хаттап ата
Балалар кілемшеге мінеді
Сау болыңыз Хаттап ата.
Сәлеметсіздер ме ата мен әже.
Балалар, тәрбиешімен бірге киіз үйге кіріп, дастарханға отырып, жайғасады.
Әрине бар. Біз сендерге айтыс өнерін тамашаласақ қайтейік.
Бір бала домбыраның құрылысын айтып шығады.
Домбыраның құрылысы: басы, құлағы, пернелері, мойыны, ішегі, ойығы, шанағы, тиегі, түймесі болады.
«Бәйге», «Көкпар», «Теңге алу», «Асық тастау», «Қыз қуу» т.б.
Әрине ойнаймыз.
Әрине білеміз.
Дастарханыңа береке берсін,
Бастарыңа мереке берсін,
Астарыңа адалдық берсін,
Бастарыңа амандық берсін,
Дендеріңе саулық берсін!
Әумин!
Рахмет сіздерге
Балалар сиқырлы кілемшеге отырады
Ұнады
Сау болыңыз Хаттап ата.
Реф
лекс
тік -
үйле
сім
ділік
Балалар бүгін біз сендермен саяхатқа қайда бардық?
Бізге жайлауға баруға кім көмектесті?
Біз немен жайлауға бардық?
Бізді жайлауда кімдер қарсы алды?
Әже бізді қалай қарсы алды? Осы жерде қандай салт-дәстүрді көруге болады?
Балалар, дұрыс айтасыңдар. «Қонаққа кел демек бар» дегендей, той-думандатып өмір кешетін қазақ халқы, қандай той болмасын, қонағын шақырып, оны құдайындай сыйлаған. Келген қай қонақты болсын, ақ жарқын жүздерімен қарсы алып, дастарқандарын жайып, оған барын салып сыйлайды.
Жайлауда бізге атамыз қандай салт дәстүрді көрсетті?
Дұрыс балалар атасы бізге атқа мінгізу салтын көрсетті.Ол да біздің салт-дәстүрімізге жатады.
Жақсы бізде аталарымызға өз өнерлерімізді көрсете білдік. Сендер қандай өнер көрсете білдіңдер?
Немересі Айдос сендермен қандай ойын ойнады?
Балалар біз дастарханға дәм қайырып, бата оқыдыңдар. Ол да біздің салт-дәстүрдің бір түріне жатады. Осындай қонақта болған үлкендер ризашылықтарын білдіріп, баталарын беріп, үй есіне рақметтерін айтады.
Сендерге әже қандай сыйлықтар берді?
Дұрыс үй иесі де келген қонақтарға риза болып осындай шағын сыйлықтар беріп, жылы лебіздерін айтып, шығарып салады.
Балалар, қазақ халқының қонақ күту дәстүрі ел-жұрт арасындағы ізгі қарым-қатынастарды нығайтады.
Сонымен балалар бүгінгі сабағымызда біз жайлауға саяхатқа барып, қазақ халқының салт-дәстүрлерімен танысып, білдік. Сендер бүгінгі сабақта өздерінді тек қана жақсы жақтарымен көрсеттіңдер мен сендерге көп рахмет айтамын.
Ал енді , балалар, біздің құрметті қонақтармен қоштасатын кезіміз де келді.
Топтан шығып кетеміз.
Жайлауға бардық.
Хаттап ата бізге көмектесті. Біз Хаттап атаның сиқырлы кілемшесімен жайлауға саяхатқа бардық.
Бізді жайлауда ата, әже, немересі Айдос қарсы алды.
Әже бізге шашу шашты.Бұл қонақ қарсы алу дәстүріне жатады.
Атасы немересін атқа мінгізді.
Біз айтыс өнерін көрсеттік.
Біз Айдоспен «Қыз қуу» ойынын ойнадық.
Әже бізге қыздарға әдемі орамал, ал, ұлдарға тақия сыйлады.
Сау болыңыздар.
Күтілетін нәтиже
Білді: Жайлауға саяхатқа барып, халық ауыз әдебиетін қолдана отырып, балалар атқа мінгізу, қонақ күту, салтымен танысып білді.
Біледі: Өлең, тақпақ, айтқыза отырып, дұрыс сөйлей білу дағдыларын қалыптастыра алды.
Білу керек: Балалардың бойына имандылық пен салт – дәстүрді сіңірумен қатар, өздерін дұрыс ұстай білу керек.