[pic] Начало формы
Желбіре, Жеңіс жалауы!
Мақсаты: Жас ұрпақты елін, жерін, Отанын сүюге баулу.
Сахнаға екі жүргізуші шығады, артынан балалар қол ұстасып «День Победы» әнінің ырғағымен залды айналып орындарына жайғасады.
1-жүргізуші: Жеңіс күні - адамзат аңсап өткен күн, жеңістің туын тіккен - 1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні. Мөлдір аспанды бұлт қаптады. Шаттық әні қайғылы үнге, нұрлы күнді қара тенге айналдырмақ болды. 1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия Кеңес одағына опасыздықпен шабуыл жасады. Халық үшін бұл ауыр кезең болды.
2-жүргізуші: Құрметті осы кештің қонақтары, тәрбиешілер, балалар! Біз бүгін Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған кешімізді ашуға рұқсат етіңіздір.
1-жүргізуші: Ұлы Жеңіске жету үшін соғысқа қатысқан аталарымыз бен әжелеріміздің еңбегіне көп көмектерін тигізген - тыл еңбеккерлері. Олардың мал бағып, егін егіп, қырманға шығып шөп шапқандары қаншалықты. Сол кездегі бір көріністі бимен көрсеткіміз келеді.
1. Би: «Қырманға кел, қалқатай!»
2-жүргізуші: Ұлы Отан соғысына қатысқан ағаларымыз бен апайларымызды танып біліп жүрейік, балалар!
2. Слайд: «Ұлы Жеңіске 70 жыл»
3. Балалар тақпақтары:
Сүйінші, халқым, сүйінші! Жеңіс келді далама,
Белінді бекем буыншы, Жеңіс келді қалама...
Жеңдік жауды күйрете, Жеңіс келді әке боп,
Жасалған той мереке!(М.Ислам) Елдегі көп балаға. (Заңғар)
Не забыть нам этой даты, Мәншүк апай – батыр қыз,
Что покончила с войной. Ардақтаймыз атын біз.
Победителю – солдату, Ұқсап Мәншүк апайға,
Сотни раз поклон земной! (Райым) Өсіп келе жатырмыз. (Зарина)
Жеңіс келді ән болып, 70 жыл...
Келді ауылға сән-көрік. Бейбіт көктем таң атқалы.
Жеңіс келді, алақай, 70 жыл...
Тоя жейтін нан болып. (Әли) Шуақты күн таратты әнін. (Ағын)
1-жүргізуші: Жеңіс бізге атылған оқпен ғана келген жоқ, әнмен де келді. Жауынгерлерді ән алға жетеледі, жігерлендірді. Жаңа ерліктерге көтеріп, үлкен ұрыстарға жеңіс дабылын қақты.
4. Әні: Ә.Дүйсенбиевтікі Сөзі: Б.Ғизатовтікі
«Біз – өмірдің гүліміз»
[pic]
2-жүргізуші: Ер елсіз болмайды, ел ерсіз болмайды демей ме, дана халқымыз. Қан майданда қол бастап, елінің намысын жауға таптатпаған батырларға арналады.
5. Би: «Жеңіс» (ұлдар биі)
[pic]
6. Балалар тақпақтары:
Күн көзінен арайлы, Сияет солнце в день Победы...
Нұрлы шуақ тарайды. И будет нам всегда светить.
Әр ауылға, әр үйге, В боях жестоких наши деды,
Жеңіс болып қарайды. (Ясмина) Врага сумели победить. (Трофим)
Алаулап гүл тұрады, Үйлер де құламайды,
Туған жер құлпырады, Ешкім де жыламайды
Бейбітшілік болса! Бейбітшілік болса!
Түрленіп бақша, бағы, Балалар болады аман,
Тірлік те жақсарады, Аналар болады аман,
Бейбітшілік болса! (Шапағат) Бейбітшілік болса! (И.Ислам)
1-жүргізуші: Бейбітшілік жайлай берсің жер бетін,
Туы мәңгі желбіресің жеңістің, - дей келе, балалардың әнін қабыл алыңыздар!
7. Әні: Б.Ысқақовтікі Сөзі: Ө.Байділдаевтікі - «Менің Отаным»
2-жүргізуші: Желбірейді бейбітшілік жалауы,
Орындалып жас ұрпақтың қалауы - дей отырып, Әлия мен Мәншүк апайларының ерлігін мақтан тұтатын «Балапан» тобының биші қыздарын ортаға шақырамыз.
8. Би: «Қазақстан»
[pic]
1-жүргізуші: Бүгінгі жастардың болашағы, бақыты үшін, қан төккен аталарымыз бен апаларымыздың даңқы еш уақытта өшпейді! Ұлы Отан үшін жанын қиған ер жүрек батырлардың қаһармандық ісі еш уақытта ұмыт болмайды, мәңгі есте сақталады.
Тыңдап, көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет, сөз кезегі балабақшаның әдіскері Нургазиева Дариғаш Нұрмұхамбетқызына беріледі.
Катонқарағай ауданы, Үлкен Нарын ауылындағы «Балбөбек» балалар бақшасы
Бекітілді:
«Балапан» тобының Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған ертеңгілігі
[pic]
Өткізгендер: Шегетаева А.Қ.
Мағауянова А.Б.
Тоқтағанова Ф.К.
Үлкен Нарын ауылы, 6 мамыр 2015 жыл