«Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің санаторлық және жалпы дамулық типті «Золотой ключик» бөбекжай - балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
«Ұлыстың ұлы күні құтты болсын»
Тәрбиеші: Мауленова Ж.А.
Тобы : «Қуыршақ»
Арқалық қаласы - 2016 оқу жылы
«Ұлыстың ұлы күні құтты болсын»
1-Жүргізуші.Наурыз Шығыс елінің бүкіл халықтың мереке, яғни Ұлыстың ұлы күні Наурыз бұған дейін мыңдаған жыл бойы шығыс халықтарында жыл басында мерекесі ретінде тойланып ерекше күн ретінде аталып өтетін болған. Қазақ халқын да Наурыз мерекесі айрықша болып, оны жыл сайын тойлап отыруды әдетке айналдырған. Игіліктің жанаруы мен халықтың бастауы болып саналатын бұл халықтың мерекесінің қазіргі үлкен мәні бар.
Наурыз құтты болсын ағаларға,
Наурыз құтты болсын аналарға
Жыл сайын тойланатын мәңгі бақи
Наурыз құтты болсын баршаңызға!
Құрметті ата-аналар Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесі құтты болсын! «Меншін»жылы баршаңызға құтты береке әкелсін. Сіздерге зор денсаулық , мол бақыт, ашық аспан тілей отырып бүгінгі мерекелік ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Ән: «Көктем»
(Осы кезде Тазша бала кіреді)
Тазша бала:Сәлеметсіздер ме ата-аналар мен бүлдіршіндер! Мен қандай ауылға тап болдым?
Жүргізуші: Сәлеметсізбе Тазша бала ?Қуыршақ ауылына келдіңіз, бізде бүгін мереке . Біз бен бірге тамашалаңыз!
Тазша бала: Жарайды. Олай болса, мен сендер мен бірге өнерімді тамашалаймын.
Жүргізуші: Енді біздің бүлдіршіндеріміз Наурыз мерекесіне арналған тақпақтарын айтады.
Таза бала: Жарайсындар балалар! Тақпақты жақсы айтады екенсіңдер!
Олай болса, балалар мен ата-аналардың салт-дәстүрді қалай біледі екен көрейік?
1-Жеті атаңды атап бер.
2. Ұлттық ойындарды ата
3. Ұлттық киімдерді ата
4. Ұлттық тағамдарды ата
5. Қандай салт-дәстүрді білесің?
Жүргізуші: Ендігі кезекті қыздарымыздың өнерің тамашалаңыздар!
Би: «Пияла »
Тазша бала: О, қыздарыңыз қандай тамаша би билейді екен. Ендеше менде ұлдар мен би билеп берейін.
Би: «Балбырауын»
Жүргізуші: Ал ендеше бүгінгі мерекесізге қонаққа Біржан мен Сараның жолын қуып жүрген жас ақындарымызды ортаға қошеметпен шақырайық: «Айтыс»
Жүргізуші: Ата сөзі-қасиетті киелі
Ата сөзі-жанға жайлы тиеді
Ата сөзі-өміріме өнеге
Ата сөзі-сыйластықты тілейді.
«Аталы сөз, баталы сөз», Халықтың қартын сыйлауы-елінің салтын сыйлауын» деген қазақта сөз бар. Ендеше бәріміз қол жайып Қыдыр атадан бата алайық.
Қыдыр ата:
Жүргізуші: «Наурыз»әні .
Жүргізуші: Ендігі кезекті «Қара жорға» биіне берейік.
Жүргізуші: Қазақтың салт-дәстүрі көп соның ішінде, тұсау кесер рәсімін әжелер көрсетеді.
Тазша бала: балалар мен сендермен болғаныма өте ризамын, өте қызықты мереке болды сау болыңдар балалар!
Жүргізуші: Ұлыс он болсын!
Ақ мол болсын!
Қайда барсан жол болсын
Ұлыс бақты болсын
Төрт түлік ақты болсын!
Елімізге бақыт, байлық болсын келесі кездешкенше сау болыңыздар!