Күні:11.03.11.
Сыныбы:МАДС
Мұғалім:Ойнарова Г
Машықкер:Алмагамбетова А.
Пән:мүсіндеу
Тақырыбы:Ермексаздан мысык жасау
Мақсаты:
1.Бір-біріне өзара көмекке дайын болу сезімдеріне тәрбиелеу.
2.жануарларды мүсіндеу мүсіндеу іскерлігін бекіту.
3.Мүсіндеудің илеу,шетін түзету сияқты әдістерін меңгерту.
Әдісі:түсіндіру,көрнекілік,ойын.
Түрі:жаңа сабақ
Көрнекілігі:ермексаз,тақтайша,су т.б.
Өту барысы
Ұйымдастыру кезеңі,
Психологиялық дайындық
Жаңа сабақ
Бекіту
Қорытынды
-Сәлеметсіздер ме,балалар!
-Көңіл-күйлерің қалай?
-Бүгінгі мүсіндеу сабағын сендерге мен жүргіземін.Менің аты-жөнім Алмагамбетова Арайлым .Мені апай деп атауларыңа болады.
-Балалар қане барлығымыз шеңберге тұрайық-
шы.Алдымен сабағымызды бастамастан бұрын шаттық күлкісін сыйлайық.Ол үшін мен сендерге мына гүлді беремін,ал сендер кезек-кезек бір-бірлеріңе тілек тілейсіңдер.
-Жарайсыңдар,балалар!Ал сендер натюрмарт сөзінің мағынасын түсінесіңдерме?
-Ендеше мен сендерге бірәңгіме баяндап беремін.Кішкентай көжектер қонақ күтуге даярланып отырыпты.Ең кішкене көжек үстел жаюға көмектесіп жүріп,қолындағы ыдыс салынғантабақты түсіріпалып,бар ыдысты сындырып алыпты.Енді біз осы көжектерге көмектеміз бе?
-Ол үшін біз сендермен ермексазбен ыдыстар жасаймыз.Ол үшін барлығымыз бірнеше топқа бөлінеміз.Енді барлығымыз әліппе-дәптерге үлгі бойынша жұмыс жасаймыз.
-Шәйнекті мүсіндеу:
-Суретте көрсетілгендей үстел үстіне аздап жабыстырылған қарапайым далалық пішінді етіп шәйнектің негізгі бөлігін мүсіндейді.
-Шәйнектің шүмегі үшін ермексазды жеңішке сәбіз секілді етіп алып,бір ұшын таяқшамен қиғаштап кеседі.
-Шүмекті жабыстырады.
-Екі жағына тұтқасы,яғни жіңішке есілген шұжықтан жасалған сақина жабыстырылады.
-Қақпағы үшін кішірек ермексазды далақтап алып,оны екіге бөледі.
Саптыаяқты мүсіндеу:
-Саптыаяқтың түбін жасау үшін ермексазды далақтап,алақанының арасына салып жаншып,шелпек пішініне келтіреді.
-Шұжықтарды алдымен алақан арасына салып езіп,содан кейін тақтайшаның үстіне салып,өте жеңішке және біркелкі еседі.
-Саптыаяқтың түбіне осы шұжықтарды дөңгелете,бір-біріне тиістіре орналастырады.
-Саптыаяқты осылайша дайындап алған соң,оның қабырғасын түзу,біркелкі болу үшін саусақтарымен сылап сипайды.
Шыныаяқты мүсіндеу:
-шыныаяқ домалақ ермексазбен жасалады.
-сұқ саусақта домалақтың бір жағын жаншып,ойық жасап алып,біртіндеп осы ойыққа саусағымен бояу арқылы тереңдетіп,жона жағын домалақ шыныаяққа ұқсатып жалпақтайды.
-шыныаяққа ширатылған ермексаздан тұтқа жасап жабыстырады.
-Бүгін біз кімдерге көмектестік?
-Біз ермексаздан не жасадық?
-Жарайсыңдар балалар!
-Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды.
-Сау болыңдар!