Тәриеші: Сейткалиева Р.О
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Сурет
Тақырыбы: «Қар жауып тұр»
Мақсаты: Балалардың қыс мезгілінің ерекшелігімен,қар бейнесімен
таныстыру.Балалардың бояумен сурет салуға қабілетін,қызығушылығын
арттыру.Бояуды жағу ырғағы арқылы жауып тұрған қардың бейнесін салуға
үйрету,табиғатқа деген қамқорлық сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: Мүсіндеу,жапсыру,айналамен таныстыру,тіл дамыту.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап,ойын,әңгімелесу, сергіту жаттығуы,тәжірибе.
Көрнекілі: Қыс мезгілінің суреті,қар түйіршіктері,үлестірмелі материалдар,қағаз,
Су бояқ,су сорғыш, қыл қалам, тұғыр, су құйғыш, ермексаз,түрлі түсті
ұағаз,қайшы,желім.
Мотвациялық қозғау
Ұйымдастыру- іздестіру
Рефлексивті түзетушілік.
Балаларға жұмбақ жасыру
Аппақ-аппақ ақ мамық,
Жерде жатыр тапталып.
-Балалар қар жылдың қандай мезгілінде жауады?
Қыс мезгілінде табиғатта қандай ерекшеліктер болады?
-Балалар сендер де тоңып қалған шығарсыңдар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап жылы тілектерімізді айтайық.
Балалар бір-біріне жылы лебіздерін білдірді.
-Балалар мына суретке қараңдаршы не көріп тұрсыңдар?
Суретке қарап әңгіме айтыңдар.
-Балалар қыс туралы жұмбақ білесіңдерме?
—Балалар бүгін біз сурет сабағында қардың бейнесін саламыз,қағаздан қиып жапсырамыз және мүсіндейміз.
Сергіту жаттығуы:
Аппақ-аппақ жапалақтап,
Қар жауады тамаша.
Ойын ойнап шаттана
Жасаймыз біз ақ қала.
-Балалар қардың түсі қандай?
· Балаларға салу әдістерін,жағу әдістерін көрсетемін.
· Қарды қағаздан қиып,жапсыру әдістерін көрсету.
· Ермексаздан созып есу,үзу әдістері арқылы қар түйіршіктерін жасау әдістерін көрсету.
Балаларды өз қалаулары бойынша үш топқа бөліп,жұмыс жасату.
Көмек қажет еткен балаларға көмек көрсету.
Балалардың жұмыстарын талдап,бағалау,жұмыстары туралы әңгімелету.Балалардың жұмыстарынан «Қыс келбеті»тақырыбында көрме ұйымдастыру.
Балаларға үлестірмелі суретер таратып, сол бойынша жұмбақ құрастырту.
Тәжірибелік жұмыс жүргізу:
Қарды түйіршіктеу,еріту, мұз күйінде,су күйінде көрсету, жабысады, боялады.
-Қар
-Қыс.
-Күн суытады, қар жауады.
-Қыс мезгілі.
Сурет бойынша әңгіме құрап айтады.
Сайран:
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың болады.
(Қыс)
Зейнеп:
Қолы жоқ сурет салады,
Тісі жоқ тістеп алады.
(Аяз)
Ақ.
Балалар бояумен қардың суретін салады.
Ақ қағаздан қиып, қар түйіршіктерін жапсырады.
Ермексаздан қар түйіршіктерін жасайды.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Қыс мезгілінің ерекшеліктерін,қардың түс,түр,пішіндері туралы түсініктерді
игерді.
Қандай түсініктерді игерді: Қардың қыста жауатынын, оныі әр түрлі күйге енетінінбілді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Қар туралы тақпақтар,жұмбақтар үйренді,
қардың суретін салуды,жапсыруды және мүсіндеуді меңгерді.
«Ақ шағала балабақшасы»МКҚК
Ашық оқу іс – әрекет
«Қар жауып тұр»
«Жауқазын» сәбилер тобы
Тәрбиеші: Сейтқалиева Р
2016 оқу жылы