0-ден 10-ға дейін қайталау

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...




Тақырыбы: 1-10 көлеміндегі сандарды қайталау.

Мақсаты: 1. Оқушыларға 1-10 дейінгі сандарды тура және кері санау,

сандар құрамын анықтауды пысықтау.

2. Дүниетанымдарын кеңейту,және пәнге деген

қызығушылықтарын ары қарай дамыту.

3. Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу.



Сабақтың турі: Ертеңгілік әлеміне бет алу.

Әдіс-тәсілдері: Әңгімелеу,ойын,сұрақ-жауап.

Көрнекілігі:Интерактивті тақта, магнитті тақта,сандар,қосуға,азайтуға,

салыстыруға мысалдар жазылған плакаттар.

Пәнаралық байланыс: Көркем әдебиет,тіл дамыту, математика.

Қолданатын технология: Ойын технологиясы, денсаулық қорғау технологиясы.

Бөлімдері:

1.Кіріспе сөз.

2.Бауырсақ пен қоянның кездесуі.

3.Бауырсақ пен қасқырдың кездесуі.

4.Сергіту сәті.

5.Бауырсақтың аюмен кездесуі.

6.Бауырсақтың түлкімен кездесуі.

7.Сергіту сәті.

8.Бауырсақтың үйіне қуанышпен оралуы.

9.Қорытыңды.





Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім: Балалар,қане бәріміз келген қонақтармен амандасайық.

Балалар: Сәлеметсіздер ме!

Мұғалім: Балалар,көңіл-куйлерің қалай?

Балалар: Тамаша,жақсы.

Мұғалім: Олай болса,бір-бірімізге алақан арқылы жылылық танытып, жақсы лебіз білдірейік.

2 Психологиялық дайындық.

Армысың,асыл кун.

Армысың,асыл жер.

Армысың көк аспан

Армысың жан досым

Жылыума жылу қос.

Міне,менің қолым.

2.Тәрбиешінің кіріспе сөзі:

Балалар,бүгін бізде математика сабағы. 1-10 көлеміндегі сандарды қайталаймыз. Біз бүгін ертегілер әлеміне саяхатка шығамыз. Бізге қонаққа бауырсақ келіп қалыпты.

Бауырсақтың сөзі: Менің атым бауырсақ.

Мені пышақпен қырып алды.

Қанат пен сыпырып алды.





Қаймаққа иледі,майға пісірді.

Мен атадан кеттім.

Мен әжеден кеттім.

Тыңдамадым атамды.

Тыңдамадым әжемді.

Үйімді мен сағындым.

Көмектешші балақай.



Тәрбиеші: Бауырсақ қай ертегінің кейіпкері?

Балалар: Бауырсақ ертегісінің кейіпкері.

Тәрбиеші: Бауырсақтың пішіні қандай?

-Домалақ,шеңбер.

Тәрбиеші: Сендердің аналарын,әжелерін бауырсақты қалай жасайды?

Балалар:

Балалар,біз бауырсақты атасы мен әжесіне апаруға көмектесейік.Оған баратын жолды көрсету үшін.Алдымызда көптеген аңдардың, бізге қояр тапсырмалары бар екен.Сол тапсырмалардан кідірмей өтсек , біз бауырсақты, аман есен атасына апасына оралтамыз.Бауырсақ бірінші қай аңмен кездеседі?

1.Слайд :Қоянмен.

Қоян бізге арнайы тапсырмалар беріп тұр.Соны орындасақ ол бауырсақты босатады екен.

1.Тапсырма шарты:

Қосу мен азайту мәндерін беріпті. Балалар, қазір 2 қатардан бір-бірден шығып,осылардың жауаптарын тез табайық. Кім дұрыс жазса,сол бауырсақтын суретін алады.







4+1= 6-1=

4-1= 7+1=

5-1= 8-1=

3+1= 2-1=

6-2= 10-2=

2.Тапсырма шартты: « Кім жаңылыспайды ?» ойыны. 1-10 тура және кері санау.

Бауырсақ қояннан құтылып кетті.Балалар,сендер көмектестіндер.

Қоян:Балалар сендерге көп-көп рахмет.

Бауырсақ ,келесі қай аңмен кездеседі?

2.Слайд: Қасқырмен.

Қасқыр, бауырсақты жегісі келіп тұр.Егер де балалар сендер қасқырдың 2 тапсырмасын орындасаңдар .Қасқыр бауырсақты жемейді.Қасқырдың берген 1 тапсырмасы.

3.Тапсырма шарты: Мына сандардардың құрамын анықтап жіберіңдер.

2 3 4 5 6 7 8 9 10

3 Сергіту сәті

4. Тапсырма шарты: Сандарды салыстыру.

Енді балалар,тақтада берілген сандарды кім салыстырып жібереді?

Оқушылар таңбаларың кояды.

4 4 6 4 7 3 5 1 3 3 9 4 8 7





Қасқыр: Рахмет балалар, мен сендерден көп нәрсе үйрендім.

-Келесі қандай аңмен кездеседі ? Аюмен.

3.Слайд:

Бауырсақ келе-келе жатып аюға кездеседі. Міне қарандаршы.Аюда бауырсақты жегісі келеп тұр.Аю бауырсақты жемеу үшін .Ол сендерге 1 тапсырма беріп тұр.Егер де, осы тапсырмаға жауап бере алсаңдар,біздің бауырсақ аюдан құтылып кетеді.



5 Тапсырма шарты: Ауызша есептерді орындау.

1-есеп: Тәрелкеде 5 алма бар еді, мен оның екеуін Динараға бердім.Тәрелкеде неше алма қалды?

5-2=3

2-есеп: Анасы Ерболға 5 төркөз дәптер,2 жолды дәптер сатып әперді.Анасы Ерболға барлығы неше,дәптер сатып әперді?

5+2=7

3 есеп:Қорада 5 қой қамаулы тұрған.Оған тағы 2 қой қосты.Қорада барлығы неше қой болды?

5+2=7

4 есеп:Бұтақта 6 торғай қонып отырған.Оның үшеуі ұшып кетті.Бұтақта неше торғай қалды?

6-3=3

5 есеп: Ерланның қолында 4 алма бар еді.Оған тағы екі алма берді.Ерланда барлығы неше болды?

4+2=6

Біздің бауырсақ аюдан да құтылды.Өте жақсы.







-Бауырсақ ең соңында қай аңмен кездеседі?

Түлкімен.

4. Слайд:

Бауырсақ келе жатып тулкіні кездестіреді.Міне қарандаршы түлкіде бауырсақты жегісі келіп тұр.Егер де балалар, сендер түлкінің 2 тапсырмасын орындасаңдар.Ол бауырсақты жемейді.



Біз бауырсақ ертегісін бәріміз жақсы білеміз. Ол ертегіде біздің айлакер тулкіміз,мұрыннын үстіне қойып,бауырсақты жеп қояды.Осы тапсырмалардан сендер мүдірмей,жауап берсендер,бауырсақ үйіне оралады.

1.Тапсырма шарты: Ойын « Көршісін тап».

.3. .4. .5. .6. .7. .8. .9. .10.

4 Сергіту сәті.



2.Тапсырма шарты: Геометриялық пішіндерді атаңдар.

Балалар, мынау қандай пішін,сендер білесіңдер ме ?

Балалар: Төртбұрыш. Ұшбұрыш. Шеңбер. (ол домалақ)

Тулкі: Сендер менің тапсырмаларымды жақсы орындадыңдар. Мен сендерге ризамын Бауырсақты жемеймін.

Балалар біз тапсырмалардың бәрін орындап,біліміміздің арқасында бауырсақты аңдарға жегізбей аман алып қалдық.Енді оны атасы мен апасына қайтарып апарайық. Бауырсақ өте бауырмал екен . Ол өзімен бірге барлық аңдарды қонаққа апарыпты. Сонымен барлығы достасып, тату-тәтті өмір сүріпті.







5. Қорытындылау.

Балалар бүгін біз сабақта немен таңыстық?

Бугінгі сабақта не білдік ?

Не үйрендік ?

Балалар, бүгінгі сабақта сендерге не ұнады?



6 .Мадақтау,бағалау.