Түркістан қаласының білім бөліміне қарасты МКҚК
«Балдырған» ясли бақшасының педагог – психологы
Қыстаубаева Жанат Жұмагелдіқызы
Тақырыбы: Білімге қанат қаққандар! Мақсаты:
Балалардың жыл бойы алған білім біліктерінің, ой - өрістерінің жемісін, өнерлерін ортаға сала отырып, балаларды үлкен өмірге қадам басуға даярлау. Адамгершілікке, достыққа, бауырмалдыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу
Көрнекілігі: слайд, суреттер, желім.
Қатысушылар: ата - аналар, қонақтар, мүғалімдер, балалар.
Зал мерекеге сай безендірілген. Көңілді әуен естіліп тұрады. Балалар
негізгі көк, қызыл, сары түстерді алып, сол түстерге байланысты бөлініп
отырады.
Көк түс - алғырлар тобы
Сары түс - білгірлер тобы
Қызыл түс - жүйріктер тобы
Жүргізуші:
- Құрметті қонақтар! Бүгін біз тәрбиелеген бүлдіршіндеріміз көз
алдымыздағы тәп-тәтті, сүйкімді балақайларымыз мектепалды
даярлықпен қоштасып, мектеп табалдырығын аттағалы отыр.
Сәлемдесу.
Шаттық шеңбері. Ойын: «Күн шуағы».
Балалар өз тілектерін айта отырып, күннің айналасына шуақтарын
жапсырады.
- Жарайсыңдар, балалар! Міне күн құрастырдыңдар. Әрқашан күн
сөнбесін! Күн шуағы сіздерге нұр сыйласын! Сапарларың сәтті болсын!
Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға
Мектеп деген даналардың мекені, - дегендей түлектердің орындауында
«Жарайсың» әні Орындайтын: Азамат
I. «Не өзгерді?» ойыны. (Образ. №2. Что изменилось?)
Қабылдау (ұғыну) «Не өзгерді?» әдістемесі.
Мақсаты: заттарды тұтас ұғыну (қабылдау) деңгейін анықтау. Тапсырма: балалар көкөністер бейнеленген суреттерді қарап көріп, орын ауысқан көкөністі анықтау ұсынылады.
Даму деңгейлері. Жоғары деңгей – 5
Ортаңғы деңгей – 4
Төменгі деңгей —3
II. «Өз орныңды тап» ойыны. (Все. №7. Найди свое место.)
Қиялдау. «Суреттерді өз орнына қойып шығу» әдістемесі.
Мақсаты: шығармашылық қуатты, оның даму деңгейін анықтау. Тапсырманың сипаттамасы: балаға суреттің бос орны беріледі де, ойлана отырып, олардың суретін салып бітіру ұсынылады.
Даму деңгейі туралы қортындылар .
Жоғары деңгей - 5
Ортаңғы деңгей - 4
Төменгі деңгей - 3
Жарайсыңдар, балалар! Балаларға балабақша мен мектептің айырмашылығын түсіндіреді.
Олай болса балалар сендер мектепке баруға дайынсыңдар ма?
Ия, біз мектепке баруға дайынбыз.
Олай болса, «Қош бол, балабақшам!» әнін бәріміз бірге орындайық.
Қорытынды.
Хор. «Қош бол, балабақшам!»
Бірге:
Қуанышымыз біздің мол, Мектепке біз тарттық жол! Үмытпаймыз өзіңді, Балабақша қош-сау бол!
Жүргізуші: - Міне, балаларымыздың жүректері лүпілдеп мектепке қадам басқалы тұр. Бойларындағы бар өнерлерін сіздерден аямай барынша тырысып көрсетті. Сіздерге ақ жол тілеймін, балалар. Сапарларың оң болсын бүлдіршіндер!