Келісілді. Әдіскер: _________________________
«Балдырған» ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Өткізілген уақыты:02.11.15ж
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Құрастыру.
Тақырыбы: «Саңырауқұлақтар»
Мақсаты: Білімділік: Саңырауқұлақ жайлы білімдерін бекіту, саңырауқұлақты табиғи
материалдардан жасай білуге және оны жасауда пішіндерді дұрыс қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық: Танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққ тәрбиелеу.
Алдын –ала жүргізілетін жұмыстар: Саңырауқұлақтар туралы әңгімелеу..
Әдіс – тәсілдер:Әңгімелеу, көрсету, сұрақ – жауап.
Қажетті құрал – жабдықтар: жасыл тұсті қағаз, ақ түсті ермексаз, грек жаңғағы.
Сөздік жұмыс: Саңырауқұлақ.
Қостілділік компонент : саңырауқұлақ- гриб.
Тәрбиешінің әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі
Жылулық шеңберіне жиналу
Біз қандаймыз, қандаймыз
Шұғылалы таңдаймыз
Күлімдеген күндейміз
Еш уайымды білмейміз
-Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын. Сендер жұмбақтың жауабын табасыңдар. Келістік пе? Ендеше мұқият тыңдаймыз.
Бір аяғы қалқиған,
Қалпағы бар
Ағаш түбінде тұрағы бар.
Ол не?
Балалар жылулық шеңберіне жиналып, тәрбиешімен бірге өлең жолдарын айтады
Саңырауқұлақ
Ұйымдастырушылық
-ізденушілік.
Өлең оқу.
Табиғат ол анамыз
Табиғатқа баламыз
Құшағында ойнаймыз
Шаттық әнге саламыз
Саңырауқұлақтың түрлері жайында, тағамға пайдаланатын түрлері болатынын айтып, суреттерін көрсету. Ормандағы саңырауқұлақтарды біз бүгін табиғи материалдардан жасап үйренеміз,-деп жасалу жолдарын түсіндіру.Ол үшін алдымен үлгіге қарап алыңдар, саңырауқұлақтың қалпағы грек жаңғағынан, сабағы ақ түсті ермексаздан жасалған. Алдымен ермексазды алақанымыздың арасына салып тегістеп, есіп аламыз, сопақша пішінге келтіреміз.
Одан кейін грек жаңғағының жарты бөлігін оның жоғарғы жоғарғы жағына кигіземіз, сонда саңырауқұлақ дайын болады. Енді оны жасыл түсті қағазға орналастырамыз. Балалардың еңбек нәтижесіне жетуіне, жұмыстың соңына дейін аяқтап шығуына бағыт беріледі.
Сергілу сәті:
Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі,
Кіп кішкентай ағаштар
Үп үлкен боп өседі
Д/о: «Пішіндерді ата»
Шарты: Балаларға пішіндерді атайды.
Мақсаты: Балаларға пішіндерді атату арқылы танымдық қабілетін дамыту.
Балалар бірге қайталап айтады.
Балалар табиғи материалдардан қалай жасалатынын қарап үйренеді.
Олар алдымен сабағын ермексаздан жасайды, қалпағына жаңғақты жапсырып, жасыл түсті «шалғынға» орналастырады.
Іс-әрекет барысында балалардың қимыл-қозғалысы, қалпағын дұрыс орнатуға мән беріледі.
Қимылмен бойларын сергітеді.
Ойынға белсене араласады.
Іс - әрекетін бағалау кезеңі
Барлық саңырауқұлақтарды «жасыл түсті шалғынға » орналастырып,ең әдемі саңырауқұлақтарды таңдауды ұсынады,ол несімен ұнағаны туралы балалар айтып беруін сұрау.
Балаларды жасаған жұмыстары үшін мақтау, мадақтау.
Балалар өздерінің жасаған саңырауқұлақтарын қарап,таңдауға көмектеседі.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Саңырауқұлақтарды табиғи материалдан жасауды;
Игерді: Саңырауқұлақтар туралы жаңа мәліметтерді;
Меңгереді:Саңырауқұлақтың сабағын, қалпағын бір – біріне берік бекітуді.
Тәрбиеші: Утепова С.А.