Иновациялық технология ойыны. Түрлі түсті жолақтар

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Кіріспе

Баланың бірінші әрекеті – ойын, сондықтан да оның мәні-мәнісі ерекше. Ойын – адамның өмірге қадам басардағы алғашқы адымы. Жас баланың өмірді танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшіліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Ойында шындықтың көрінісі, оның образды сәулесі қылаң береді. Өмірдің әр түрлі құбылыстары мен үлкендердің әр түрлі құбылыстары мен үлкендердің әр түрлі іс-әрекеттеріне еліктеу ойынға тән нәрсе. Ойынға шартты түрдегі мақсаттар қойылады, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс әрекет бала үшін қызықты. Ойын балаларға ақыл-ой, адамгершілік, дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі деуге болады. Балалар ойын барысында өзін еркін сезінеді, іздемпаздық, тапқырлық әрекет байқатады. Сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психикалық түсінік пен сезім әлеміне сүңгиді. Педагогикада бала ойынына ерекше мән беріледі, өйткені балалық шақтың түйсігі мен әсері адамның көңіліне өмірбақи өшпес із қалдырады. Бала ойын арқылы өзін толқытқан бүгінгі қуанышын, ренішін, асқақ арманын, мұрат-бейнесін мүдделесе, күні ертең сол арманын, қиялын өмірде жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Сөйтіп бүгінгі ойын бейнелі әрекет ертеңгі шындық ақиқатқа айналатын кезі аз емес. Ойын баланың жан серігі. Қай бала болмасын ойнап өседі. Ойын сырттай қарағанда анау айтқандай қиындығы жоқ, оп-оңай көрінуі мүмкін. Ал іс жүзінде бала үшін ойынға қатысты балалармен тіл табысып, өзінің ойлаған ойын іске асыру оңай емес. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, сол ойындардан үлкен де мәнді-мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Өйткені, ең алдымен не нәрсенің болсын жол бастар қайнар көзі болатыны белгілі. Сондықтан да ойын бала бойындағы қандай да болмасын бір өнердің бастауы деп білеміз. Өйткені болашақ ел қорғаушы батыр, жауынгер, халық қайраткерлерінің нышаны ойын үстінде көрінеді. Сол ойын арқылы шынығып, өзінің бойындағы табиғи дарынын шыңдай түседі. Сондықтан да, бала тәрбиесінде, балалар ойындарына ерекше мән беріліп отырады.
Балалар ойындарының:
- ұлттық ойындар,
- кейіпкерлі мазмұнды ойындар;
- дидактикалық;
- шығармашылық қабілетін дамытуға арналған;
- логикалық ойлау қабілетін дамытуға арналған;
- спорттық ойындар;
- қимылды-қозғалысты ойындар сияқты сан-алуан түрлері бар.
Балалар игерген білімдерін ойынға пайдалана білуі керек. Сондықтан да балалар өздерінің іс әрекетін дұрыс ұйымдастыра отырып, арнайы кезеңдерді нақтылы анықтай білуі қажет. Ол кезеңдер мыналар: жоспарлау, дайындалу, іске асыру, ойын шартының дұрыс орындалуын бақылау, ойын кезіндегі қарым-қатынасы, тәртібі. Мәселен, рольдерге бөлгенде бала өзі ұнамсыз роль тиюінің өзі-ақ көп нәрсені шешеді. Сондықтан тәрбиешінің міндеті – балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету. Сонда ғана ойын өз мақсатына жетіп, тәрбиелік мәні арта түседі. Бала ойын кезінде жолдасының айтқанымен келісіп, оны құрмет тұтудың өзі адамгершілікке бастайтын жол. Тәрбиеші ойын арқылы әр баланың игі бастамасын қолдап, оның бойындағы жақсы қасиеттерді өрбіте, өзіндік мінез құлқын дамытады. Мәселен, Әлім құмнан неше түрлі құрылыстарды өзі ойлап сала алады. Жанына келген Әсетке ол құмнан құрылыс салудың жолдарын бар ынтасымен айтып түсіндіреді. Болашақта осы Әлімнен талантты құрылысшы шығуы әбден ықтимал. Әр баланың бойына өмірге деген белгілі бір бейімділігі, сүйікті істері болады. Соны дер кезінде байқап, жан-жақты дамыта тәрбиелеу қажет. Баланың әдепті, көргенді, қайырымды болып өсуі қоршаған ортасына, үлкендерге байланысты екені мәлім. Бала өмірде көрген-білгендерін, ойға түйгендерін ойын арқылы қалай бейнелесе, біздердің, яғни, үлкендердің, көрсеткен үлгі – өнегеміз қандай дәрежеде болса, балалардың тәлімділігі де соны айқын бейнелейді. Үлкендердің мейірімділігі сәби жүзіне қуаныш сезімін бөлейді. Бала жаны еліктегіш ол үлкендердің іс әрекетін үлгі ретінде қабылдайды да, оны ойын кезінде айқын байнелеуге тырысады. Балалардың бір бірімен достық қарым қатынасының дұрыс қалыптасуында мақсатты жүргізілген жүйелі ойын жемісті, қарқынды түрде болады. Сондықтан кейіпкерлі мазмұнды ойын барысында балалардың танымдық белсенділігін арттыруға, қоршаған өмірге қызығушылығын, дамытуға көп көңіл бөлінуі тиіс. Осы мақсатта мазмұнды кейіпкерлік ойындарды пайдаланудың маңызы зор. Ойын үстінде балаларда көтеріңкі көңіл күй байқалады, дәлірек айтқанда, жақсы көруге, өзінен кішілерге жанашырлықпен, қамқорлықпен қарауға талпынады. Балалар рөлдерге ойнай отырып, өзі атқарып отырған кейіпкерге тән қасиеттер мен сапаларды бұлжытпай орындауға талпынады, яғни өзін соған міндеттейді де, жаңа білік дағдылары мен сапаларына бейімделеді. Бала өзіне жүктелген кейіпкерлік рөлді орындауда ойын ережесіне сай болуы тиіс. Балаларға ұжымдық әрекеттен тыс қалу қатты әсер етеді, сондықтан көпшіліктің пікіріне бағынуға мәжбүр болып, соған үйренеді. Баланың әдепті, көргенді, қайырымды болып өсуі, қоршаған ортасына, үлкендерге байланысты екені мәлім.





















Мақсаты:

Балалардың ойын элементтерін үйрету арқылы, ой-өрісін қалыптастыру, мектепке дейінгі жасындағы баланы театр түрлері арқылы шығармашылық жеке тұлғаны тәрбиелеу және парасаттылық қабілеттерін жан-жақты дамыту. Сөз өнерін қастерлей білуге, өз білімін көтеруге, шешендікке баулу. Жаңа технология элементтерін пайдалана отырып, балаларды адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу. Балаларға сөздік қорларын молайту ойынға деген қызығушылығын арттыру.





Міндеті:
- Балалардың тілін дамыту, сөйлеу мәдениеті мен ой-өрісін, дүниетанымын жетілдіру.
- Балаларды адамгершілікке баулу, ойлаған ойын нақты жеткізе алу.
- Баланың қиялын есте сақтауын шығармашылық қабілетін дамыту, ойдан әңгіме, ертегі шығарып айтуға дағдыландыру.
- Баланың әлеуметтік және эмоцианалдық дамуына жағдай жасап, әр баланың жеке дара әртістік, шығармашылық қасиеттерін ескере отырып, өзін қоршаған ортаға, адамдарға, құрбыларына, өзіне деген қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.















Зерттеу обьектісі
ойын белсінді іс әрекетінің және коммуникативтік қарым қатынастың маңызды құралы







Зерттеу заты:
Мектепке дейінгі баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту, баланың тілін дамытудың және жаңа заманның жағдайларына бейімделуінің қосалқы бөлімі.