Жол тәртібін білейік-аман-есен жүрейік жол тәртібіне байланысты кеңейтілген оқу іс-әрекеті

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Кеңейтілген оқу іс-әрекеті.

Тақырыбы: Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік.

Мақсаты: Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру. Жол ережесінің белгілерін есте сақтауға, білуге, оны бұлжытпай орындауға, сақтыққа тәрбиелеу.Сөздікке жаңа сөздер енгізу.Балалардың есте сақтау қабілетін арттырып, сана сезімін ояту.Адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: Жол белгілері, көше макеттері, көлік түрлерінің суреттері,слайд

Билингвизм компоненті: Жаяу жүргіншіге арналған жол- тратуар

Ала жол – першеход

Көлік – транспорт

Бағдаршам – светафор

Іс- әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті




Мотивациялық

қозғаушы















Іздену ұйымдастыру




































































Рефлексивті коррекциялаушы













Шаттық шеңбері:

Атам шықса сапарға,

- Жолың болсын, — дейді апам.

Апам шықса сапарға,

- Жолың болсын! — дейді атам.

- Жолың болсын! — дейді олар,

Үлкенге де кішіге.

- Жолың болсын! — дейді олар,

Ұшырасқан кісіге.

- Жолың болсын! – айтайын

Алыс жолға шықса кім.

Айтамыз біз бәріміз:

Жолың болсын достарым.

-Жрайсыңдар балалар, енді орындарыңа отыра қойыңдар.

Жұмбақ жасыру:

1) Көше бойлап аяңдайды,

Адам тасып аялайды.

(Автобус)

2) Көліктің қаншасын үстінен өткізген, Іргеден басталып, алысқа жеткізген.

(Жол) 3) Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та,

Бақырайған үш көзі бар бірақ та.

(Бағдаршам) 4) Өзі сөйлей білмейді,

Бірақ «Тоқта!», «Жүр!» дейді.

(Бағдаршам) 5) Алатаяқ ұстанған,

Жол тәртібін нұсқаған,

Өміріңді күзеткен

Ысқырықпен түзеткен.

(Май қызметкері)

-Жарайсыңдарбалалар, бүгінгі біздің тақырыбымыз осы жолдағы қозғалыс, ондағы ережелер жайында болмақ.Ең алдымен мында назар салайық.

Суретпен жұмыс:

-Мінеки, мына суреттегі белгі – жаяу жүргіншіге арналған белгі.Яғни,көшеден жаяу адамға өтуге болады деген белгі.

-Ал, мынау ненің суреті?


-Бағдаршамның неше көзі бар екен?


-Қандай түстері бар? Қандай қызмет атқарады?



-Жарайсыңдар,осы бағдаршам жайында кім тақпақ айтады?

Нұрбол:

Қызыл жарық жанғанда,

Қалт тоқтай қал табанда.

Сары шамы жағылса,

Сақ абай бол барынша.

Жасыл шамы жол ашық,

Зымырай бер бел асып.

Нұрболат:

Шофер біткен бүгінде,

Жол тәртібін біледі.

Бағдаршамның түбінде,

Ережемен жүреді.

Балаларды топ бұрышында орналасқан көше макетіне әкелу.

-Балалар мынау көлікке арналған жол.Мұнда тек көліктер жүреді.Орысша транспорт.

- Жолдан өту жолақтарындағы сызықтар – ала жол деп аталады.Орысша першеход.

- Адамдар өтетін жолды – тратуар деп атаймыз. Міне, жол бойымен жүретін адамдар тратуармен жүреді.

- Көшедегі жолдан өтетін адамдарды — жүргіншілер деп атайды.

-Жолдың тәртібін май қызметкерлері қадағалайды.

- Көшенің шетінде бағдаршам орналасқан. Бағдаршам – көше қозғалысын реттейтін шам. Бағдаршам жаяу жүргіншілердің көшеден өтуін жеңілдетеді.Орысша светафор.

-Балалар, жолда жүру ережесімен таныстықпа?

-Кез-келген жерден жолдың арғы жағына өтуге болады ма?








Балалар шаттық шеңберін жасады.

















Жұмбақтардың шешуін тез таба білді.





















-Бұл бағдаршамның суреті.


-Бағдаршамның 3 көзі бар

Қызыл жанса тоқтайды

Сары жанса дайындалады

Жасыл жанса жүреді




































-Ия, таныстық


-Жоқ болмайды.