Сабақ: Қызанақ пен қияр

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Технологиялық карта

Күні:

Білім беру саласы: Шығармашылық. Таным.

Бөлімі: Мүсіндеу

Тақырыбы: «Бақшадағы қызанақ пен қияр»

Мақсаты: көкөністің адам ағзасына пайдасы туралы мағлұмат беру; көкөніс түрлері туралы білімдерін дамыту; ермексазды алақан арасына салып есу, домалақтау тәсілдерін меңгеру. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Көкөністі жуып жеуге, тазалық сақтауға тәрбиелеу;

Қажетті құрал-жабдықтар: көкөніс түрлерінің суреті, үлестірмелі материал, ермексаздың қызыл, сары, жасыл және қоңыр , қара түстері , тақтайша, ермексаз кесуге арналған құрал, сулық, тақтайша

Билингвальді компонент: бақша-огород, қызанақ-помидор, қияр-огурец

Кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық -қозғаушылық


Жылулық шеңбері:

Бақша біздің жаман емес

Бұршақ және сәбіз бар,

Пияз бенен қызылша

Қызанақ пен қияр бар

Балалар , бізге келіңдер.

Дәмін татып көріңдер?



-Шеңберге тұрады.

-қимылмен көрсетеді.


Ұйымдастырушы-лық- ізденістік




-күзде бақшада нелер піседі?

-көкөністерді не үшін өсіреді?

-Көкөністердің адам ағзасына қандай пайдасы бар?

Көкөністерді көп жеу керек. Көкөністі күнделікті падаланатын адамның денсаулығы мықты болады.

Дидактикалық ойын: «Сиқырлы қапшық»

Қапшықтың ішіне қияр мен қызанақ салынады. Балаларға қапшықтың сыртынан ұстап, қияр мен қызанақты ажыратып, сипаттама берулерін сұрайды.



-сұрақтарға жауап береді.





-мұқият тыңдайды.



-ойын шартымен танысып,ойынды қызыға ойнайды



Ұйымдастырушылық ізденістік

-Қызанақ пен қиярды көрмей-ақ қалай ажыраттыңдар?

-Олардың түсі қандай?

-Екеуін қосып, не жасауға болады?

-Көкөністерді қай кезде жинайды?

Үлестірмелі материалмен жұмыс:

-Атайдың бақшасындағы көкөністері пісіпті. Біз де атайға көкөніс жинауға көмектесейік.

-жинаған қиярымызды бірінші қызанақты екінші жәшікке саламыз. Қияр мен қызанақ жасау үшін қандай түсті таңдаймыз

Қызанақты қалай мүсіндейміз?

-Осы домалақтың сабағы тұратын орныны саусақ ұшын батырып, сәл шұңқырлаймыз. Шұңқырға кішкентай сабағы мен жапырағын орналастырамыз.

-Қиярды өзіміз білетін қандай тәсілмен жасаймыз?

Қиярдың кішкентай сабақшасын жасаймыз. Енді атайға жәшіктің ішін толтыруға көмектесуіміз керек. Жасаған көкөністерді жәшікке саламыз.



-сұрақтарға жауап береді.







Ынталарын білдіреді.



Қызыл және жасыл

Ермексаз бөлігін алақанға салып, айналдыра домалақтаймыз



Ермексаз бөлігін алақан арасыа салып есіп, сопақша пішінге келтіреміз.


Рефлекстік түзетушілік

Қорытындылау:

-Балалар, қараңдаршы, қандай көп көкөніс жинадық. Бізге ғана емес, бүкіл балабақша балаларына жетеді. Атай да сендерге алғысын білдіріп жатыр

Қуаныштарын білдіреді

Бір-бірінің жұмыстарын қарайды.


біледі: ермексазды алақан арасына салып есу, домалақтау тәсілдерімен қызанақ пен қиярды мүсіндейді;

игереді: ұқыпты жұмыс істеуді; көккөністің адам ағзасына пайдасын;

меңгереді: домалақ және сопақ пішіндер жасауды;



Толтырған: Жердентапқанова Г.О.

Тексерген: Апбасова Г.Қ.