ЭССЕ Тәрбиеші болу бақыт

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Эссе


Тәрбиелеушінің өзі-ақылдың,үлкен ұстамдылықтың,мейірімділіктің,биік адамгершілік көзқарастың иесі болуға тиіс.

М.П.Драгоманов


Мен мұғалім ретінде оқушыларға білім беру мен тәрбие берудегі жауапкершілікті мұғалім бойындағы ең басты қасиет деп түсінемін. Ұстаздар қауымы елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыратын ұрпақ тәрбиелеуде үлкен жүкті арқалай отырып, қоғам алдындағы зор жауапкершілік жүктелгенін бүгінде нақты сезінген деп ойлаймын. Өзім де сол жауапкершілікті сезіне отырып, мектепалды тәрбиеленушілерге деген сүйіспеншілік, оларға қамқор болу, олардың жан дүниесін түсіну, оқушылармен дұрыс қарым-қатынас орнату, олардың әрқайсысына мән беріп, назарда ұстау мен үшін әдетке айналған. Менің бойымдағы баланы жақсы көру жасандылық емес, бұл менің табиғатымнан берілген қасиет. Тәрбиеленушілерге аяушылық сезіммен қараймын, әрқашан мейірімді, төзімді болуға және оларға құрметпен қарауға тырысамын. Сондықтан да болар балабақшадағы тәрбиеленушілер мені қатты сыйлайды, жақсы көреді, айтқанымды екі етпейді, мені ренжіткілері келмейді. Әлде қашан балабақша табалдырығанан мектепке аттанған бүлдіршіндер де көре қалса өздерінің маған деген ыстық ықыластарын білдіріп жатады.

Бүлдіршіндердің ата-аналарымен де тығыз байланыста боламын. Балабақшадағы тәрбиеленушілерімнің ата-аналары бала тәрбиесіндегі ортақ мақсатты түсінген, сондықтан олармен жұмыс істеу маған жеңіл. XXI ғасырдың басындағы қазіргі қоғам тез қарқында дамып қана қоймай, өз даму үдерісімен барлық саланы жандандыруда. Соған байланысты қоғамның әр саласында түрлі мақсаттар қойылып, оларды шешуге арналаған міндеттер аталуда. Білім беру саласы да ондай өзгерістерден шет қалған жок,. Мектепке дейінгі тәрбие мен білім, бастауыш мектеп, орта мектеп, жоғарғы білім беруде оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдіс-тәсілдері, технологиялары анықталып, жеке тұлғаны қалыптастырудың жаңарған, ақпаратты ағымы қуатты, жоғары технологиялық қоғамға сай моделдері жасалуда. Жылдар өткен сайын оқыту мен оқуда болып жатқан өзгерістермен бірге тәрбиеші мен тәрбиеленуші , мұғалім мен оқушы арасындағы өзара қарым-қатынас пен әрекеттер өзгеріп тұрады, сондықтан бүгінгі тәрбиешіге де мұғалімге де қойылатын талап, жауапкершілік аса жоғары.

Мен өзім жұмыс істеп жүрген балабақшамды — өз үйімдей, өзім тәрбиелеп жүрген бүлдіршіндерді — өз балаларымдай, бірге қызметтес болып жүрген тәрбиешілерді өз туыстарымдай өте жақсы көремін десем артық айтқаным емес. Егер мамандық қайта таңдау қажет болса, мен осы ұстаздық мамандықты ойланбастан тағы да таңдар едім. Басқа мамандық туралы бала кезден бастап ойыма да кіріп шықпапты. Қоғам үшін өзіңді жауапты санаудан артық бақыт бола ма? Мен қазір баланың шуынсыз, бақытты балалардың базарысыз жүре алмайтын жағдайға жеткен тәрбиешімін. Адам өмірінде мамандық таңдаудан қателеспеу керек деген сөз бар ғой, ол шындық екен. Жұмысыңды аңсап бару, қуанып қайту, өзіңнің не бітіргеніңді, енді не істейтініңді білу, бұл — мамандығын сүйген адамның ісі.


Алмагүл Төлешқызы Адуова

Павлодар қаласының № 12 балабақшасының тәрбиешісі