Урок на тему Дөңгелек

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тақырыбы: Дөңгелек

Тәрбиеші: Казанова А.Б

«Тамшылар» тобы

Үлкен Нарын ауылы

Білім беру саласы: Таным

Оқу іс-әрекеті: Қарап. мат.ұғым таныстыру.

Мақсаты: Балаларға геометриялық пішіндер туралы түсінік беру, оның ішінде дөңгелекпен таныстыру, білімдерін жетілдіру. Геометриялық пішін туралы білімдерін бекіте отырып,олардың ой – өрісін дамыту . Айналадағы заттардың көлемін, формасын тікелей бақылата отырып меңгерту . Зейінділікке,ойшылдыққа тәрбиелеу

Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелесу,түсіндіру,таныстыру, сұрақ-жауап, көрсету, ойнау.

Көрнекеліктер: суреттер,геометриялық пішін.

Билигвальды компонент: дөңгелек-круг.

Мотивациялық-қозғаушылық кезең:

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де

Қуанайық достарым

Арайлап атқан күнге.

Ұйымдастыру- іздестіру кезең:

Балалар енді орындарына отырындар.

-Балалар, айтындаршы қазір қай мезгіл? (күз)

-Күзде ауа-райы қандай? (суық,жаңбыр жауады, т.б)

-Дұрыс айтасындар күзде күн суық.

Күтпеген сәт.

Кенет есік қағылады. Бауырсақ келеді. Балалармен амандасады.

-Балалар мен сендерге әртүрлі суреттер, геометриялық пішіндер ала келдім. Бірақ мен пішіндердің аттарын білмеймін. Сендер көмектесесіңдер ме? (ия, көмектесеміз)

-Балалар, менің қолымда геометриялық пішіндер. Мынау қандай геометриялық пішін? Бұл- үшбұрыш. Кане, бұрыштарын санайық.(1,2,3) Ал, бұл-төртбұрыш. Төртбұрыштың бұрыштарын санайық. (1,2,3,4)

Үлкен қызыл дөңгелекті көрсетіп: Бұл- дөңгелек. Түсі қандай? Содан кейін көк дөңгелекті көрсетіп,сұрау: бұл дөңгелектің түсі қандай? (көк ) Қай дөңгелек кіші, қай дөңгелек үлкен? Қалай тексеруге болады? Қараңдар, қызыл дөңгелекке көк дөңгелекті беттестіреміз. Көрдіндер ме қызыл дөңгелек көк дөңгелектен шығып тұр. Ендеше қызыл дөңгелек үлкен. Қазір мен дөңгелектің шетінен жүргіземін. Қараңдар менің саусағым дөңгелектің шетінен жүгіріп барады. Қай жерден шықты, сол жерге келеді. Енді көк дөңгелектен жүреміз. Кәне барлықтарын сұқ саусақтарыңды көрсетіңдерші. Енді көк дөңгелекті аламызда ,дөңгелектің шетімен жүргіземіз. Енді дөңгелекті дөңгелетейік дөңгелей ме? Ия. Кәне, Алижан көк дөңгелекті дөңгелетші. Не істейді? Дөңгелейді. Дөңгелектер дөңгелейді.

Үлестірмелі материалдармен жұмыс

Балалар қараңдаршы сендердің алдарыңдағы тарелкада дөңгелектер бар. Қызыл дөңгелекті көрсетші. Түсін сұрау. Қызыл дөңгелектің шетінен жүргізу. Дөңгелету. Көк дөңгелекті көрсету. Қолдарымен жүргізу. Дөңгелету.

- Дөңгелектер не істейді? Дөңгелейді. Үлкен,кіші болады. Бұрыштары жоқ.

Ойын: «Кім жылдам?»

Шарты: үстелдің үстінде геометриялық пішіндер, суреттер жатады. Сол суреттердің ішінен дөңгелек пішінді тауып тақтаға ілу. Дөңгелектің түстерін, көлемін айту.

Сергіту сәті:

Сырға,сырға,сырғалар,

Құлағымда ырғалар

Оң қолымда білезік,

Сол қолымда білезік.

Саусақтарда сақина,

Кәне санап көрейік,

1,2,3,..

Бойға жинап күш.

Енді балалар, ермексаздан дөңгелек жасайық. Алдарындағы ермексаздарды алып алақанға салып, жылытайық. Жылынған ермексазды алақанның арасына салып, дөңгелетейік. Қараңдаршы, дөңгелек болды ма? Ия, жарайсындар. Енді дөңгелектерінді дөңгелетейік.

Балалар Бауырсақ поезбен қайтайын деп тұр. Бірақ қараңдаршы поездың вагондарының дөңгелектері түсіп қалыпты. Поездың вагондарының дөңгелектерін жөндеп берейік пе? (ия)

Ойын: Вагондарға дөңгелек таңдау.

Мақсаты: Геометриялық пішіндерді ажыратуға , қасиеттерін білуге жаттықтыру, ойлау қабілетін дамыту. Ойынның құрамы: қағазға салынған вагондар, әртүрлі геометриялық пішіндер.

Мазмұны:Балалар вагондарға лайықты дөңгелектерді әртүрлі пішіндердің ішінен табу.

Рефлексті коррекциялау

-Балалар, бүгін біз немен таныстық? (төртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек)

-Бұлардың барлығын бір сөзбен айтқанда қалай аталады?(пішіндер)

-Дөңгелек қандай болады? Оған қандай заттарды жатқызамыз? (күн, доп, алма, т.б)

Күтілетін нәтиже: геометриялық пішіндермен, соның ішінде дөңгелекпен танысу.

Білуі керек:Дөңгелек пішінді айыра алу.

Меңгереді:Пішіндерді ажырата алуды.

Игереді: Дөңгелекті танып біледі.