Занятие по математике на тему Фигуры

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Білім беру саласы:Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру

Мақсаты:Балаларға математикалық пішіндермен таныстыру.

Білімділік міндеті:Ойын арқылы пішіндерді меңгерту.

Дамытушылық міндеті: есте сақтау қабілетін дамыту,

Тәрбиелік міндеті:достыққа,алғырлыққа тәрбиелеу.

Әдіс тәсілдер:Көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауаптар, ойын.

Көрнекі құралдар:түрлі суреттер, геометриалық пішін.

Сөздік жұмыс: Тіктөртбұрыш


Педагог: Бір күні домалақ, үшбұрыш және төртбұрыш, әңгімелесіп отырған екен олардың қасына және бір таныс емес пішін келіпті.

Таныс емес пішін: Ассалаумаәлейкум

Үшбұрыш пен төртбұрыш: Әлейкумассалам

Таныс емес пішін: Келіңдер танысайық

Үшбұрыш, төртбұрыш, домалақ өздерін таныстырады.

Мен үшбұрыш, мен төртбұрыш, мен домалақпын.

Таныс емес пішін: Мен тіктөртбұрышпын. Менің 4-бұрышым, 4-қабырғам бар. 2-қабырғам ұзын, 2-қабырғам қысқа-деді.

Домалақ Төртбұрышқа қарап: Сен Тіктөртбұрыштың туысы емессіңбе-деді. Саған ұқсайды екен.

Төртбұрыш: Дұрыс айтасың маған өте ұқсайды екен.

Тіктөртбұрыш: Дұрыс айтасың өте ұқсас екенбіз, бірақ төртбұрыштың 4-бұрышы тең.

Педагог: Осылай пішіндер дос болыпты

Д\ойын: Пішіндерді достастыр

Балалар пішіндерді сызықша арқылы қосып достастырады

Балалар білімін қорытындылау: «Ұқсасын тап» ойынымен

Ойын шарты: Алдарында столда әртүрлі пішіндер сызылған қағаз А4 көлемінде балаларға қиылған пішіндер тарқатылады ұқсас пішінге қойып шығады.

Біледі: пішіндерді таниды

Игерді: пішіндер ұқсастығын