Шынықсаң шымыр боларсың
Сауығып айдай толарсың
Спортты серік ете біл
Жақсы азамат боларсың
Арман болған талайға
Болмасаң да ұқсап бақ
Жарысқа түсіп қалайда –деп
Бүгінгі «Жүзден жүйрік» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Ал, енді бір-бірімізді қостаймыз
Бүгінгі жарысымызды бастаймыз
сайысқа түсетін топтарымызды ортаға шақырайық.
«Сұңқар» «Тұлпар»
Қалма жұрттың соңында,
Қажет болса мың атта.
Аздық етер оныңда,
Жету үшін мұратқа.
«Қай топ жылдам» Балалар тізбектеліп тұрып соңғы бала текшелерді келесі балаға береді солайретімен беріп алдыңғы бала текшені себетке салады.
Ат өнері білінбес,
Бәйгеге түсіп жарыспай.
Ер өнері білінбес,
Қоян қолтық алыспай
«Теңге алу» балалар атқа мініп жердегі затты алып шауып келіп келесіге береді .
Денсаулық ол шыныққан,
Барлық дене мүшесі.
Денсаулық ол тыныққан,
Жүйке тамыр жүйесі.
«Домаланған доп» қолда доп кедергіден өтіп кегли арасынан допты домалату.
Басты байлық денсаулық,
Бабаң айтқан даналық.
Сақта жолын сен тауып,
Осы шақтан балалық
4. «Түсін тап» балалар қолдарындағы затты жүгіріп сол заттын түсіне қарай текшені тандап қасына қояды.
Уа, халайық назар аудар денсаулыққа,
Өмірде бақыттысың денің сауда.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді,
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да.
«Секіртпе доп» балалар үлкен секіртпе допқа мініп белгіленген жерге дейін секіріп барып, жүгіріп келеді.
Соңынан балаларды мадақтау.
«Ақсу қаласының №2 МКҚК балабақшасы»
Ересек, ортаңғы топтар арасында өткізілген іс-шара тақырыбы:
«Жүзден жүйрік»
Өткізген тәрбиешілері:
С.А. Рустемханова
Б.Ж. Карманова
2015-2016 оқу жылы
[pic]
[pic]
[pic]