Күні:
Білім беру саласы:Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Информатика
Тақырыбы:WordPad терезесіне шолу
Мақсаты: Балаларды WordPad мәтіндік редакторының терезесімен таныстыру, мәтінмен жұмыс жасауға, ашуға сақтауға үйрету.
Көрнекіліктер: Компьютер құрылғылары суреттері. WordPad мәтіндік редактор батырмаларының суреттері
Мотивациялық- қозғаушы
Балалармен амандасу. Өткен тақырыптарды қайталау. Жаңа тақырыппен таныстыру.
Амандасады. Өткен тақырыптарды қайталайды.
Іздену –
ұйымдастырушы
WordPad бағдарламасын іске қосу: Пуск – программы - стандартные – WordPad. Редактор іске қосылғаннан кейін экранға WordPad мәтіндік редакторының терезесі шығады. Терезе келесі элементерден тұрады: тақырып жол, меню жол, құрал-саймандар тақтасы, пішімдеу тақтасы, сызғыш және терезенің жұмыс аймағы.
Сергіту жаттығуы:
Оң қолымды көтерем,
Оң қолымды түсірем,
Сол қолымды көтерем.
Сол қолымды түсірем.
Оңға қараймын,
Аяқты топ-топ басамын,
Солға қараймын.
Біраз сергіп аламын.
Балаларға компьютерге отыруға,WordPad бағдарламасын іске қосу кеңес беру. Тақтаға сөздер іліп, балалар сол сөздерді көшіріп жазады. Балалардың жұмыстарын тексеру.
Компьютерді өшіруге кеңес беру.
Мұғалімнің WordPad мәтіндік редакторы туралы мағлұматын мұқият тыңдайды.
Сергіту жаттығуы:
Оң қолымды көтерем,
Оң қолымды түсірем,
Сол қолымды көтерем.
Сол қолымды түсірем.
Оңға қараймын,
Аяқты топ-топ басамын,
Солға қараймын.
Біраз сергіп аламын.
Компьютерге отырады,
WordPad бағдарламасын іске қосады. Тақтадағы сөздерді жазады.
Компьютерді өшіреді.
Рефлексивті
коррекциялаушы
Көз жаттығуларын орындау.
1.Көздерді оңға – солға, солдан оңға қарай қозғалту;
2.Көз қарашығын көкке одан төменге қарату;
3.Сағат тілі бойымен көзді айналдыру;
4.Тез арада көзді ашып – жұму;
Сұрақ қою арқылы білімдерін тексеру.
Балаларды мадақтау, бағалау
Көз жаттығуларын орындау.
1.Көздерді оңға – солға, солдан оңға қарай қозғалту;
2.Көз қарашығын көкке одан төменге қарату;
3.Сағат тілі бойымен көзді айналдыру;
4.Тез арада көзді ашып – жұму;
Сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек:WordPad бағдарламасын білуі. Элементтерін ажырата білуі
Болуы керек: Оқу іс-әрекетіне деген қызығушылығы
Қолынан келуі:Қойылған сұрақтарға, тапсырмаларға жауап бере білуі