Сабақтың тақырыбы: Түстер. Шағын орталық

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: 
Түстер. 

Сынып: 
Естияр тобы, мектепке дейінгі шағын орталық. 

Сабақтың түрі: 
Жаңа сабақ. 

Көрнекілік: 
«Түстер» тақырыбындағы мазмұнды суреттер. 

Мақсаты: 
Білімділік: тақырып бойынша түсінік беру, жаңа сөздермен танысу. Сөздік қорын молайту. Сөздерді, сөз тіркестерді сөйлемде дұрыс қолдануға үйрету. Сұрақтарға жауап беруге дағдыландыру. Жолдан өту ережесін еске түсіру. 
Дамытушылық: ауызекі сөйлеу тілін, ой-өрісін дамыту. 
Тәрбиелік: Өмірді, табиғат көрінісін бағалай білуге тәрбиелеу. 

Оқушы нені білу тиіс: 
«Түстер» тақырыбы бойынша сөйлей білу. Осы тақырып бойынша өтетін сөздерді, сөз тіркестерді сөйлемде дұрыс қолдана білу. Қойылған сұрақтарға дұрыс жауап бере алу. 

Оқушы нені игеруі қажет: Қазақ тіліне тән ерекше дыбыстарды, жаңа сөздерді, сөз тіркестерді дұрыс айтуға, суретті бояуға дағдыландыру. 

Сабақтың барысы. 

Ұйымдастыру кезеңі: 
- Сәлеметсіңдер ме, балалар. 
- Сәлеметсізбе! 
- Сабақты өлеңнен бастаймыз. 
Кел, бала, сабақ баста! 
Жаз, оқы, сөйле, тыңда! 
Айт, зертте, тексер, сұра! 
Шаршама да, демалма! 
Қазақ тілін үйренсең, 
Көп ұтасың сен ертең! 
-Балалар, бүгінгі сабақтың мақсатымыз: жаңа сөздермен танысу, түстерді білу. Сөйлеу тілін дамыту. 
-Енді, балалар, келесі менің сұрақтарыма жауап беріңдер. Бір жылда неше жыл мезгілі бар? 
-Бір жылда төрт жыл мезгілі бар. 
-Бір жылда неше ай бар? 
-Бір жылда он екі ай бар. 
-Бір апдада неше күн бар? 
-Бір аптада жеті күн бар. 
-Қазір жылдың қай мезгілі? 
-Қазір жылдың көктем мезгілі. 
-Қазір көктемнің қай айы? 
-Қазір сәуір айы. 
-Бүгін аптаның қай күні? 
-Бүгін аптаның сәрсенбі күні. 
-Ертең аптаның қай күні? 
-Ертең аптаның бейсенбі күні. 
-Кеше аптаның қай күні болды? 
-Кеше аптаның сейсенбі күні болды. 
-Біздің Отанымы қандай мемлекет? 
-Менің Отаным – Қазақстан. 
-Қазақстан қандай мемлекет? 
-Қазақстан - тәуелсіз мемлекет. 
-Елбасы кім? 
-Елбасы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. 
-Мемлекеттік тіл қандай тіл? 
-Мемлекеттік тіл – қазақ тілі. 

Бой сергіту. 
Көктем келді. 
Көктемде күн жылы, 
Адамдар қысқы киім шешеді, 
Құстар ұшып келеді, 
Жаңбыр жауады, 
Гүлдер өседі. 

Сабақтың негізгі бөліміне дайындалу: 
-Балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбы «Түстер».Түстер туралы не білесіңдер? Қандай түстер болады? Әр затта өз түсі бар. 

Сабақтың негізгі бөлігі: 
- Бүгін біздің сабағымызға қонақ келді. Бұл Жас суретші. Ол бізді түстер әлемімен танысып өтеді. 
- Қараңдар, ол бізге сурет салып келді. Бұл не? 
-Қызанақ. 
-Қызанақ қандай? (қызыл). Тағы да қызыл түсті бізде не бар? 
- Ал мынау не? ... (осы түрде қара, ақ, көк, жасыл, көгілдір, қоңыр, сары, қызыл сары түстермен танысу). 

-Жұмбақ жасыру: 
Ағайынды бәрі: 
Шықса көк, түссе сары. (Жапырақ) 

-Фонетикалық жаттығу. 
-қо, -қо, -қо –қоңыр 
-қы, -қы, -қы – қызыл 
-қа, -қа, -қа - қара 

-Жақсы. Шаршаған шығарсыңдар. Тынығып алайық. Орнымыздан тұрамыз. (сергіту сәті) 
Орнымыздан тұрамыз. 
Қолды белге қоямыз. 
Басты оңға бұраймыз. 
Басты солға бұраймыз. 
Бір отырып, бір тұрып, 
Біз демалып аламыз. 

- Жақсы, орнымызға отырамыз. Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, түстер бізге керек пе? Не үшін керек? 
- Ал жолдан өтуге ол бізге қалай көмектеседі? Мынау не? (бағдаршам). Ол қалай істейді? 

- Жарайсыңдар, енді «Жолдан өту» ойнын ойнайық. Мен сендерге қызыл түсті көрсетсем, сендер тұрасыңдар, қызыл сарыны көрсетсем – дайындалып тұрасыңдар, ал жасылды көрсетсем – орындарыңызда тұрып жүресіңдер. 

-Жақсы, ал енді, балалар, сендердің түсінігін тексеру мақсатында біз келесі тапсырманы орындаймыз: мен сендерге түссіз суретті беремін, сендер оны мен айтқан түспен бояйсыңдар. Бірақ алдымен қолдарымызды дайындап қояйық: 
Оң қолымда бес саусақ, 
Сол қолымда бес саусақ. 
Алақанды ашамыз, 
Бесті беске қосамыз. 

Қорытынды: 
-Балалар, сабақ барысында жақсы жұмыс істедіңдер. Сендерге көп рахмет. Сабақ аяқталды. Сау болыңдар.