«Таным» білім беру саласы
Қоршаған ортамен таныстыру білім беру бөлімі
Тақырыбы « Теңізге саяхат»
Мақсаты: 1.Су асты тіршілігімен таныстыру. Теңіз балықтары мен аквариум балықтарын ажыратуға үйрету.
2.интербелсенді тақтамен тапсырмалар орындауды меңгерту, Балаларды компьютерлік технологиялардың мүмкіндіктері және дағдыларымен таныстыруды жалғастыру, «актив студио» бағдарламасымен жұмыс жасауды пысықтау.
3. қоршаған орта мен табиғатқа қамқор болуға тәрбиелеу.
Құрал-жабдық: ҰОӘ интербелсенді тақта, «актив студио» бағдарламасы арқылы жүргізіледі. Әр бала алдында ҰОӘ барысында қолданылатын үлестірмелі материалдар.
Құрметті әріптестер, бір сәтке біз «Ақбота» тобының бүлдіршіндері болып көрейік. Бәріміз «Жылулуық шеңберге» тұрайық, ал енді үш тілде сәлемдесіп алайық. Бүгін біз теңізге саяхат жасап теңіздегі тыныс тіршілігімен таныс боламыз. Теңізге шығу үшін бізге қандай көлік керек? Тақтаға назар аударайық, тақтадан қандай көліктер тұрлерін көріп тұрсыңдар?Олардын ішінен бізге қандай көлік қажет? Кеме. Ал,енді көздерімізді жұмып теңіз толқындарында тербеліп сапарымызға шығайық./ Релаксация – ой жинақтау тәсілдерінің бірі, негізгі мамандығым психолог болғандықтан, бала психологиясына релаксацияның берер әсері мол екенің білем, сондықтан мен ұйымдастырылған оқу іс –әрекет барысында қиялдарын ояту, теңіздегі толқындардың дыбысын естірту арқылы суда жүзіп келе жатқандарын сезіндіру үшін релақсация тәсілін қолдандым. Кенеттен кемеміз тоқтап қалды. Бұл не болды екен? Балалар біздің кемемізге Қарақшылар шабуыл жасады. Тақтаға назар аударыңыздаршы олар бізге шарттарын қойып жатыр - деп балалар алдына проблемалық жағдайды ұсындым. Біз олардын шарттарын еш қиындықсыз орындаймыз. Өйткені біздің ұранымыз:
«Армандарға қол созумен келеміз,
Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз.
Білімменен қаруланған баламыз,
Қарақшыларды қалай да біз жеңеміз.»
талпындыру, өздеріне деген сенімдерін ояту,жеңіске құлшыныстарын, бәсекелестікке тәрбиелеу, жігер,намыс деген қасиеттерін арттыру мақсатымен балаларға жоғарыдағы ұрандарын айтқыздым. Және мен ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімді дамыта оқыту технологияны қолдана отырып жүргізуді жөн көрдім, оны мен қарақшылардың тапсырмаларымен үйқастырдым. Мысалы - теңіздегі балықтар мен аквариум балықтар өмірі туралы әңгімелей келе балалардың балықтар туралы білімдерін кеңейту мен олырдың түрлерін ажыратуға үйрету, берілген тапсырмалар арқылы ұжымдық жұмыс жасау қабілетіліктерін дамыту, менің басты мақсатым болды . Ойын арқылы оқыту мен өнертапқыштық тапсырмаларын шешу теориясы / ТРиЗ/ технологияларының тиімділігі - балалар оқу іс –әрекет барысында қиындатылған тапсырмалар түрлерін орындайды. Сонымен қатар түрлі логикалық , психологиялық жағдаяттардың шешімін табуға талпынады. ҰОӘрекет «флип-чарт» әдісі бойынша жүргізілгіеннен кейін әр тапсырма мен жағдайаттар интербелсенді тақтадан көрсетіледі.Тақтада кілттер мен сандықтар суреті шығады, Сандықтар мен кілттер саны нешеу?-деп сүрай келе мен қарапайым математикалық ұғымдарын пысықтап өтем. Сонда біз қанша тапсырма орындаймыз? / төрт/. Әріптестер, Қарақшылардың берген тапсырмаларының біреуін ғана орындап көрсек қалай болады?/Балаларға теңіз балықтары мен аквариум балықтар тіршілігі туралы мәлімет бере отырып, мен ҰОӘ барысында балаларға "Балықтарды өз орнына орналастыр" атты д/о ұсындым. Д/о арқылы балалардың алған білімдері бекіттілді. Ой-қиялдары мен зейіндерін дамытып, кеңейту мақсатымен «Балық» атты сөзжұмбақ қостым. Сөзжұмбақты шешу барысында балалар «Сауат ашу» білім беру саласы бойынша білімдерін көрсетіп, интербелсенді тақтаға тапқан сөздерін жазады. Сондықтан, балалар түсіндірген тақырыпты қаншалықты зейін қойып тыңдап, көрнекіліктерге қаншалықты мән беретіндерін және өткен тақырыпты қаншалықты есте сақтағандарын тексеру мақсатымен сөзжұмбақты ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімен қосуды жөн көрдім.
Тапсырмалар орындау барысында әр бала интербелсенді тақтадан берілген тапсырманы орындайды.Тапсырма берілген сайын тақтадағы суреттер ауысып тұрады және анимациялар пайда болады. Олар балалардың ұйымдастырылған оқу іс-әрекетке деген қызығушылықтарын арттыра түседі. «Тапсырма дұрыс орындалған кезде сиқырлы сандықтың ауызы ашылады»-деген шарттар арқылы балалардың тапсырманы орындауға талпыныстары мен біліктілігін көрсетуге ынталары артады. Сол кезде де сұрақ қойылады: Қанша сандық ашылды? Қаншауы ашылмады? Балалар ауызша есеп шығарады.Берілген тапсырмаларды орындайды. Ал,әріптестер, «Сергіту сәтінін» де уақыты келіп қалды, бәріміз бір сергіп алайық, біздің кеіпкелерімен бірге жаттығуларды орындайық. Тақтадан жаттығуларды көріп қалыспай жасап көрейік.Бәрекелді. Сіздер өте епті екенсіздер.
«Қызыл кітапқа» еңген балық түрлерін білесіздер ма? Ал,«Ақботаның» бүлдіршіндері осы тасырманы қызыға орындайды. Өйткені олар қоршаған орта мен табиғаттың достары.Жобалау әдістің қолайлығы – алдын ала берілген тапсырманы балалар келесі ҰОӘ барысында пысықтап, білімдерін көрсете алады. Біз барлық тапсырмаларды өте жақсы орындадық. Кемемізге отырып балабақшамызға барайық. Бүгін аптаның қай күні? Төртінші, ал ол қалай аталады? Бейсенбі, біздің аспаз апайларымыз балық сорпасын дайындап бізді күтіп отырған шығар? Деген сұрақ қоя отырып балабақша тынысын , күн тәртібі мен ас мәзірін естеріне түсіре отырып балалардың әлеуметтік- тұрмыстық білімдерін тексеріп өтем .Жол қызқару үшін саяхатта не көріп, не білгенімізді ортаға салып көрейік. Есімізге бір түсіріп алайық. Жақсы, әне балабақшамызда көрініп қалды. Жағалауға түсейік те тобымызға барайық. Мен де сіздерге алғысымды айтып қоштасайын. «Қоштасу шеңберін» құрайық. Назар қойып тыңдағандарыңыз үшін көп рахмет.
Күтілетін нәтиже :
Су асты тіршілік туралы
Теңіз балықтары мен аквариум балықтарын ажыратуды.
Компьютерлік дағдыларды меңгерді.
Асыл жандар, тәрбиешілер , ұстаздар,
Шын шеберлер, өнерпаздар, дархандар.
Әр шәкірттің жүрегінде бір ту бар,
Сол бір туды жығып алмай ұстандар!