«Алтын күз» мейрамы»
Мақсаты:
Балалардың күз туралы түсініктерін молайту, жыл мезгілінің ерекшелігін байқату,мерекеге ұйымшылдықпен қатыса отыра күз –байлық, береке, молшылық, шаттық, қуаныш екенін оқушы санасына жеткізу.
Табиғатты аялауға, қоршаған ортаны, Отанын сүюге, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбиелеу.
Жүргізуші:
Тоңазып отырып көп жеміс піседі
Сарғайып жапырақ судырап түседі
Үстінде егінжай салқын жел соғады
Гүл жапырақ шөптер де қурап солады
Айтыңдаршы балалар бұл қай кезде болады?
Қайырлы күн, армысыздар,ұлағатты ұстаздар!
Бармысыздар, жадыраған, жас достар!
Берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын!
Табиғат-күллі тіршілік атаулының құтты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің өзіне тән ерекшелігі, жақсылығы, әр түрлі мерекесі, берекесі бар. Соның ішінде күз мезгілінің алатын орны ерекше.
Күз адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтан да адамдар күзге «берекелі күз», «алтын күз» деп баға берген. Алтын деген себебі, біріншіден, айналаның бәрі сап-сары, екіншіден алтын- байлықтың белгісі. Міне, екеуін атастырып «Алтын күз» деп атаған. Күзде егінді жинап болған соң ата-бабаларымыз Сабан той деп күз берекесін тойлаған.Алтын күз кештерін өткізу дәстүрге айналған. Міне, бүгін біздер де сол дәстүрдің жалғасы ретінде «Алтын күз» мерекесін бастаймыз.
Жүргізуші:
Ерінбестен еңбек етіп келетін,
Еңбекшіге бар жемісін беретін.
Алтын күз, ынтымақты еліме,
Берекелі ырыс болып енетін демек, күз мерекесіне арналған дайындық тобының оқушыларының жаттауларын тыңдайық.
Қайтқан құсты көрдіңбе,
Қаптай ұшқан ауелеп,
Күткен күзім келдің бе,
Сыңсып бағың мәуелеп
***
Алтын, сары, қызыл , көк,
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
***
Сары жапырақ төгілген
Тоғайдыда көрдім мен
Енді сары бояумен
Күз суретін салам мен
***
Жемісі мол теретін
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген
Жүргізуші: Қазір сайыскерлердің әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін.
Жүргізуші: Шырқа әнге шалықта
Би дегенде, жалықпа.
Өнеріңді аямай,
Сал ортаға, ұялма.
1 «ә» сынып оқушысы Оспанова Бағланның орындауында «Ән шашу» әнін қабыл алыңыздар.
Жұмбақтар сайысы:
Тоңазып отырып,
Көп жеміс піседі.
Сарғайып жапырақ,
Судырап түседі.
Үстінде егінжай,
Салқын жел соғады.
Гүл, жапырақ, шөптер де,
Қурап солады.
Айтыңдаршы балалар,
Бұл қай кезде болады? (күзде)
***
Алтын сары тоны бар,
Қойнында дәні бар.
Не екенін тауып ал. (бидай)
Қызыл, сары кемелер,
Су бетінде қалқиды.
Соқса егер салқын жел,
Ырғалады толқиды. (жапырақ)
***
Үстіне тігіп көк шатыр,
Астында қызғылт дәу жатыр (қызылша)
***
Жаздай інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні.
Құйрығынан суырып,
Әкелді әжем бір күні (сәбіз)
***
Қалың киім ұнатады,
Шешіндірсең жылатады. (пияз)
***
Аласа талда,
Алуан алма,
Алқызыл болмай,
Аузыңа алма. (қызанақ)
***
Гүл секілді,
Қызарады көктейді.
Күн секілді,
Бірақ нұрын төкпейді.(күнбағыс)
Жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Әнді сүйсең, менше сүй,- деп Абай атамыз айтқандай, келесі кезекте «2»ә сынып оқушыларының орындауында « Алтын күз » әнін қабыл алыңыздар.
«Иісінен тап» сайысы. (жеміс қөқөністерді иісінен жабық көздерімен табу)
Жүргізуші:
Қазір сіздердің назарларыңызға 3 «ә» сынып оқушыларының орындауында «Күз » биін тамашалайық.
Жүргізуші:
Сырлы перне басылсын,
Бұлбұл көмей ашылсын.
Бозторғайдың үніндей,
Ән шашуы шашылсын.
Келесі кезекте 4 «ә» сынып оқушыларының орындауында «Ең қасиетті жеміс» сахналық қойылымын ұсынамыз.
Жүргізуші:
Ал кезекті сөзді әділ қазылар алқасына береміз.
Жүргізуші:
Алтын күз сіз бен бізге шуақ шашсын,
Көңілдің серіппелі күйін ашсын.
Бақ пен шаттық бірге қатар қонып,
Біздерге бірлікпенен ортақтассын!
Осымен жылдың тамаша бір мезгілі күзге арналған кешімізді жабық деп жариялаймыз. Назарларыңызға көп рахмет.
Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы
«Асқар Игібаев атындағы орта мектеп» КММ
Алтын күз мейрамы
[pic]
2015-2016 оқу жылы