Кіріктірілген ашық ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім салалары: Қатынас /Шығармашылық.
Білімділік: Қоршаған ортамен таныстыру/ Музыка
Тақырыбы: «Біздің нанды өлкеміз»
Ұйымдастырылған іс-әрекетінің мақсаты:
Білімділік: Балаларға нан туралы түсінік беру. Солтүстік өңірде жердің көп жеріне бидай өнімі егілетінін, нанның адам еңбегімен келетінін, оған көп күш жұмсалатынын түсіндіру. Өзара тілдік катынастарын дамыту.
Міндеттері:
Балалардың сөздік қорларын, ойлау қабілеттерін дамыту.
Балаларға нанды құрметтеуге, нанды жерге тастамауға, адамдардың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілік: Нанның түрлері. Суреттер, Слайд,теледидар
Жаңа сөздер: наубайхана, диірмен, комбайн, диқан, алқап.
Әдіс – тәсілдері: әнгімелесу, сұрақ – жауап, түсіндіру слайд көру, мультфильм қарау, жаңа сөздермен таныстыру.
Ұйымдастырылған іс-әрекетінің барысы:
Музыка ырғағымен балалар музыка залына кіреді. Балалар, қараңдаршы бізге көп қонақтар келіпті. Қонақтармен амандасайық.
-Сәлеметсіздер ме! Балалар, кәне қолдарымыздан ұстап, шеңбер кұрып жылы – жылы лебіздер айтып, көңілді отырайық.
Жылулық шеңбері
Күннің көзi ашылып,
Көкте шуақ шашылып.
Кұтты қонақ келіпті
Tөpiмізre eнiптi,
Амандасу үлкенге ,
Тәрбиенің басы ғой,
Ал, кәнекей бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге.
Тәрбиеші:
Балалар, біз қандай Республикада тұрамыз?
Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.
Біздің облысымыз қалай аталады?
Солтүстік Қазақстан облысы деп аталады.
Біздің тұрып жатқан ауданымыз, ауылымыз қалай аталады?
Жамбыл ауданы,Преснов ауылында тұрамыз.
-Балалар казір жылдың қай мезгілі.
-Күз мезгілінің қай айы ? Бүгін қай күн?
Балалар: Қазір жылдың күз мезгілі. Күз мезгілінің қыркүйек айы. Бүгін күн сәрсенбі, -деп жауап береді. Балалар, сендер мультфильм көргілерің келе ме?
Балалар: Ия, көргіміз келеді.(Тәрбиеші балаларға мультфильм қосып береді. «Балапан және оның достары»)
Сұрақ –жауап әдісі:
- Балалар,сендерге мультфильм ұнады ма?
- Ұнады.
-Балалар мультфильм не туралы болды?
- Нан.
-Нанды жерге не лақтырды?
-Балапан.
- Нанды жерге лақтыруға бола ма?
- Жоқ,болмайды.
- Балапанға ұлу қандай ақыл айтты?
- Нанды жерге лақтыруға болмайды,- деді.
Тәрбиеші: - Дұрыс балалар нанды жерге тастауға, лақтыруға болмайды. Ас атасы- нан. Сондықтан біз нанды қадірлеуіміз керек. Нан оңай жолмен келмейді. Түсіндіңдер ме?
Балалар: Ия,түсіндік.
Тәрбиеші : Балалар, қараңдаршы, мына сандықтан 6ip дәмді иіс шығады. Кәне ашып көрейікші.(Тәрбиеші сандықты ашып көреді).
Тәрбиеші сандықтың ішінен бауырсақ алып шығады. 0й, шіркін бұл бауырсақ қайдан келген екен? Дәмі кандай десеңші! Дәмді, жесең тоқ болып жүресің. Бұл бауырсақ әр үйдің дастарханында болады. Балалар нанның, қайдан шыққанын білгілерің келсе, мен сендерді саяхатқа апарайын. Бәріміз мына машинаға отырып, eric алқабыннан бастайық. Балалар машинаға отырады. Әуендетіп кетеді. Балалар,біздің солтүстік өңірде жердің көбіне бидай егіледі. Міне біз eгic алқабына да келіп қалдық. Енді машинадан түсіп мына жерге барайық. Балалар орындыққа отырады. «Сары арқа» күйі орындалады.
Балалардың алдынан комбайыншы аға шығады.
Сәлеметсіз бе, ағай? Сәлеметсіздер ме, балалар!
Тәрбиеші: Комбайыншы аға, 6iз eгic даласына саяхатқа шығып едік. Біздің балалар нанның кайдан шығатынын білмейді екен. Сіз 6iзгe түсіндіріп бере аласыз ба? Комбайыншы:(Слайдбойынша әңімелеп береді).
- Балалар мынау eгic алқабы. Біздің Солтүстік өңірде егic алқабында бидай өте көп егіледі. Көктемде тракторшы жер жыртып, сеялкашы тұқым себеді. Егіншілер оны күтіп баптайды. Көп еңбек етеді. Міне, мынау қалың астық – сол көп еңбектің жемісі. Күз мезгілінде eгic даласында бидайды комбайнмен орады, жинайды. Балалар мынау – бидай масағы. Бұл бидай масағын мен сендерге берейін. Сендер мені ұмытпаңдар.
Тәрбиеші: - Балалар енді сендер білетін боласыңдар, eгic алқабында комбайыншы жұмыс істейді. Miнe бiзгe бидай масағын да берді. Бәріміз енді комбайыншы ағаға үйренген әнімізді айтып берейік.
Ән: «Күз»
Нан туралы мақал –мәтелдер:
1. Ас атасы - нан
2. Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей
Тиым сөздер:
1. Нанды біp колмен үзбе;
2. Нанды жерге тастама;
3. Нан қоқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар
Tepiп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
- Тәрбиеші: - Жарайсыңдар балалар.
Жұмысшы: Көп рахмет балалар, өнерлерің өте тамаша болды
(Балалар жұмысшымен қоштасады).
Тәрбиеші: - Ендеше бәріміз машинаға отырайық. Саяхатымызды ары қарай жалғастырайық.
Тәрбиеші: - Сәлеметсіз бе, аға! (Слайд бойынша әнгіме)
Диірменші: - Сәлеметсіздер ме, балалар!
Тәрбиеші: - Сәлеметсіз бе, аға! (Слайд бойынша әнгіме)
Диірменші: - Сәлеметсіздер ме, балалар!
Тәрбиеші: Ал мынау - диірменші. Бұл жерде диірменшілер бидайды үктіреді. Балалар ұнның түci ақ, жұмсақ, ұнтақ. Ал мына - ұнды, сендерге берейін. Балалар осы диірменнен ұнды наубайханаға апарады.
Тәрбиеші: - Рахмет сізге, диірменші aғa! Ал,біздің балалар сізге өз өнерлерін көрсеткісі келеді.
Би билеу «Күзгі жапырақтар»
Диірменші: - Көп рахмет балалар, өнерлерің өте тамаша болды.
Балалар: - Сау болыңыз!
Тәрбиеші: Біз саяхатымызды ары қарай жалғастырайық. (Машинаға отырып кетіп калады).
Тәрбиеші: - Сәлеметсіз бе, апай! ! (Слайд бойынша әнгіме)
Наубайханашы: - Балалар, сәлеметіздер ме? Хош келдіңіздер!
Мынау мен істейтін жер - наубайхана. Наубайхана дегеніміз - ол нан пicipeтін жер. Наубайханада осы аппақ ұнға - тұз, су, ашытқы араластырып, қамыр илеп нан пicipeдi. Miнe, қараңдаршы ұннан неше түрлі тәтті нандар, тоқаштар, бауырсақтар, бүйректер, әртүрлі нандар пicipeдi екен. Піскен нанды – дүкендерге апарып кояды. Ал мына – қамыр сендерге. Қарындарың ашқанда қамырды пicipiп жейсіңдер.
Тәрбиеші: - Рахмет сізге, наубайханашы. Ал,біздің балалар сізге өз өнерлерін көрсеткісі келеді.
Тақпақтар:
Ерте тұрып ақ таңнан ,
Пicipiп апам ақ нан.
Кетер емес әлі,
Тандайымнан дәмі.
2. Дәм патшасы – аппақ нан,
Үмітіндей ақталған.
Дастарханның басында
Менде отырмын қасында.
Наубайханашы: Көп рахмет балалар, өнерлерің өте тамаша болды - Сау болыңдар балалар!
Балалар машинаға отырып ары карай кетеді.
Тәрбиеші: - Сәлеметсіз бе, дүкенші! (Слайд бойынша әнгіме)
Сәлеметсіздер ме, балалар!
Дүкенші: - Балалар мынау - нан сататын дүкен. Жұмыстан шыққан адамдар осы дүкеннен келіп ұннан жасалған әртүрлі нандар, тоқаштар, печенье, торт, бәліш, көптеген тәттілер сатып алады. Ал мына нан сендерге. Балабақшаға барғанда тәтелерің сендерге береді.
Тәрбиеші: - Рахмет, дүкенші! Ал,біздің балалар сізге өз өнерлерін көрсеткісі келеді.
Ән: «Дастархан»
Дүкенші:Көп рахмет балалар, өнерлерің өте тамаша болды.Балалар, мына бауырсақ сендерге, саяхаттан оралған соң жейсіңдер. Сау болыңдар балалар!
Тәрбиеші және балалар дүкеншіге рахмет айтып қоштасады.
Тәрбиеші:Балалар, біз ендеше, балабақшамызға барайық. Музыка ырғағымен балалар саяхаттан оралады. Балалар сендер саяхаттан шаршаған шығарсыңдар кәне дем алайық.
Сергіту сәті:
Көлбең, көлбең, көлеңкем,
Көлбеңдеген көлеңкем.
Тасып піскен бидайды.
Айтшы қалай жинайды?
Комбайынмен бидайды,
Былай, былай жинайды.
Қаптап ұшқан торғайдан,
Оны қалай қорғайды?
Қаптап ұшқан торғайдан,
Оны былай қорғайды.
Кіш, кіш, кіш...
Қорғап қалған бидайды,
Қамбаға әкеп жинайды
Тәрбиеші: - Балалар біз қайда саяхатқа бардық?
Балалар: - Егіс алқабына, элеваторға, диірменге, наубайханаға, дүкеншіге.
Міне көрдіңдер ме, әр үйдің дастарқанына нан қандай қиындықпен және еңбекпен келетінін. Сендер күн сайын осы балабакшада да нан жейсіңдер ғой. Осы адамдардың, еңбегіне рахмет айтып басымызды иейік.
Ал қазір балалар, 6iзгe Алина мен Альбина «Қайдан келдің бауырса» ертегісінен қойылым дайындапты соны тамашалайық.
Дастарқанда шашылып,
Жатты аппақ бауырсақ.
Бауырсаққа қызығып,
Қарап тұрды көзін сап:
-Қайдан келдің бауырсақ? - деп сұрады қуыршақ.
- Дүкеннен келдім нан сатқан, - деді оған бауырсақ.
- Дүкенге келдің қай жақтан?
- Наубайдан келдім нан жапқан.
Наубайға келдің қай жақтан?
Диірменнен келдім ұн тартқан.
Диірменге келдің қай жақтан.
Жер – анам менің көсілген,
Диқандар мені өсірген.
Тәрбиеші: -Жарайсыңдар, балалар. Балалар,мен сендерге нан туралы тақпақ айтқым келіп тұр.Сендер естеріңде сақтап жүріңдер.
Нан – ардақты адал ас
Кәрі, жас одан аттамас.
Нандай жоқ қой асыл дәм,
Жеп үйренген жасыңнан.
Дастарқаннан нан кетсе,
Береке кетер асыңнан.
Ей балалар, балалар,
Болмаңдар cipә, нанға тар.
Өмірдің алтын арқауы,
Бар қасиет нанда бар.
Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі біздің саяхатымыз сендерге ұнады ма?
Барлығыңда бүгінгі саяхатта жақсы қатыстыңдар.Ал мен сендерге дүкенші берген бауырсақты таратып берейін. Осымен «Біздің нанды өлкеміз» атты саяхат – сабағымыз аяқталды.
Білу керек: Балалар Солтүстік өңірде көп жерлерді егіс алқабы мол екенін
Түсінеді: Балалар нанның дастарқанға қалай келетінін білу керек.
Қолданады:Балалар үлкен адамдардың еңбегін сыйлауға, нанды кадірлеуді