Іс шара Аяулы Анашым

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Аналар мерекесіне орай әсем безендірілген залға әдемі киімдерін киген балалар музыка ырғағымен бірінің артынана бірі кіреді. Екі жаққа бөлініп тұрады.

Жүргізуші: Қымбатты әжелер, аналар, балабақша апайлары сіздерді 8-Наурыз "Халықаралық әйелдер күні" мерекесімен құттықтаймыз. Сіздерге мықты денсаулық, ұзақ өмір, отбасыңызға қуаныш табыс тілейміз.

Ақ тілекті ағытып бір тастайық,

Аналардың мерекесін бастайық

Көздеріңнен көрем шаттық арайын,

Өтсін солай әрбір күнің, әр айың.

деп отырып ,өздеріңізге арналған "Ақ бота "тобының "Аяулы анашым" ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Жүргізуші: Балалар музыка залымыз қандай әсем, сендер де әдемі болып келіпсіңдер. Қандай мерекені тойлап жатырмыз?

Балалар:8 наурыз аналар мерекесі

Жүргізуші:Дұрыс айтасыңдар. Ал сендер ертегі жақсы көресіңдер ма?

Балалар: иә

Жүргізуші: Олай болса, біздің ертегіміз басталды.

Мына үйге қараңдаршы, қандай кремет, тамаша үй.Ал бұл үйде кім тұрады екен. Қане, есігін тақылдатып көрейікші.

Ойын: "Қатты-жай ".

(Музыка әуенімен ата, әже шығады).

Жүргізуші: Бұл үйде ата мен әже тұрады екен ғой. Сәлеметсіңдер ме!

Балалар: Сәлеметсіздер ме!

Жүргізуші:Сіздерге не болды? Неге жылап жатырсыздар?

Әже: Біздің шұбар тауығымыз бар еді, сол тауығымызды жоғалтып алдық, қайда кеткенін білмейміз?

Жүргізуші: Ата,әже жыламаңыздар, біз сіздерге Шұбар тауықты табуға көмектесеміз.

Ата: Сендер қалай көмектесесіңдер,өздерің әлі кішкентайсыңдар ғой.

Жүргізуші: Ата, әже бұлар кішкентай болса да өте алғыр, ақылды тәртіпті балалар. Қане балалар біздер қандай жақсы көмекші екенімізді көрсетейікші.

Ойын:"Біз анамыздың көмекшісіміз"

Ойынның шарты: Екі жаққа екі орындық оның үстіне анамыздың алған заттары сүт, айран, сәбіз, кәмпит т.б. ортаға екі бала шығып сол заттарды үстелдің үстіне бір-бірлеп әкеледі. Кім бірінші тез әкелсе сол жеңімпаз болады.

Әже: Шынында да, сендер кішкентай болсаңдар да, ақылды, жылдам, ширақ балалар екенсіңдер.

Жүргізуші: Дұрыс айтасыз әже, біздің балаларымыз өте ақылды әрі өнерлі сіз туралы тақпақтар да біледі. Қандай жақсы қане айтып бере қойыңдар.

Тақпақтар кетеді

(Күшік кіреді)

Күшік: Ав, ав,ав бұл жерде не болып жатыр мен өтіп бара жатып сендердің көңілді дауыстарыңды естіп келдім.

Жүргізуші: Сәлеметсің бе күшік!

Күшік:Сәлеметсіңдерме балалар.

Жүргізуші:Күшік бүгін мереке ғой. Аналар мерекесі

Күшік: Ой қандай тамаша.

Жүргізуші: Ал сен жолда келе жатып Шұбар тауықты көрген жоқсың ба? Біздің ата мен әжеміз Шұбар тауығын жоғалтып алып жылап отыр.

Күшік: Шұбар тауық дейсіңдер ма?

Жүргізуші:Иә шұбар тауық

Күшік: Әрине мен Шұбар тауықты көрдім. Бүгін мереке екен ғой егер сендер маған би билеп берсеңдер мен қайда кеткенін айтамын

Жүргізуші: Олай болса күшік сен біздің қыздарымыздың биін тамашала.

Би "Ертегілер"

Жүргізуші: Күшік саған жігіттеріміздің биі ұнады ма?


Күшік: Әрине ұнады өте тамаша билейді екен.

Жүргізуші: Күшік біздің балаларымыз мерекеге арнап жаттаған тақпақтары да бар соны тыңдап тамашала.


Ана біздің күніміз

Ананың біз гүліміз

Ұландарды қуантып

Аман-есен жүріңіз Диана


Анам болса қасымда

Басқа бақыт не керек

Аналардың жүрегі

Мейірімді ғой керемет Нурали


Мәпелейсің мені анам

Қолыңдағы құсыңдай

Құлпыра өсіп дем алам

Құшағыңда қысылмай Жанел


Бала бала бала деп

Бізді өсірген анашым

Гүлге толып құшағың

Бақытты бол,анашым Анел


Ақ анашым, аппағым,

Өзің жайлы тақпағым

Өзің жайлы әнімде,

Арнадым саған бәрін де! Нұртас

Күшік: Рахмет сендерге балалар. Сендер өте ақылды, өнерлі балалар екенсіңдер. Ал енді сендерге Шұбар тауықтың қайда кеткенін айтайын. Ол анау орманға қарай кетті.

Жүргізуші: Рахмет саған күшік. Бізге көмектескенің үшін.

Күшік: Ал енді менің де қайтатын уақытым болды. Сау болыңдар!

Жүргізуші:Балалар орман болса алыс, оған немен барсақ екен? Қане барлығымыз орнымызлан тұрып шеңбер құрып ат болып шауып барайық. Міне балалар орманға да келіп жеттік. Ой, бұл жерде қоян бар екен ғой. Сәлеметсің бе қоян!

Қоян: Сәлеметсіңдер ме балалар, қонақтар.

Жүргізуші: Қоян сен жолда келе жатып Шұбар тауықты көрмедің бе?

Қоян: Балалар егер сендер менімен ойын ойнап, ән айтып берсеңдер мен сендерге Шұбар тауықтың қайда екенін айтамын.

Ойын"Өз анаңды тап"

Қоян:Ой, рахмет сендерге балалар!

Жүргізуші: Менің көңілім көтеріліп қалды.

Қоян: Ал енді сендерге шұбар тауықтың қайда кеткенін айтайын. Шұбар тауық тауық гүлдер алқабына кетті.Оны сол жерден табасыңдар. Енді мінде қайтайын. Сау болыңдар!

(Қоян шығып кетеді)

Жүргізуші: Балалар гүлдер алқабына барғыларың келеді ма? Олай болса барлығымыз көңілімізді жұмайық (гүлдерді қоямыз, шұбар тауық шығады.)

Жүргізуші: Сәлеметсің бе, Шұбар тауық, ақыры біз сізді таптық. Атаң мен әжең сені іздеп жылап жатыр.

Шұбар тауық: Қыт-қыт, мен алысқа кетіп қалыппын, адасып қалдым .Қатты қорқып кеттім.

Жүргізуші: Неге алысқа кетіп қалдың?

Шұбар тауық:Мен әжеме гүлдер жинап бергім келді. Себебі бүгін мереке ғой.

Жүргізуші:Шынында да мұнда көп гүлдер бар екен ғой. Қане балалар Шұбар тауыққа мына гүлдерді жинап берейік.

Ойын:"Гүлдерді жина "

Жүргізуші: Шұбар тауық енді тезірек атаң мен әжеңе барайық. Олар сені сағынып күтіп отыр.

Ата, әже сіздің Шұбар тауығыңыз табылды!

Шұбар тауық: Қымбатты әже сізді мерекеңізбен құттықтаймыз.

Әже: Рақмет саған Шұбар тауық! Рахмет сендерге балалар. Қуанышымда шек жоқ, сендермен бірге би билегім келіп отыр.

Би: "Гүлдер "