Ересек тобына арналған сюжетті-ролдік ойындар картотекасы

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



Сюжеттік-ролдік ойындар тізімі


  1. «Отбасы»

  2. «Шаштараз»

  3. «Тігінші. Ателье»

  4. «Аспазшы»

  5. «Сатушы»

  6. «Дәрігер (педиатр)»

  7. «Тіс дәрігері»

  8. «Көз дәрігері»

  9. «Жедел жәрдем»

  10. «Құрылысшы»

  11. «Теңізші»

  12. «Шекарашы»

  13. «Жүргізуші»

  14. «Хат тасушы»

  15. «Диктор»

  16. «Арнайы жасақ»

  17. «Өрт сөндіруші»

  18. «МАИ қызметкері»

  19. «Асхана»

  20. «Дүкен (азық-түліктер бөлімі)»

  21. «Дүкен (жуғыш заттар бөлімі)»

  22. «Дүкен (киімдер бөлімі)»

  23. «Дүкен (жеміс-жидектер бөлімі)»

  24. «Ойыншықтар дүкені»




















Сюжеттік-ролдік ойындар картотекасы


  1. «Отбасы»

Мақсаты: Балаларды тәрбиешінің көмегімен отбасы өмірі туралы сюжеттік ойындарға қатыстыру, отбасы мүшелерін білу, олардың атқаратын қызметтері туралы білімдерін кеңейту.

Керекті құралдар: Қуыршақтар, түрлі киімдер, ойыншықтар, заттар, жиһаздар, электр құралдары т.с.с


  1. «Шаштараз»

Мақсаты: Шаштараз мамандығы жайлы білімдерін кеңейту, Әйелдер залы, ерлер залы. Олардың айырмашылығын білу. Шшатарды қию, сәндеу.

Керекті құралдар: Тарақтар, шаш кептіргіш, қайшылар, алжапқыш, қысқыштар т.с.с.


  1. «Тігінші. Ателье»

Мақсаты: Балаларды ателье қызметкерлерінің жұмысымен таныстыру, мамандықтардың түрлері туралы білімдерін молайту, жан-жақты дамыту. Маталар түрлерін біліп, оларды дұрыс таңдауға үйрету.

Керекті құралдар: маталар қиындылары, ине, жіптер, өлшеуіш, түймелер, тігін машинасы, қуыршақтар, қайшылар, киімдер.


  1. «Аспазшы»

Мақсаты: Аспаз мамандығы жайлы білім беру, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, қызықтыру.

Керекті құралдар: Ыдыстар, алжапқыш, басқа киетін қалпақ, пышақтар, тақтайшалар, азық-түліктер.


  1. «Сатушы»

Мақсаты: Балаларды тәрбиешінің көмегімен сатущы қызметі туралы сюжеттік ойынға қатыстыру, қызықтыру, адамдармен қарым-қатынас жасай білуге , сыпайы, әрі тиянақты болуға тәрбиелеу. Ақшаны дұрыс санауға үйрету.

Керекті құралдар: Алжапқыш, қалпақ, өлшеуіш, ақша, касса, сатуға арналған ұннан жасалған өнімдер.


  1. «Дәрігер» (педиатр)

Мақсаты: Балалардың дәрігер мамандығы жайлы білімдерін кеңейту, балалар дәрігері (педиатр), жедел жәрдем дәрігері, окулист, тіс дәрігері т.б түрлерімен таныстыру. Топта ойынды ұйымдастыру барысында достық қарым-қатынасты нығайту.

Керекті құралдар: медбике, дәрігер, халаттар, бас киім, рецепт, термометр, жолдама, фонендоскоп, шпатель, ойыншықтар, дәрумендер, дәрілер, жататын кушетка.





  1. «Тіс дәрігері»

Мақсаты: Медициналық терминдермен танысу, сөздік қорларын молайту, стомотолог дәрігерлерінен қорықпауға үйрету. Тістерін күту, оларды екі мезгіл тазалау шаралары туралы білімдерін кеңейту.

Керекті құралдар: жатын кушетка, маска, халат, бас киім, медбике, қолға киетін қолғап (перчаткалар), қысқыштар, пинцет, тісті емдеуге арналған құралдар.


  1. «Көз дәрігері»

Мақсаты: Окулист мамандығымен таныстыру, ролдерге өз қалауымен бөлінуге үйрету, үлкендердің еңбегін бағалауға үйрету. Көздердің атқаратын қызметі туралы білімдерін кеңейту.

Керекті құралдар: бас қиім, халат, әріптер кестесі, көз жапқыш, мақта, бинт, көзге тамызатын дәрі, көзілдірік.


  1. «Жедел жәрдем»

Мақсаты: «жедел жәрдем» ойынын басқа ойындармен байланыстыра ойнауға үйрету, адам өмірін сақтауға арналған мамандықтар туралы білу. Ақ халатты абзал жандардың еңбегін құрметтеуге үйрету.

Керекті құралдар: жедел жәрдем көлігі, қағаздар, халат, бас киім, дәрілер салынған чемодан.


  1. Құрылысшы»

Мақсаты: Балалардың құрылысшы мамандығы туралы білімдерін кеңейту, қызығушылықтарын ояту, ұжымда ойнай білуге дағдыландыру.

Керекті құралдар: каскалар, құрылыс саймандары, машинелер, құрылысқа қажетті бөлшектер (текшелер т.с.с), сызба.


  1. «Теңізші»

Мақсаты: Балаларды батылдыққа тәрбиелеу, теңізші мамандығымен таныстыру, қызықтыру. Ойын арқылы сөздік қорлрын байыту, тілдерін жаттықтыру.

Керекті құралдар: теңізшілер киімдері, бас киімдер, кеме суреті.


  1. «Шекарашы»

Мақсаты: Балаларға елін, жерін қорғаудың маңыздылығын ұғындыру, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Қызықтыру, ұқыптылыққа баулу.

Керекті құралдар: Шекарашылар киімдері, бас киімдер, дүрбі, рация.


  1. «Жүргізуші»

Мақсаты: мамандықтар туралы білімдерін кеңейту, еңбекқорлыққа тірбиелеу, жолда жұру ережелерін біліп сақтауға үйрету.

Керекті құралдар: роль, машине, жүргізуші, жолда жүру белгілері, бағдаршам, МАИ қызметкері, жаяу жүргіншілер.


  1. «Хат тасушы»

Мақсаты: Хат тасушы (пошташы) қызметі туралы түсінік беру, бұл мамандықтың қажеттілігін ұғындыру, үлкендердің еңбегін бағалауға баулу.

Керекті құралдар: Хат тасушы сөмкесі, хаттар, жеделхаттар, газеттер мен журналдар.


  1. «Диктор»

Мақсаты: Мамандықтардың түрлерімен таныстыруды жалғастыру, балалардың білімдерін молайту, диктор, оператор қызметтері жайлы білу.

Керекті құралдар: диктор, оператор, теледидар, бейне камера, микрофон.


  1. «Арнайы жасақ»

Мақсаты: Балалардың әскери адамдар, тіртіп сақшылары туралы білімдерін молайту. Тәртіптілікке тәрбиелеу. Қызықтыра отырып,өз ісін тиянақты істеуге үйрету.

Керекті құралдар: әскери киім, бас киім, рация, кісендер, оқ өткізбейтін желетке.


  1. «Өрт сөндіруші»

Мақсаты: Балалаға ержүрек адамдардың қызметі туралы білім беру, батылдыққа тәрбиелеу.

Керекті құралдар: өрт сөндіру мәшинесі, арнайы киім, каска, қолғап т.б.


  1. «МАИ қызметкері»

Мақсаты: Балаларды көше қозғалысының негізгі ережелері туралы білімдерін кеңейту. Жолда жүру ережелерін сақтауға, оларды аырата алуға үйрету.

Керекті құралдар: МАИ қызметкерінің киімі, таяқша, жаяу жүргішшілер, жүргізушілер, мәшинелер.


  1. «Асхана»

Мақсаты: Балаларды көпшілікте өз зін ұстау ережелімен таныстыру, үлкендердің еңбегін бағалауға үйрету. Адамдарға қызмет көрсету, сыпайы болуға баулу.

Керекті құралдар: үстелдер, орындықтар, ыдыстар, ас мәзірі, қонақтар, даяршы, алжапқыш.


  1. «Дүкен (азық-түліктер бөлімі)»

Мақсаты: Мамандықтар туралы білімдерін кеңейту, ойын барсында сатушы мамандығы жайлы білімдерін тиянақтау. Ойынды ролдерге бөліп ойнауға үйрету.

Керекті құралдар: сөрелер, сатушы, азық-түліктер, касса, ақша, сатып алушылар.


  1. «Дүкен (жуғыш заттар бөлімі)»

Мақсаты: Балалардың сатушы мамандығына деген қызығушылығын арттыру, үлкендердің еңбегін бағалауға баулу.

Керекті құралдар: сөрелер, касса, ақша, жуғыш заттар.


  1. «Дүкен (киімдер бөлімі)»

Мақсаты: Балалардың сатушы мамандығы туралы білімдерін кеңейту, еңбектің мәнін ұғындыру, адал еңбек етуге үйрету.

Керекті құралдар: Киімдер, сөрелер, ілгіштер, касса, ақша.



  1. «Дүкен (жеміс-жидектер бөлімі)»

Мақсаты: Балаларға дүкенде жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбектері туралы білім беру, қызығушылықтарын арттыру. Ролдерге бөлініп ойнауға үйрету.

Керекті құралдар: сөрелер, өлшеуіш, касса, ақша, жеміс-жидектер.


  1. «Ойыншықтар дүкені»

Мақсаты: Мамандықтардың түрлері туралы білім беру, оларды ажырата алуға үйрету, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, сатушы мамандығы туралы білімдерін кеңейту.

Керекті құралдар: түрлі ойыншықтар, сөрелер. Қатысушылар: сатушы, сатып алушы, дүкен меңгерушісі, балалар.