Ақмола облысы
Целиноград ауданы
Қоянды орта мектебі
Шидерхан Таня
Білім беру саласы:, шығармашылық , қарым-қатынас
Бөлімдері: мүсіндеу, тіл дамыту
Тақырыбы: «Ертегі еліне саяхат»
Мақсаты: Ертегі еліндегі кейіпкерлерді сипаттай білуге үйрету; оларды ермексаз көмегімен мүсіндеуге дағдыландыруға; саусақ, ұсақ алақан бұлшық еттерін дамыту; ұқыптылыққа, шыдамдылыққа дұрыс сөйлей білуге тәрбиелеу.
Әдіс тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, ролде ойнау.
Балалар ертегі аттарын айтады.
Мысалы: «Бауырсақ»; «Қызыл телпек»; Ұйымдастыру-ізденушілік
Педагог:
Балалар ендеше біз «Бауырсақ» ертегісін есімізге түсірейік.
Ертегі желісін рөлге бөлініп орындайды.
Балалар енді біз «Бауырсақ» ертегісіндегі кейіпкерлерді мүсіндейміз.
Кейіпкерлер: бауырсақ, ата, әже, аю, қоян, түлкі.
Балалар өздерінің қалаулары бойынша кейіпкерлерді мүсіндейді.
Серігу сәті:
Орнымыздан тұрайық,
Белімізді жазайық
Оңға оңға түзу тұр
Солға солға түзу тұр
Жоғары төмен қарайық
Алға қарай бір қадам
Артқа қарай бір қадам
Бір отырып, бір тұрып
Орнымызды табайық.
Балаларға көмектесу;
Жұмыстарын қадағалау
Балалар бауырсақ ертегісін мазмұндап береді.
Кейіпкерлерді мүсіндейді.
Қимылмен өлең жолдарын қайталайды.
Рефлексивті
түзетушілік
«Ертегілер еліне саяхат»
көрмесін ұйымдастыру.
Ең әдемі жасалған жұмысты мадақтау.
Балалардың жауаптары.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Балалар ертегі кейіпкерлерін атайды, рөлде сөйлейді, жасаған жұмыстарын әңгімелей біледі;
Қандай түсініктерді игерді: Кейпкерлерді мүсіндеуді игерді;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Домалату, созу, шымшу әдістерін меңгерді.