Құстар - біздің досымыз ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекеті

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Ашық сабақ үлгісі

Білім беру саласы:«Таным», «Қатынас», «Әлеуметтік орта», «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті:  Қоршаған ортамен таныстыру,қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру,сурет.

Тақырыбы:Құстар - біздің досымыз!

Мақсаты:

Білімділігі:Құстар туралы, олардың тіршілігі мен пайдасы туралы түсінік беру.Үш  тілді меңгеруге, бүтін және бөліктерді салыстырып, есептер құрастыруға, мүсіндей білуге үйрету.

Дамытушылығы:Балаларға сурет арқылы көрсетіп, әңгімелеу. Сенсорлық ойлау, есте сақтау қабілеттерін, белсенділігін, қызығушылығын, сөздік қорын,ой - өрісін, шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелігі:Құстарға қамқор бола білуге, қорғауға, табиғатты сүюге, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс:Өзін - өзі тану, ағылшын тілі, орыс тілі, бейнелеу өнері.

Қажетті заттар:Қарындаш, қағаз, слайд, құстың суреттері,ұясы, жұмыртқасы, бейнетаспалар, атрибуттар, дидактикалық ойынға арналған үлестірмелі материалдар.т.б

Билингвизм: Құстар – птицы – birds

                         Жұмыртқа – яйцо - egg

Технология: «Тәй - тәй» жаңа инновациялық технологиясы бойынша.

Жұмыс жасайтын орталықтар:«Ғылым», «Математика», «Көркем әдебиет», «Өнер», орталықтары.

 

Мотива

циялық

қозғау

шы

Балалар мен сендерді  ертеңгілік шеңберге шақырамын.

Қайырлы таң алтын күн!

Қайырлы таң көк аспан!

Қайырлы таң жер ана!

Қайырлы таң балабақша!

Қайырлы таң достарым!

 

Балалар, «Табиғат» дегеніміз не?

Табиғатты екі топқа бөлеміз.Өлі табиғат (жер, су, топырақ,ауа, күн,жұлдыз) және тірі табиғат (адамдар, өсімдіктер, жануарлар).

Тірі табиғаттың ең көп маңызды тобы құстар болып есептелетіндіктен біздер бүгін құстар туралы айтпақпыз. Бүгінгі оқу іс- әрекетіміздің тақырыбы «Құстар біздің досымыз!» деп аталады. Сендер құстар туралы, олардың пайдасы туралы білетін боласыңдар. Балалар, тыңдайықшы бір дыбыс естілетін сияқты. (есік қағылады)

Таңғажайып сәт:(Топқа музыка әуенімен қолында балапаны бар Дымбілмес келеді)

Дымбілмес:Сәлеметсіздер ме, балалар!Мен Дымбілмеспін! Келе жатып, жолдан мына балапанды тауып алдым. Енді не істерімді білмеймін.Не істесем екен а?

 Бұл балапан ұясынан түсіп қалған ғой!

Дымбілмес:Аааа, ұя деген анандай шөптен жасалған нәрсе ме, мен ондайды теректің үстінен көрдім ғой, мына балапан соның ішінде тұрады ма?

Дымбілмес: Олай болса, мен мына балапанды сол ұя дедіңдер ме? Сол ұяға барып салайын. Сендерге көп рахмет! Сау болыңдар! (Дымбілмес кетіп қалады)

Ситуациялық сұрақтар:

Балалар, балапандар ұясынан құлап түссе не істеуіміз керек?

Бұзақы балалар құстың ұясын бұзып жатса, не істейсіңдер?

Балалар, сендер құстар туралы тақпақ білесіңдер ме?

 

 

Балалар, мен сендерге, жұмбақ жасырайын.

 

 

 

 

 

 

Жұмбақ: Тұмсығы қашау,

                 Кәсібі үй жасау.

                 Өз атын ғана біледі,

                 Соны айтумен жүреді.

Осы ай қалай алалады?

Дұрыс айтасыңдар, сәуір айын көкек ай деп те атайды.

Бүгін біз әр орталықтан құстардың адамға қаншалықты  дос екенін білетін боламыз. Қазір біздер  орталықтарға бөлініп, жұмысымызды жалғастырамыз. (Балалар өз қалаулары бойынша әр орталықтарға бөлінеді)

Балалар шеңбер құрып,  шаттық шеңберін  айтады.

Қайырлы таң алтын күн!

Қайырлы таң көк аспан!

Қайырлы таң жер ана!

Қайырлы таң балабақша!

Қайырлы таң достарым!

 

Бізді қоршаған орта

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бұл балапанды ұясына салу керек.

 

 

 

Иә, сол ұяның ішінде өседі.

 

 

Сау болыңыз!

 

 

 

Балапанды көтеріп, ұясына саламыз.

 

Бұзақы балаға құстарға қамқор болу керектігін айтып, ұяны бірігіп қалпына келтіреміз.

Балалар тақпақ айтады:

Балалық қып қызбайық,

Құс ұясын бұзбайық.

Құстар біздің досымыз,

Құстарда да ана бар.

Құстарда да бала бар.

 

Жұмбақтың жауабы:

Тоқылдақ, Көкек.

 

 

Сәуір айы

 

 

 

Іздену ұйымдастырушы

«Ғылым» орталығы

 

Қазақ халқы ежелден құстарға әуес болған, оларға деген шексіз сүйіспеншілігін  дәріптеп, жақсы көретін адамды құстарға теңеу арқылы ықыласын білдірген. Мысалы: халық ішінен шыққан саңлақ  ұлдарын - сұңқарға теңеген, әдемі ән айтқан әншілерін - бұлбұлға, сұлу қыздарын – аққуға теңеген.

Балалар, құстарды екі топқа бөлеміз.

Олар:

Үй құстарына – тауық, әтеш, үйрек, күрке тауық, қаз жатады.

Дала құстарына – сауысқан, бұлбұл, аққу, тырна, қарлығаш, торғай, бүркіт  т.б жатады.

Жабайы құстар табиғатта өз алдында тіршілік етеді.Құстардың пайдасы өте көп.Олар табиғаттың байлығы саналатын ағаштарды, өсімдіктерді зиянды жәндіктерден тазартады.

(сурет арқылы құстың бейнесімен ашу) Құстар бір орында тұрмайды. Олар бір жерден екінші жерге ұшып –қонып жүреді. Олар балапандарын жауларынан  қорғайды. Барлық құстарға ортақ қасиет – олар ұшады, қанаттары, мамықтары, бәрінің тұмсықтары бар.Олар жұмыртқалайды, балапан басады. Айырмашылығына келсек, құстардың дене көлемі, пішіні, тұмсығы, түсі, дыбыстары, тіршілік етуі бір – біріне ұқсамайды. Құстар өте пайдалы. Олардың етін, жүнін, мамығын, жұмыртқасын адамдар керегіне пайдаланады. Біздер үш тілді меңгеріп жатқандықтан, үш тілде айтайықшы.

Құстар – птицы – birds (Бёдс)

Жұмыртқа – яйца – egg (игг)

Слайд арқылы көрсету.

Құстар біздің досымыз.Біз оларға қамқор болуымыз керек. Құстар бізге не береді?

Олай болса, сол жұмырқа арқылы  біз бүгін кішкентай ғана әтештің бейнесін жасап үйренеміз. Табиғи материалдар мен  қажетсіз нәрселерді қолданамыз.  Балаларға  тәрбиеші  әтештің  жасалу жолдарын үйретіп, жасатады.

 

Балалар, барлығымыз бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәті  ( «Шөжелерім» әні әуенмен)

Бақтың ішін аралаңдар,

Сендерге ашып алақандар.

Сары ауыз шөжелерім,

Аппақ - аппақ балапандар.

Ай менің балапаным,

Ой, менің дарақаным.

Ай,менің балапаным,

Аралашы далақаным.

Бал, бал балапаным,

Кел,кел балапаным,

Кел, кел, балапаным,

Би билеші балапаным.

Жарайсыңдар! Бойымыз сергіп қалды ма?
Олай болса, жұмысымызды әрі қарай жалғастырайық.

Балалардың жұмыстарын бағалау.

Дидактикалық ойын: «Балапандар»

Мақсаты: Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, зейінділікке тәрбиелеу.

Ойынның шарты: Қай құстың балапандары екенін табуып, сол қорапшаға салу керек.

 

 

Балалар мұқият тыңдайды, түсінеді.

 

 

 

 

 

 

 

Үй құстарына – тауық, әтеш, үйрек, күрке тауық, қаз жатады.

Дала құстарына – сауысқан, бұлбұл, аққу, тырна, қарлығаш, торғай, бүркіт  т.б жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар үш тілде айтады.

Құстар – птицы – birds (Бёдс)

Жұмыртқа – яйца – egg (игг)

Құстардың пайдасы, олардан не алуға болатынын түсінеді.

Слайд арқылы құстардың құрылымын түсінеді.

Жұмыртқа

Балалар жасалу жолына қарай әтештің бейнесін табиғи материалдардан жасап үйренеді.

 

 

 

Шеңберге тұрып, сергіту жаттығуын  балапан қимылымен жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Иә, бойымыз сергіп қалды.

 

 

 

Балалар ойын шарты бойынша балапандардың анасын тауып орналастырады

Рефлекс

ті коррекциялау

шы

Викториналық сұрақтар:

- Тал басында бір үй бар?

- Хат тасушы құс?

- Қай құста мүлде ұя болмайды?

- Аң аулайтын құс?

- Торғайдың жүрегі минутына неше рет соғады?

- Балабақша ауласына қанша ұя жасадық?

Қорытындылау.

Балалар, жұмысымызды аяқтап болсақ, барлығыңызды «жүректен жүрекке» шеңберіне шақырамын.

Балалар, біздер құстарға деген сүйіспеншілігімізді білдірейікші!

Балалар, құстарды аялайық! - деп, балапанды балаларға ұсынады.

 

 

Жарайсыңдар, балалар! Осы сәби жүрегінен шыққан жақсы тілектер қабыл болсын! Құстарымыз сайрап, күніміз ашық болсын!

«Қайырымдылық жасасаң қайырын өзің көресің» деп мақалда айтылғандай әрқашанда қайырымды болайық, балалар!  Осымен оқу іс - әрекетіміз аяқталды.

 

Ұя

Көгершін

Көкек

Бүркіт

960 рет

екі ұя

Балалар жауабы.

Шеңбер құрып, «жүректен жүрекке» шеңберін жасайды.

 

 

 

Балалар бір -  біріне балапанды ұсыну арқылы құстарға деген сүйіспеншіліктерін білдіреді.

 

 

 

 

 

Сау болыңыздар!

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Құстар туралы, олардың тіршілігі мен пайдасы туралы біледі, бүтін және бөліктерді салыстырып,  мүсіндей біледі.

Игереді: құстар туралы жалпы түсініктері болады.

Меңгереді: құстарға қамқор болуды.