Сабақ
Күні:
Сыныбы: МАДС
Мұғалімі: Мулдашева У.С.
Пән: Валеология
Тақырыбы: Ертеңгілік жаттығулар. Дене бітімі дегеніміз не?
Мақсаты:
Ертеңгілік жаттығулардың денсаулыққа пайдасы жөннде айту;
Бала денсаулығының басты кепілі-дене бітімі туралы мағлұмат беру;
Ақыл-ой өрістерін, тәрбиесін қалыптастыру;
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ойын, көрнекілік, әңгімелесу, жаттығу;
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Көрнекілігі: жаттығу, көкөніс,дене бітімінің суреттері;
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Негізгі бөлім
Сергіту сәті
Бекіту
Қорытынды кезеңі
-Сәлеметсіздер ме, оқушылар? Отрыңыздар! Бүгінгі сабақты сендерге мен өткіземін. Менің атым: Айзада. Мені жай ғана «апай» деп атасаңдар да болады.
- Оқушылар кәне енді бәрімз ортаға шығайық. Шаттық шеңберін құрамыз.
Дөңгеленіп тұрайық
Керегені құрайық
Уыққа ұқсап иіліп
Киіз уйге киіліп
Шаңырақты құрайық (оқушылармен бірлесіп өткіземін)
-Бәрекелді, балалар! Ендіорынымызға отырайық. Енді мен мұқият тыңдандар! мен сендерге тыныс алудың жолдарын айтамын.
-Тыныс алу мұрын жолдары арқылы іске асады. Адамдар тыныс алғанда адам өкпесін және ағза клеткаларын таза ауаға толтырады. Егер адамдар таза ауа жұатса, онда оның денсаулығы жақсы, көңіл-күйі көтеріңкі болады.
-Кәнекей барлығымыз тыныс алып көрейікші. Күнделікті жерде де, тіпті егер табиғат аясына шығып тыныс алса, онда адамдар жасарады деп сенген. Сондықтан да адамдар ауырған кезде таза ауаға шығып серуендеген.
-Енді біз орынымыздан тұрып жаттығулар жасайық. Сендер ұйқыдан тұрғанда жаттығулар жасау керек. Алдымен таңертең оянғанда төсектен секіріп тұрмай ояну керек. Содан соң ертеңгілік жаттығулар жасап денемізді шынықтырамыз. Арқамызды, басымызды тік ұста. Отырған кезде дене бітімді дұрыс ұста. Денсаулығын мықты болсын десең таңертеңгі денешынықтыру және спорт жаттығулар мен шұғылданған дұрыс. Әсіресе суда жүзу жүректің және бұлшық еттердің дамуын қалыптастырады.
-Ал қыздардың гимнастикамен шұғылданып, конькимен сырғанауы. Би өнерін меңгеруін дене бітімінің түзу, жүрісініңі әдемі болуына ықпалын тигізеді.
-Балалар сабақта отырғанда, тамақтанғанда теледидар көрген кездерде өз дене бітімін дұрыс ұстап, дұрыс жүре білуді үнемі қадағалау керек.
-Оқушылар енді орынымыздан тұрып өзімізді бір сергітіп алайық.
Орынымыздан тұрайық
Қолды белге қояйық
Бұрыламыз оңға бір
Бұрыламыз солға бір
Бір отырып, бір тұрып
Қолды ашып жұмамыз
Қояндарша секіріп
Бір серігіп алайық
-Бәрекелді онда орынымызға отырайық.
-Оқушылар «Дені саудың-жаны сау» деген мақалды естідіңдер ме№ Яғни денсаулығы мықты адам ол бақытты адам. Ол қоғам қажет ететін мүше. Жалпы біз сол денсаулығымызды қорғай білу үшін күнделікті жаттығулар жасап жүрейік. Оқушылар осы Үнді еліндегі халықтар неге бастарына құмыра салып алып жүреді? Себебі олар денелерін тік ұстап үйренеді әрі дене бітімімз жақсы өседі. Кәне бәріміз орынымыздан тұрып соны салып көрейікші. (оқушылармен шеңберге тұрып Үнділер сияқты жүреміз) бәрекелді Үнділер сияқты жүріпте көрдік.
-Сонымен оқушылар бүгінгі сабағымыз бойынша не түсіндік? Қандай жаттығулар жасадық? (оқушылар жауап береді)
-Сау болыңыздар!