Эксперемент с водой Су-тіршілік көзі

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Білім беру саласы: «Қатынас», «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Айналамен танысу, Жапсыру

Тақырыбы: «Су-тіршілік көзі»

Мақсаты: Балалардың судың қасиеттерімен тәжірбиелер арқылы таныстыру, су туралы білімдерін кеңейту, өз ойларын қорытындылай білуге, салыстыра білуге үйрету. Табиғат құбылысының өзгерістерін көре білуге, оған қамқор жасауға тәрбиелеу.

Билингвалды сыңары: Су-вода, ғаламшар-глобус, құм-песок, қант-сахар,

тұз –соль.

Жылулық шеңбері:

Біз қандаймыз, қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз

Күлімдеген күндейміз

Ренжісуді білмейміз

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де

Қуанайық достарым

Арайлап атқан таңға!



Тәрбиеші:-Балалар, табиғат деген не?

Балалар:- Қоршаған ортамыз

Тәрбиеші:-Табиғат нешеге бөлінеді?

Балалар:-Екіге: өлі және тірі табиғат

Тәрбиеші:-Тірі табиғатқа не жатады? Өлі табиғатқа ше?

Балалар:-Тіріге: ағаш, жануар, өсімдік, жәндіктер.Ал өліге: тас, су, күн, жаңбыр, қар.



Шеңбер ішінде тұрып жұмбақ шешу

Тәрбиеші:-Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекеттің тақырыбы осы жұмбақ шешу арқылы белгілі болады.

Аспаннан домалап, көп моншақ төгілді,

Бусанып аралап, терілді, керілді, бұл не? (жаңбыр)

Жылт-жылт еткен, жылғадан өткен, бұл не? (су)

-Сонымен бүгінгі оқу іс-әрекетіміз су туралы екен. Осы су туралы біз не білеміз?Бүгін судың қандай болатыны жайлы айтып, судың қасиеттерімен танысамыз, судың қандай жағдайда болатыны жайлы зерттеп білеміз.Балаларды өз орындарына отырғызу.

Қане, барлығымыз маған қараймыз, менің қолымда ғаламшар бар.Орысшасы-глобус.

-Қалай ойлайсыңдар ғаламшар деген не? Ғаламшар-кішірейтілген жер макеті. Ол қандай денеге ұқсайды?

-Картада және ғаламшарда су көк түспен белгіленеді. Көк түс-судың түсі, теңіздер, мұхиттар, өзендерді көк түспен белгілейді. Ғаламшарды тезірек айналдырсақ – ғаламшар көк түсті болып көренеді. Неге деп ойлайсыңдар?

-Су барлық жерде кездеседі, сусыз- өмір жоқ.Ауыз суы өте аз.Балалар, біз мұхит, теңіздер суын іше аламыз ба?

Досжан:

Сылдырлайды мөлдір су

Мөлдір суға қолды жу

Тазалықтың досы-

Су дегенің осы.

Ж.Темерлан:

Прожить не могут без воды

Ни люди, ни букашки

И без нее не расцветут

Ни розы, ни ромашки

Леса засохнут и поля

И высохнут все реки

Не сможет без воды Земля

Запомните навеки!

Тәжірбиелер арқылы судың қасиеттерімен танысамыз

1.Түсін өзгертеміз

2.Иісін иіскету

3. Дәмін өзгерту: қант пен тұз қосу

4.Пішінін өзгерту бір стақанға , төгу (үстел үстіне )

Судың түрлері:жаңбыр, мұз, қар көрсету

Судың температурасы: ыстық, суық, жылы

Су туралы мақал-мәтелдерді айтып жіберсек:

Дильназ: «Судың да сурауы бар»

Айым: «Cу-табиғаттың ажары»

Алтынай: «Су бар жерде, өмір бар»

Ернұр:

Су-тіршілік білсеңдер

Судан ырыс күткен жер

Суды лайлап түкір ме

Деп үйретер үлкендер.

Сергіту сәті: Ойын

Тәрбиеші:--Балалар, судың жағасында қандай жәндіктер ұшып жүреді?

Балалар: -Маса, ара, шыбын.

Тәрбиеші:-Балалар! Кәне маса, ара, шыбын болып, бір-біріңе қарсы ұшып,ызыңдаңдаршы. «З» әрпінен қандай сөздер білеміз?

Жапсыру әрекеті: дайын аквариумге балалар әр-түрлі балықтарды жапсырады. Желіммен жұмыс істеу , қауіпсіздік туралы айтылады. Ұжымдық жұмыс.Мадақтау.

















































Катонқарағай ауылдық КМҚК «Айгөлек» балалар бақшасы











Кіріктірілген оқу іс-әрекеті



Тақырыбы: «Су-тіршілік көзі»













Өткізген тәрбиеші:

«Тұлпар» тобы

А.С. Смагулова



Катон ауылы

2013-2014 оқу жылы