Барақ батыр негізгі орта мектебі
Шағын орталық.
Ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекеті
«Мамандықтың бәрі жақсы»
Тәрбиеші:Егізбаева Д.А
2015-2016оқу жылы
Білім беру саласы: “Қатынас”, «Таным»,«Шығармашылық».
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Көркем әдебиет.
Пән аралық байланыс: Тіл дамыту, ән-әуез,қарапайым математика .
Тақырыбы: ”Мамандықтың бәрі жақсы”
Мақсаты:
Балаларды мамандық түрлерімен таныстыру.Ойлау қабілетін дамыта отырып,болашақ мамандыққа байланысты ұғымын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру.Еңбекке құштарлықтарын оятып,үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.Тіл байлықтарын дамытып,әңгіме құрастыруға үйрету.
Әдістері: Түсіндіру, көрсету, сұрақ -жауап,дидактикалық ойын.
Билингвалдық компонент:Дәрігер-врач,сатушы-продовец,аспаз-повар.
Қолданылатын құрал-жабдықтар: Түрлі мамандық суреттері,мамандық иелерінің құралдары,сабақ тақырыбы.
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық
қозғаушы
Таңғы шеңбер ұйымдастыру:
Балалар, бүгін ерекше күн! Біздің тобымызға көп қонақтар келіпті.
Қане, балалар қонақтармен дұрыстап амандасайық!
[pic]
Сәлеметсіздерме?
Здравствуйте!
Үлкенге де «сіз»
Кішіге де «сіз»
Баршаңызды құрметтеп
Бас иеміз біз!
Іздену
ұйымдастырушы
Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір таза көңілмен,
Бүгінгі оқу іс-әрекетімізді бастаймыз.
Бүгінгі ашық оқу іс-әрекетіміз:
«Мамандықтың бәрі жақсы»
Мына суреттерге назар аударайық.
Суреттен не көріп отырсыңдар?
Суреттерде қандай мамандық иелері?
-Балалар бізге ән сабағынан кім береді?
Онда балалар ұстаздарың Зибагул апайларыңмен бір ән айтып берсеңдер.
Ән «Суретші»
[pic]
Мамандық түрлері өте көп,біз жақсырақ танысу үшін автобуспен саяхатқа шығайық.Автобусты жүргізетін адамды кім деп атайды?
-Қане кім жүргізуші болады?
Тәрбиеші балалармен бірге автобусқа отырып саяхатқа шығады.
Балалар ауруханаға келді.Ауруханада дәрігер Гүлнұр апайлары өзінің көмекшілерімен қарсы алды.
Дәрігер балалармен амандасып өз мамандығымен таныстырып өтеді.
[pic]
.
Келесі аялдама асхана болды.Аспазшы Альмира апайлары қарсы алады, балалармен “Дәмін тап” деген ойын ойнады.
Шарты:Көзін жұмып тұрады.Аспазшы апай ауыздарына салған тамақтың дәмін айтып беру керек.
[pic]
Балалар енді мына дүкенге аялдайық.
Дүкенде ойыншықтар өте көп екен.Бұл кісіні кім деп атайды?
Сатушы Гүлнар апайлары балалармен амандасып,балаларға сұрақтар қою арқылы білімдерін байқады.
[pic]
Енді тобымызға оралайық.Сендерге саяхат ұнады ма?
Сергіту сәті
Ұшқыш болып ұшайық,
Тігіншіге ұқсайық.
Дөңгелене би билеп,
Бишіге біз ұқсайық!
Мамандыққа байланысты айтылған тақпақтарға кезек берейік
Мақал-мәтел:
Алуан-алуан кәсіп бар,
таңдай біл де,талап қыл!
«Дұрыс-бұрыс»ойыны.
Шарты:тәрбиеші балаларға әр-түрлі мағынадағы сөздер айтады,жақсы нәрсе жайлы айтылса қолдарын шапалақтайды,жаман болса қолдарын арттарына тығады.
Ән «Ел қорғауға әзірміз»
Дәрігер, шаштараз, дүкенші, тігінші, жүргізуші, полиция, аспазшы т.б.
-Зибагул апай.
-Жүргізуші.
Балалар үлкен қуанышпен саяхатқа барады.
Көмекшілері:
Әдемі:
Мен дәрігер боламын
Үлкеннің де баланың да
Қиналғанда қасына
Бірінші болып барамын
Алихан С:
Іш ауырса,тіс ауырса
Саған дәрі беремін
Барлық бала,барлық ана
Мені жақсы көреді
[pic]
Көмекшісі:
Аружан:
Бармағынан бал тамған
Аспаз болғым келеді
[pic]
[pic]
Қанат:
Сәулетші болғым келеді,
Зәулім үйлер ойлайтын.
Әдемілеп ,өрнектеп
Қарасаң көз тоймайтын!
Балжан
Тәрбиеші болғым келеді,
Сырларындайтүсінген,
бала сырын.
Аянбастан ұрпаққа
Еңбек еткен.
Алихан Ж
Құрлысшы болғым келеді,
Әдемі үйлер салатын.
Қоныстанған ел-жұртым
Рахаттанып қалатын.
Мадияр
Қолда темір қалағым
Саздан сарай қаладым
Алматыдан аумайтын
Әсем қала саламын
Рамиль:
Жолда өткізер көп түнді
Шофер болғым келеді
Назжібек:
Олай болса бәріміз,
Ел қажетін өтейік.
Жасымыз бен кәріміз
Жұмыла еңбек етейік!
Қайталап айтып жаттап алады,мағынасын түсінеді.
Рефлексті
Коррекциялушы
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек:.
Болуы керек:
Баланың қолынан келуі:
«Бүгін біз не білдік?»
-Бүгінгі оқу іс-әрекеті ұнадыма ? Несімен қызықты болды?.
-Қайда бардық?
-Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетімізде сендер өте жақсы қатыстыңыздар.
Мараппаттау.
-Қане балалар қонақтармен қоштасайық .
Мамандықтың барлығы керек екенін
Қабылдауы,есте сақтауы, зейіні, тілдік-сөздік қоры.
Сұраққа дұрыс жауап беру,тапсырманы
орындау
Балалар оқу іс-әрекеттің несімен ұнағаны жайлы айтады.
Мамандықтар әр түрлі болады.
Маман иелерінің еңбектерін көрдік.
[pic]
Сау болыңыздар!
До свидания!